Географиядағы зерттеу әдістері
Автор: moldaar • Сентябрь 29, 2023 • Реферат • 779 Слов (4 Страниц) • 218 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Географиядағы зерттеу әдістері
Орындаған:Амирхан Мөлдір
Тексерген:Арыкбаева.К.М
Астана 2023
Мазмұны
Кіріспе ........................................................................................................................................... 3
Негізгі бөлім ................................................................................................................................ 3
Қорытынды .................................................................................................................................. 4
Пайдаланған ақпараттар ............................................................................................................. 5
2
Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері
Әр ғылым саласында зертеу әдістері оның даму барысына, зерттеу пәні мен мақсатына, теорияның даму деңгейіне байланысты қалыптасады.
Негізгі топтары:
1.Далалық әдістер- белгілі бір маршруттар бойымен жүріп өту және сипаттаулар жасау,өлшеу жұмыстарын жүргізу барысында зерттеу нысаны туралы деректер жинақтау және өңдеу әдістері.
Далалық әдіс[pic 1][pic 2]
Экспедициялық Стационарлық
Мерзімдік сипатта Тұрақты сипатта
2.Картографиялық әдістер-картаны дереккөз ретінде,яғни онда бейнеленген нысандар,құбылыстар мен үдерістерді жаңа білім алу үшін пайдалану әдісі.
3.Модельдеу әдісі- бұл зерттеудін таңдап алынған мақсаты үшін неғұрлым маңызды сапасын және қасиеттерін айқындайтын үдеріс,құбылыс туралы қарапайым түсінік беретін,жасанды жолмен құрастырылған нысан.
Сөздік Модельдеу әдісі математикалық[pic 3][pic 4][pic 5][pic 6][pic 7][pic 8]
Картографиялық Материалдық
құрылымдық графикалық
3
4.Салыстырмалы-географиялық әдіс-екі нысанды,аумақты,құбылысты әртүрлі сандық және сапалық қасиеттері бойынша салыстыру жүйесі.Бұл әдіс Геродот,Страбон,Аристотель еңбектерінде қолданылған.Ғылыми тұрғыда салыстырмалы-географиялық негізін неміс ғылымы,әйгілі саяхатшы А.Гумбольд қалаған.Ол осы әдісті қолданып,табиғат кешендерінің басты заңдылықтарын анықтады.
...