Су- тіршілік көзі
Автор: bil.nege • Сентябрь 19, 2021 • Доклад • 425 Слов (2 Страниц) • 504 Просмотры
Ұйымдастырылған оқу қызметінің техналогиялық картасы.
Білім беру саласы:Қатынас.
ҰОҚ:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Су- тіршілік көзі.
Мақсаты: Балаларға күнделікті судың пайдасы жөнінде айтып түсіндіру,суды үнемдеп
пайдалануға шақыру.Жер бетінде сусыз тіршілік болмайтынын айту.Судың
қасиеттерімен таныстыру.
Оқу іс-әрекет кезеңдері. | Педагогтің іс-әрекеті. | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық Қозғаушы.
Іздену Ұйымдастырушы | Шаттық шеңбері Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты Қайырлы таң балалар.! Қайырлы таң апайлар! -Сәлеметсіздер ме! - Здравствуите! -Good morning! -Балалар,көңіл- күйлерің қалай? Олай болса жақсы көңіл -күймен бүгінгі ашық оқу қызметімізді бастайық. Білім беру саласы: Әлеумет. Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: «Су- тіршілік көзі» -Балалар біз суды білеміз бе? -Судың түсі қандай? -Судың иісі болама? -Біз күнделікті суды не үшін пайдаланамыз? Иә дұрыс айтасыңдар сусыз тіршілік жоқ. Ал су туралы кім мақал біледі? Балалар тақтаға қарайықшы,мына жер шар қартасындағы көк түспен боялған жер-сулы жерлер. Мұхиттар,өзендер,теңіздер,көлдер,жалпы ғалымдардың айтуы бойынша әлемнің 4 тен 3бөлігін су алып жатыр екен. Тақтаға сызып көрсетейін. Мына менің қолымда балалар жер шарының кішкентай етіп көрсетілген түрі бар. Оны « глобус» дейміз. Қане,балалар бірігіп қайталап айтайықшы. Бұл балалар.бүгінгі жаңа сөзіміз. Енді балалар біз күнделікті балабақшаға келгенде суды не үшін пайдаланамыз екен, слайд арқылы көріп тамашалайық.. Сергіту сәтін ұйымдастыру. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Кім жылдам?» Жарайсыңдар балалар!Біраз тынығып алдық. Енді тәжірибе жүзінде судың қасиеттерін көрсетейін: Судың үш қасиеті бар. 1.Сұйық 2.Қатты (мұз) 3.Бу Балаларға мұз күйінде және қайнаған кезде бу пайда болатынын көрсете отырып түсіндіру. Мысалы жаңбыр жауғанда су жерге тамшы болып түседі.Ол күннің сәулесімен бу болып ұшып, бұлт пайда болып қайта жерге жаңбыр болып жауады.Міне балалар көрдіңдер ме?табиғатта судың қасиеттері жиі-жиі кездеседі.Халқымыз «су- тіршілік көзі» деп бекер айтпаған. Дидактикаық ойын: «Кім тапқыр?» Мен сіздерге жасыл және көк түсті жолақша қағаз беремін. Қазір сендердің тапқырлықтарыңды және шапшаңдықтарыңды тексерейін.Мен егер суда мекендейтін тіршілік иелерін айтсам сендер қолдарыңдағы көк жолақты көтересіңдер,егер құрлықта жүретін жәндіктерді айтсам жасыл жолақты көтересіңдер. | Балалар қайталап орындайды. Балалар үш тілде амандасады. Жақсы . -Иә -Мөлдір -Жоқ -Ішеміз -жуынамыз,тамақ пісіреміз -гүлге құямыз -«Судыңда сұрауы бар» «Сулы жер -құрақсыз болмас,Таулы жер- бұлақсыз болмас. Балалар тыңдайды. -Глобус Балалар слайдты тамашалайды. Тәжірбиені балалар тамашалайды. Балалар ойынға түгелдей қатысады. |
Қорытынды. | Балалар енді су туралы тақпақ жаттайық. Су табиғат байлығы. Өзен көлге барғайсың, Кемі екі рет әр күні. Суға түсіп алғайсың. Балалар оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін сіздерді марапаттаймын. Балалар енді апайлар мен үш тілде қоштасайық. Сау болыңыздар! Досвиданья! Good bay! | Балалар қайталап айтады.
Балалар үш тілде қайталайды. |
...