1995 ж Қазақстан Республикасының конституциясы негізгі сипаттары және ерекшелектері
Автор: Тимур Башаев • Июль 3, 2020 • Курсовая работа • 7,015 Слов (29 Страниц) • 1,639 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинирг
Университеті
«Бизнес және құқық» факультеті
«Құқықтану» кафедрасы
Курстық жұмыс
Пәні: Конституциялық құқық
Тақырыбы: «1995 ж Қазақстан Республикасының конституциясы негізгі сипаттары және ерекшелектері»
Орындаған: ЮП-18-7
Студенті Сарсенбаев.А.А.
Рецензент: з.ғ.к. доцент
Абилшеева Р.К.
Ақтау 2019 ж.
Сарсенбаев Атажан ЮП-18-7
Тақырыбы: 1995 ж Қазақстан Республикасының конституциясы негізгі сипаттары және ерекшелектері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ...............................................................................................................
1 Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы
1.1 Конституциялық құқықтың бастаулары мен қайнар көздері.....................
1.2 Конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы.....................................
1.3 Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері және Қазақстанның конституциялық дамуы...............................................................
2 ҚР конституциясының (1995 ж) негізгі ерешеліктері мен маңызы
2.1 1993 жылғы Конституция және оның ерекшелігі........................................
2.2 ҚР президентінің 1995 жылғы конституциялық реформаның қажеттілігі туралы пікірі......................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................
Кіріспе
Әрбір мемлекетте жазылған да, жазылмаған да конституциялар болады. Әдетте, конституцияда мынадай үш түрлі мәселе бекітіледі: мемлекеттік және қоғамдық құрылыс, адамның немесе азаматтың құқықтық мәртебесі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметтік жүйесі. Бұлар қоғам үшін ерекше маңызге ие. Сондықтан да, конституцияны мемлекеттің негізгі заңы деп атайды. Мәніне, реттейтін мәселелердің маңызына қарай, ол құқықтық жүйеде шешуші рөл атқарады. Әділетті өмір орнату жолындағы ізденістердің барысында конституция 17-18 ғасырларда өмірге келген. “Конституция” латыншадан аударылғанда “құрылыс” деген ұғымды береді. Оның мәнін қазақшаласақ, өміріміздің, тыныс-тіршілігіміздің, ел-жұрт болып бірігіп мемлекет құруымыздың тетігі. Міне, осындай конституция алғаш рет Англияда 1679 және 1688 жылдары құқықтар жөніндегі билль деген атпен қабылданған. Жазбаша конституция ең алғаш 1787 жылы АҚШ-та, одан кейін 1791 жылы Франция мен Польшада өмірге келген. Ал Қазақстанда тұңғыш рет 1924, одан кейін 1937, 1978, 1993, 1995 жылдары жазбаша түрде қабылданды. Оған дейін қазақ қоғамында конституциялық идеялар Қасым ханның – қасқа, Есім ханның – ескі жолы, Тәуке ханның Жеті Жарғысында өз көрінісін тапты. Ал қазіргі қолданылып жүрген Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған. Оған дейін, яғни Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 28 қаңтарда өзінің алғашқы Ата Заңын қабылдаған болатын. Бірақ 1993 жылғы Конституция ескі әкімшілік, әміршілдік қоғам ережелеріне, көбінесе кеңестік демократия қағидаларына негізделгендіктен, жаңа қоғам өмірінің талабына жауап бере алмады. Онда адам құқықтары мен бостандықтары, оларды жүзеге асыру қағидалары, мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру нысандары, басқару саласындағы демократиялық институттардың қызметі жете көрсетілмеген еді. Міне, осыған орай өмірдің өзі 1995 жылғы Конституцияны қабылдауды қажетсінді. Бұл жаңа Конституцияның ерекшеліктері мен артықшылықтары мынадай: біріншіден, заң шығарушы, атқарушы сот билігін белгілеп, олардың құзіретін, жұмыс істеу тетігін, өзара іс-қимыл бірлігін заң тұрғысынан айқындап берді. Екіншіден, өкімет билігінің аталған тармақтарға бөлінуі – мемлекеттік лауазымды адамдардың, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермейді. Үшіншіден, мұнда құқық пен жауапкершілік ұғымдары пара-пар көрсетілген. Сондай-ақ, бұрынғы Конституцияда шешімін таппаған мемлекеттіліктің мәні, жер, тіл, азаматтық, Парламенттің қос палаталы жүйесі, Президенттің құзыры, сот төрелігінің қызметі, Конституциялық Кеңестің өкілеттілігі сияқты күрделі мәселелер заңдылық тұрғысынан өз шешімін тапқан.
...