Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Практикалық жұмыс «DASTAR CO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Автор:   •  Октябрь 8, 2018  •  Реферат  •  6,175 Слов (25 Страниц)  •  640 Просмотры

Страница 1 из 25

Мазмұны

Кіріспе «DASTAR CO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жайында жалпы мәлімет

I – тарау. Активтердің есебі

II – тарау. Міндеттемелер мен капитал есебі

III – тарау. Қаржылық есептілікті ұсыну

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

«DASTAR CO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жайында жалпы мәлімет

Жеке меншікке негізделген «DASTAR CO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2003 жылдың наурыз айынан бастап қызмет істеп келеді. Серіктестіктің негізгі қызмет түрлеріне мыналар жатады:

- Сатып алу – сату қызметі;

- Делдалдық қызмет;

- Консалтинг қызметі және т.б.

Серіктестіктің Алматы қаласындағы «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамында ашылған ағымдағы шоты бар. Салық төлеуші ретінде Алматы қаласының Алмалы аудандық салық комитетіне тіркелген. СТН №620200256533.

Оның қаржы-шаруашылық қызметі тұрақты түрде жүзеге асырылып отырады, себебі кәсіпорынның сатып өткізетін тауарлары және қызметтері бүгінгі таңда қала тұрғындарының үлкен әлеуметтік сұранысына ие болып отыр.

1.1 «DASTAR CO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйым-дық құрылымы және қаржы-экономикалық жағдайы

«DASTAR CO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экономикалық даму жағдайын оның соңғы жылдардағы негізгі экономикалық көрсеткіштері арқылы сипаттауға болады.

Төмендегі кестеде (1.1) «DASTAR CO» жауапкершілігі шектеулі серік-тестігінің 2016-2017 жылдардағы шаруашылық қызметінің негізгі эконо-микалық көрсеткіштері келтірілді.

Кесте 1.1

«DASTAR CO » жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2016-2017 жылдардағы негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер 2016 2017 Ауытқулар (+,-)

Жұмысты, қызметті сатып-өткізуден түскен табыс, теңге

1491102

2668953

+1177851

Сатып-өткізілген жұмыстың, қызметтің өзіндік құны, теңге

1252060

1582420

+330360

Негізгі өндірістік құралдардың құны, теңге 375517 273147 -102370

Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам

32

41

+9

Таза табыс, теңге -278450 -169880 -108570

* Кәсіпорынның қаржылық есептілігінің мәліметтері негізінде құрылды

Кестенің мәліметтерінен серіктестікте есепті жылы жұмыстарды атқару мен қызмет көрсетуден түскен табыс өткен жылмен салыстырғанда 1177851 теңгеге көбейгендігін көреміз. Бұл көрсеткіш атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемінің үлкеюімен байланысты болып отыр.

Серіктестіктің өндірген өнімдері мен көрсеткен қызметтерінің өзіндік құны 2017 жылды өткен жылмен салыстырғанда 330360 тенгеге жоғарылаған. Өзін-дік құнның жоғарылауы да жоғарыда аталған себептерден туындап отыр.

Негізгі өндірістік құралдардың құнының төмендеуі кейбір жабдықтардың тозығы жетіп, істен шығуымен түсіндіріледі, яғни есепті жылды (2017) өткен жылмен салыстырғанда негізгі өндірістік құралдардың құны 102970 теңгеге төмендеген. Серіктестіктің жұмыскерлерінің саны есепті жылда 9 адамға көбейген.

«DASTAR CO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық қыз-метінің қаржылық нәтижесі де жылдан-жылға төмен. Егер серіктестік өзінің шаруашылық қызметінен 2016 жылы 278450 теңге зиян шеккен болса, есепті жылы кәсіпорынның зияны 108570 теңгеге азайып 169880 теңгені құраған (сурет 1.1).

Сурет 1.1 - «DASTAR CO » жауапкершілігі

...

Скачать:   txt (78.2 Kb)   pdf (188.5 Kb)   docx (42.9 Kb)  
Продолжить читать еще 24 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club