Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түсті революциялардың мемлекеттер егемендігі мен аумактык тұтастыfына каупi

Автор:   •  Май 9, 2023  •  Реферат  •  1,896 Слов (8 Страниц)  •  138 Просмотры

Страница 1 из 8

УДК 321.64

DOI

ТҮСТІ РЕВОЛЮЦИЯЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТЕР ЕГЕМЕНДІГІ МЕН АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҒЫНА ҚАУПІ

*Таджикулов Э.Д.¹,  Ілімқожа А.Е.²

¹Қазақ Қатынас Жолдары Университетінің 4-курс студенті

Алматы, Қазақстан, ershad.tadzhikulov@mail.ru

²Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ докторанты,

Алматы, Қазақстан, a.ilimkozha@mail.ru

        Бұл мақалада түрлі-түсті революциялардың қазіргі мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігі мен егемендігіне қаупі, сондай-ақ Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және ТМД елдеріндегі саяси режимдерді мәжбүрлі түрде ыдыратуды ұйымдастыру жайында айтылады. Зерттеу жұмысында АҚШ пен Батыс елдерінің саяси рөлі айқындалады. Бұл аймақтарда түрлі-түсті революция технологияларын қолданудың тікелей салдары, саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық болып табылады. Батыстан бөлек тәуелсіз саясат жүргізетін мемлекеттерге, түсті революциялар кең көлемде қауіп төндіреді. Бұндай күрделі жағдайда аталған мемлекеттеріміз бір-бірімен қарым-қатынасты күшейтіп барынша экономикалық ахуалын дұрыстау керек.

        Тірек сөздер: демократия, батыс, революция, саяси режим, дағдарыс, хаос, технология, постсоветтік кеңістік, тұрақсыздық.

 Соңғы жылдары түрлі-түсті революцияларға қатысты мәселелер қоғамдық-саяси және ғылыми ортада ерекше қызығушылық тудырды. XX ғасырдың соңғы жылдарынан бастап саяси режимді ыдырату және бүлік шығару технологиялары Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және ТМД елдерінде сәтті жүзеге асырылды. Бұл процесс бүгінде жалғасуда. Дәл осы сияқты революциялар қазірде Қазақстан Республикасының саясаткерлері мен белсенділерін назарын аударып отыр. Сол үшін де әр бір Қазақстан азаматы «Оранжевая революция» технологиясының табиғатын, мәнін, қозғаушы күштерін ұйымдастырылуы себептерін білуі міндетті болып саналады. «Оранжевая революцияны» тудыратын басты қауіп, тәуелсіз мемлекеттердің, әсіресе батыстан тәуелсіз ұлттық саясатты жүргізетін мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығына қаупі болып табылады. Мұндай мемлекеттердің қатарына Ресей Федерациясы, Орта Азия мемлекеттері жатады.

Батыстың (АҚШ пен одақтастарының) пікірінше, түрлі-түсті революциялар демократияландыру құралы болып табылады және авторитарлық режимдері бар елдерде және демократияның өтпелі формалары бар елдерде демократиялық бостандықтарды қалпына келтіруге ықпал етеді. Шындығында, заңды мемлекеттік билікті күшпен басып алу, яғни мемлекеттік төңкеріс жиі орын алады. Түрлі-түсті революция технологиялары арқылы жүзеге асырылған мемлекеттік төңкерістің нәтижесі саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздықты туындатады. Ең нашар жағдайда бұл ел сыртына шығып, бүкіл бір аймақты тұрақсыздандырады. Саяси режимдерді ыдыратып жоққа шығара отырып, түрлі-түсті революциялар басшылары қоғамға да, мемлекетке де «демократияландырудың» абстрактілі ойынан  басқа ештеңе ұсынбайды. Олар қоғамды батыстық либералды демократияның стандарттары мен құндылықтары арқылы біріктіруді түсіндіреді. Конституцияға қарсы төңкеріс кезінде билікке мемлекеттік басқаруда тәжірибесі жоқ шашыраңқы олигархиялық немесе экстремистік топтар келеді. Атап айтылған демократияландыру үдерісі араб елдерінде мемлекеттік институттардың ыдырауына және тұрақсыздыққа алып келді. Нәтижеде демократияны қайта құрудың орнына билік радикалды исламшыл ұйымдардың қолына өтті. Терең жүйелік дағдарысқа тап болған жаңа билік шиеленіскен жағдайды жеңе алмады. Ал экономиканы қалпына келтіру және әлеуметтік-саяси тұрақтандыру туралы сөз болған кезде сол бүлікті ұйымдастырушылар қателескенін мойындады.[2, 54-57б.]

Бұл қағидатты зерттеу кезінде түрлі-түсті революциялар басшыларының мүддесі үшін жүзеге асырылатындығын ескеру қажет. Бұған бір жарқын мысал бола алатын ел - Ливия, және сол аймақтағы оқиғаның қалай өршігені. Мемлекеттегі ішкі жанжалдарға сыртқы күштердің араласуы нәтижесінде азаматтық дағдарыс бүкіл елді қамтиды. Төңкерісті ұйымдастырушылар халық арасына кіріп, халықты билікке құлақ салмауға үгіттейді және араңдатушылық іс-қимылдарды белсенді түрде жүргізеді. Ал шын мәнінде бұл мемлекетте дағдарыс туындатуға бағытталған алдын ала дайындалған қойылым болды.

...

Скачать:   txt (26.6 Kb)   pdf (133 Kb)   docx (16.5 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club