Жерді бағалау және жылжымайтын мүлік
Автор: molyaales • Ноябрь 10, 2022 • Реферат • 757 Слов (4 Страниц) • 249 Просмотры
Дәріс 4
«Жерді бағалау және жылжымайтын мүлік» пәнінің мақсат мен міндеттері. Жылжымайтын мүлік түсінігі, мазмұны
Жерді қорғау - жерге байланысты әртүрлі әрекеттерге қойылатын талаптар жүйесі болып табылады. Жерді қорғау талаптары басым түрде жерлердің сапалық қасиеттерін қорғау мен қалпына келтіруге бағытталады.
Жерді тиімді пайдалану – ол әрқашанда, жерлерді тиісті түрде қорғау, мақсатына қарай пайдалану және экологиялық талаптарды сақтау болып танылады.
Жерді қорғау мақсаттары:
1) Экологиялық қауіпсіз өндіріс технологиялардың тиімділігін арттыру және орманды суғару шараларды өткізу арқылы жерлердің бұзылуы мен құлдырауын және шаруашылық әрекеттердің өзге де жағымсыз салдарын болдырмау;
2) Бұзылған және құлдыраған жерлерді жаңғырту және жақсартуды қамтамасыз ету;
3) Жерді тиімді пайдаланудың экологиялық нормативтарын тәжірибеге еңгізу
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау
Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу қызметі жүйесінде ерекше рольді мемлекеттік бақылау атқарады. Жер қатынастарын реттеудегі мемлекет қызметінің біртұтас бөлігі бола тұра, жерлерді қорғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылау жер-құқық нормаларының жүзеге асырылуының және жер құқықтық тәртібінің қамтамасыз етілуінің кепілдігі болып танылады.
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
Жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылауды өкілдік және атқару органдарының жүйесі және арнаулы уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Жалпы уәкілеттілігі бар органдарға: Президент, Парламент, Үкімет және жергілікті өкілдік пен атқару органдары жатады.
Арнаулы уәкілеттілігі бар органдраға: жер ресурстарын басқару агенттігі және оның аумақтық органдар жүйесі, жер инспекциялары жүйесі, табиғи ресурстармен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі министрліктер жатады.
Жер қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтар
1. Жер құқық бұзушылықтарының ұғымы.
2. Жер құқық бұзушылықтарының құрамы мен негізгі түрлері
ЖЕР ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
Жер құқық бұзушылығы дегеніміз – ол заңсыз, құқыққа қайшы және жалпы алғанда кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік. Ол жерді пайдалануға қойылатын заң талаптарды орындамау немесе бұзу және заңды жауаптылықтың туындауына әкелдіретін негіз болып табылады.
Жер құқық бұзушылықтарының субъектілері:
Жер құқық қатынстарының қатысушылары болып табылатын және болмайтын азаматтар, лауазымды тұлғалар мен заңды тұлғалар, мемлекет, мемлекеттік басқару органдар мен әкімшілік-аумақтық бөліністер.
Жер құқық бұзушылықтарының объектілері:
Мемлекетпен белгіленген мемлекеттің жер құқықтық тәртібін, жерге меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық қатынастар кешені.
Жер құқығы қатынастарының мазмұны ол оның субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің өзара байланысы болып табылады. Олар: иелік ету, пайдалану және билік ету, яғни объектіге иелік етуге байланысты құқықтар мен міндеттер, объектіні пайдалануға қатысты құқықтар мен міндеттер. Бұл құқықтар өзара байланысты болғанымен, өзінің мазмұны бойынша әртүрлі сипатта болады.
...