Астана қаласы- жаңа мемлекет символы
Автор: les.aruzhan • Апрель 27, 2019 • Реферат • 2,949 Слов (12 Страниц) • 725 Просмотры
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Астана қаласы- жаңа мемлекет символы.
2. Астанадағы мәдениеттің өркендеуі.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мемлекет жүрегі оның астанасында соғады. Бұл бұлжымайтын ақиқат. Бүгінгі Астана негізі мыңжылдықтар тоғысында қаланып, санаулы жылдар ішінде-ақ ғаламат сұлу заманауи шаһарға, нағыз урбанистік жауһарға айналып шыға келді. Еліміздің жаңа астанасын- бүкіл Қазақстан халқының арманынан туған ортақ перзенті десе де болғандай. Қазақстанның жаңа астанасын құру жөніндегі стратегиялық бастаманы мемлекет Басшысы көтерді және аталмыш ой 1992-1993 жылдар тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде алға тартылды. Астананы мемлекеттің географиялық орталығына жақынырақ жерге орналастыру тосыннан қабылдана салмады. Бұл шешімнің қабылдануына (сол кезде Америкада тұратын) Александр Солженицының 1990 жылдың күзіндегі «Ресейдің тұрмысын қалай түзейміз?» деген кең етек жайған үндеуі белгілі бір рөл ойнады. Жазушы КСРО орнына Ресей, Беларусь, Украина сондай-ақ Солтүстік Қазақстан жерін біріктіретін славян мемлекеті- Ресей Одағын құруды ұсынды. Сол мақаласында Қазақстанды «...Ресейдің құрамындағы Оңтүстік Сібір, Оңтүстік Орал жерлеріне иорналасқан далиған жерлерде қазақтардың саны жартыдан төмен,» деп ұлт арасына іріткі тастайды. 1993жылы Целиноград қаласында славян қоғамдарының бірлескен съезі өтеді де, олар Целиноград қаласын Қазақстандағы славяндардың астанасы деп шешім қабылдайды. Әрине, бұл ешқандай заңға да, қоғамдық ұғым түсінікке де келмейтін шешім. Бұл съезді ұйымдастырушылар да кінәларын тез арада мойындайды. Дегенмен, бұл халық ішінде тез таралып, саны аз қазақ халқына үрей туғызды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан қиын жағдайға тап болды. Солтүстік облыстардың ірі өндірістік кәсіпорындарының көп бөлігі тапсырыстар мен жеткізілімдерден қағылды, жұмыссыздық өсті. Қоғамда бірлік болмады. Осындай қиын жағдайда еліміз бен ұлтымыз үшін жаңа болашағы зор жоба қажет болды және мұндай жоба жаңа астананы құру болды. Қаланың, болашақ Астананың өткен тарихы Қараөткел мекенінде оның алғашқы тастары қаланған уақытта 1830 жылдан бастауын алады. XIXғасырда Ақмола алғашында әскери қамал болған, ал қала мәртебесіне 1862жылы қол жеткізді. Кейіннен Ақмола қаласы Орта Азияны, Сібір мен Орал аймағын байланыстырушы өлкенің сауда-экономикалық орталығына айналды. 1961жылы тың жерлерді белсенді түрде игеру кезеңінде қаланың аты Целиноград болып өзгертілді. Ақмоланың географиялық жағдайы өте қолайлы еді. Қала еліміздің негізгі экономикақ аймақтарын байланыстыратын ірі көлік қатынасы торабында орналасқан. Алматының халық саны сол жылдардың өзінде күрт өскен еді. Алдағы он жылда халық симау қаупі болғаны да астананы ауыстыруға себеп болды. 1990-шы жылдардың басында жаңа астана жбасының келешегі зор, ерекше батыл жоба екенін айтып, әділ баға бергендер аз болды. Бір қарағанда тосын жаңалық сияқты көрінсе де, аз уақыттың ішінде көптеген жетістіктерге жетті.
Астана қаласы- жаңа мемлекет символы
Мемлекеттік астананың тағдыры жөніндегі мәселе 1994 жылдың 6 шілдесінде Жоғарғы Кеңесте талқыланды. Сол күні Үкімет «Қазақстан республикасының астанасын көшіру жөнінде» тарихи шешім қабылдады. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Жарлығы және Парламент қаулысымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. Ал 1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды. Болашақ астана 1990-шы жылдары қиын кезеңді бастан өткерді Мұнда электр желісі, газ және су жиі өшіріліп тұрды. Бастапқы кезеңде ғана, сарапшылардың есептеуі бойынша, астана құрылысына шамамен 10млрд. АҚШ доллары қажет болды. Қаражат мемлекет және бизнес-құрылымдардың қаржысы есебінен құралған «Жаңа астана» арнайы қорында шоғырланды. Егемен Қазақстанның жаңа астанасында көркемдік маңызы мен ауқымы жөнінен қала орталығының бірегей сәулеттік ансамблі бой көтерді. Оның құрамындағы ең басты туынды – Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Резиденция қала құрылысы ансамблінің композициялық және мазмұндық орталығы болып саналады. Астана сәулеттік кешенінің басты өзегін құрайтын негізгі орындары ретінде «Хан Шатыр» – «Бәйтерек» – «Ақорда» – «Бейбітшілік және келісім сарайы» – «Қазақ Елі» монументі бой көрсетеді. Сәулеттік ансамбльдің композициялық өзегі Ұлы даланың дәстүр сабақтастығының сақталуы идеясын, еуразиялық толеранттылық мәдениеттің жалғасуын және бүгінгі әлемдік өркениет биігіне ұмтылған қуатты Қазақстанның жасампаздығын нақтылы түрде айшықтап көрсетеді.
...