Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық, әлеуметтік және саяси әлеуеті

Автор:   •  Март 17, 2022  •  Реферат  •  2,485 Слов (10 Страниц)  •  395 Просмотры

Страница 1 из 10

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық, әлеуметтік және саяси әлеуеті.

Орындаған: Афиева А.Ғ.

Қабылдаған: Мылкайдаров А. Т.

Алматы 2022

Жоспары

Кіріспе.....................................................................................................................3 Негізгі бөлім

1. Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы...................................4 2. Қазақстан Республикасының әлеуметтәк жағдайы.........................................6 3. Қазақстанның саяси жағдайына сипаттама......................................................8 Қорытынды............................................................................................................10 Пайдаланған әдебиеттер………………………………………………………...11

Кіріспе

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Біздің өмірімізді түбегейлі өзгертіп, Қазақстан тәуелсіздікке ие болған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының тарихқа озғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Сана мен сезімнің шиеленісі мен ширығуы жағынан бұл ерекше жылдар болды. Бұл біздің мемлекетіміздің алдағы жүрер жолын айқындайтын аса маңызды шешімдер қабылданған жылдар болды, сол кезде қабылданған бір ғана бұрыс шешім еліміздің жүрер жолының бағыт-бағдарын елеулі өзгеріске ұшыратуы әбден ықтимал еді.

Әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуал шын мәнінде сын көтермес күйде еді. Қазақстанның экономикалық және саяси мүмкіндіктері сырттан осылай бағаланды: экономикасы әлжуаз, қазынасы бос, саяси жүйесі балаң, Кеңестер Одағы заманының Конституциясы бойынша өмір сүріп жатқан, одан бар болғаны белгілі бір әскери әлеует қана еншілеген ел саналдық. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.

Экономикалық және әлеуметтік жедел жаңару бағыты Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамудағы өзінің көшбасшылығын одан әрі сақтап, сол арқылы капиталды, инвестициялар, технологиялар мен білімді, білікті кадрларды тарту орталығына айналуына мүмкіндік туғызуға тиіс. [1]

Қазақстан Республикасының географиялық орны

Қазақстан Орталық Азияда, Еуразия материгінің қойнауында орналасқан. Оның аумағы 2 724 900 шаршы км. Ауданы бойынша Қазақстан әлемде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралиядан кейін 9-шы орында; аумағы бойынша ТМД елдері арасында екінші орында. Қазақстанның аумағы Еуропалық Одақтың 12 елінен үлкен. Қазақстан Қытаймен – 1782,8 км, Қырғызстанмен – 1241,6 км, Түркіменстанмен – 425,8 км, Өзбекстанмен – 2351,4 км, Ресей Федерациясымен – 7591,0 км шекаралас. Құрлықтағы шекаралардың жалпы ұзындығы 13392,6 км. Оны ішкі Каспий және Арал теңіздерінің сулары шайады. Бірақ мұхиттардан шалғай және үлкен аумақ климаттық жағдайларға әсер етеді. Елдің климаты шұғыл континенттік. Қаңтардың орташа температурасы -19-дан -4 0С-қа дейін, шілденің орташа температурасы +19-дан +26 0С-қа дейін. Қыста ең төменгі температура -45 0С, ең жоғары +30 0С. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қазақ тілімен қатар орыс тілі қолданылады. Қазақстан территориясының 26%-ын дала алып жатыр. 167 млн ​​га шөл (44%) және жартылай шөлдер (14%), ормандар – 21 млн га.

Қазақстанның ресми валютасы – теңге (1993 ж. қарашадан). Атауы түркілердің «денге» сөзінен шыққан – орта ғасырларда түріктердің шағын көлемді күміс теңгелері осылай аталды .

Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы

Қазақстан экономикасы Орталық Азиядағы ең ірі экономика болып табылады. Елде мұнайдың, сонымен қатар пайдалы қазбалар мен металдардың орасан зор қоры бар. Мал шаруашылығы мен астық шаруашылығын қолдайтын кең дала жерлерімен, сондай-ақ Халықаралық ғарыш станциясына ғарыш аппараттарын ұшыруды қолдайтын дамыған ғарыштық инфрақұрылымымен Қазақстанның ауыл шаруашылығының айтарлықтай әлеуеті де бар.

...

Скачать:   txt (37 Kb)   pdf (145.8 Kb)   docx (19.7 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club