«Joy travel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Астана қаласы
Автор: kakimovab • Октябрь 2, 2018 • Курсовая работа • 11,673 Слов (47 Страниц) • 905 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Кафедра «Туризм»
Экономика факультетінің
5В090200 -«Туризм» мамандығы, тур-35 тобының студенті
Какимова Бақытнұр Асылболатқызы
оқу (халықаралық) тәжірибесі бойынша
ЕСЕБІ
Тәжірибе орны : «Joy travel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Астана қаласы
Кафедра атынан тәжірибе жетекшісі: Жұбатқан Ж. С.
Кәсіпорын атынан тәжірибе жетекшісі: Жунусова Ж.Ж.
Астана 2018 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ................................................................................................................ | 3 |
1. ҚР ТУРИСТІК ФИРМАЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ | |
1.1 ҚР-да туристік фирмалардың жағдайы және қызметінің ерекшеліктері. | 5 |
1.2 Қазақстанның туристік салада даму болашағы.......................................... | 8 |
2. «JOY TRAVEL» КӘСІПОРЫНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІМЕН ТАНЫСУ | |
2.1 «Joy travel» кәсіпорынның жалпы сипаттамасы мен мақсаттары............. | 17 |
2.2 «Joy travel» кәсіпорынының басқару құрылымы мен персонал қызметімен танысу..................................................................................................................... 19 | |
2.3 «Joy travel» кәсіпорында практика өту барысында жасалған жұмыстар | 27 |
2.4 Кәсіпорынның маркетингтік іс-әрекетін талдау......................................... | 31 |
3.ҚР ТУРИСТІК ФИРМАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ | |
3.1. ҚР туристік фирмалардың қызметін жетілдіру жолдары......................... | 41 |
3.2. «Joy travel» кәсіпорынының қызметін жетілдіру....................................... | 40 |
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... | 43 |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................... | 45 |
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................. | 46 |
КІРІСПЕ
Оқу (халықаралық) практиканы мен Какимова Бақытнұр Асылболатқызы Астана қаласында орналасқан Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік «JOY TRAVEL» туристік фирмасында 4 маусымнан -16-шы маусым аралығында өттім. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – деп бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің міндеттемелері және залалдар бойынша өздері қосқан салымдарының құны шеңберінде жауап беретін серіктестікті айтамыз. Бұл фирма Қазақстан Республикасының туризм нарығында 2008 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Олар элитті турлар, ішкі туризм, сыртқы туризм, ТМД елдері бойынша турлар, ҚХР визаларын жасау, шоп-турлар ұйымдастыру, брондау авиа және темір жол билеттерін сатумен және т.б. қызметтермен айналысады. Практика барысында мен бұл фирма жайлы көптеген ақпараттар алдым, басқару құрылымымен, кәсіпорынның қаржылық есебімен, кәсіпорын қызметкерлерімен таныстым. Туристерге телефон арқылы ақпараттар бердім, яғни жолдамалардың қанша тұратындығы, қандай қызметтер ұсынылатындығы, жол ақысы қанша екендігі, офистің қайда орналасқандығы жайлы айттым. Туристерге ұсынылатын брошюралар, каталогтар, буклеттер, журналдар, дискілермен таныстым. Туристік фирма көптеген басқа туристік фирмалармен ынтымақтастық келісім-шартта тұрады екен. Сол келісім-шарттармен де таныстым. Интернет арқылы жұмыс істеуді үйреніп, тапсырыстар қабылдап, бірнеше жолдамалар жасадым. Кәсіпорынның туристерге баруға ұсынатын жерлер жайлы көптеген ақпараттар алдым, көп нәрсені үйрендім. Қайда баратындығын білмейтін туристерге бағыт-бағдар беріп, қайда демалуға болатындығын айтып, демалыс үйлері жайлы толық ақпараттар бердім. Өндірістік практикам үш бөлімнен тұрады. Олардың әрқайсысы үшке бөлінген. Осы бір айлық кәсіптік өндірістік практикама толығырақ тоқталып өтелік.
...