Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ауызша деректердің аймақты зерттеу көзі ретінде

Автор:   •  Октябрь 25, 2023  •  Реферат  •  1,298 Слов (6 Страниц)  •  154 Просмотры

Страница 1 из 6

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Математика-информатика кафедрасы

                                         МАҚАЛА

Тақырыбы: Ауызша деректердің аймақты зерттеу көзі ретінде

Орындаған: Оралбай Диас, Кенжеғұл Мадияр

Қабылдаған: Данабекова Д

Тобы: Ф23-3

Ауызша деректердің аймақты зерттеу көзі ретінде

Кез - келген аймақты зерттеу үшін ең алдымен сол аймақтың тіршілігін, топонимикалық атауларын, халқын, тұрмысын толыққанды зерттеу керек. Яғни, зерттеу жұмысына нақты жоспар құрылу қажет. Зерттеу нысанын жіті бақылап, оның өзіне тән қасиеттерін жақсы меңгеру керек. Осы нәрсені іске асыру үшін бізге сол аймақтың статистикалық, құжаттық мәліметтерімен қоса ауызша деректері де айтарлықтай көмектеседі. Статистикалық мәліметтер аумақтың сандық мәліметтері. Оған халық тығыздығы, көші-қон саласындағы мәліметтер (иммигранттар, эмигранттар), көше саны, т.б жатқызылады. Ал ауызша деректердің қатарын халықтың талай жылғы қалыптасқан жүйесіне негізделген олардың салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті толтырады. Ертеректе, жазу мәдениеті пайда болмаған заманда, қазақ халқы мәліметтерді ауызша сақтап отырған. Яғни, қандай да бір шығарманы, өлең жолдарын болмаса бата-тілектерді жаттап алып, өздері қосып, жиын-тойларда айтып отырған. Сондықтан, көптеген Халық ауыз әдебиетінің туындыларының түпнұсқасы өзгеріске ұшырап, келер ұрпаққа бірнеше нұсқасы жеткен. Халық ауыз әдебиеті қазақ халқының тұрмыс-салтында үлкен рөлге ие. Ауыз әдебиеті – халықтың ғасырлар бойы ауызша шығарып, сақтап келген рухани асыл қазынасы. Ауыз әдебиеті ағылшының фольклор сөзімен қатар қолданыста жұр. Folk – халық, Iore - оқулығымен деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді қолданысқа енгізген Ағылшын археологы Джон Томсом (1843 жылы) болып табылады.

        Сонымен, жоғарыда келтірілген ақпараттарға сүйене отыра біз ауызша деректерді келесідей 5 топқа бөліп қарастыра аламыз:

  1. Аңыздар мен Шежірелер
  2. Мифтік аңыз-әңгімелер
  3. Халықтың жыр-эпостары
  4. Ертегілер, мақал-мәтелдер
  5. Салт-дәстүр жырлары (Жар-жар, сыңсу, т.б)

Сонымен қатар, әрбір кезеңге топтастырылған туындыларды бірнеше бағытта зерттеуге болады. Алдымен, туындыны тарихи кезеңге байланысты дерек көзі ретінде қарастыра отырып, қандай мәліметті көбірек беретіндігін айқындау қажет. Мәліметтің бірнеше түрі болуы мүмкін.
1. Жер-су аттары.
2. Салт-дәстүр.
3. Наным-сенім.
4. Тарихи оқиға.
5. Қоғамның саяси,әлеуметтік құрылымы
6. Шаруашылығы
7. Рухани танымы
8. Жеке тұлға
9. Сыртқы саясат

10. Әлеуметтік теңсіздік және т.б.

Содан кейін ғана туындыны зерттеудің бағытын анықтауға болады.

АҢЫЗДАР МЕН ШЕЖІРЕЛЕР

Аңыздардың Халық Ауыз әдебиетіндегі алатын орны ерекше. Оның тарихы өте терең, ерте замандардан бастау алады. Аңыздардың мазмұны шынайы өмірден алған оқиғаларға негізделген. Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы аңыз әңгімелер болып табылады. Ол өмірде болған тұлғалардың сипаттамасы ретінде жасалып, белгілі бір тарихи шындыққа саяды. Яғни, белгілі бір адамның әлеуметтік қажырлығын, оның жасаған ерлік істерін қоғамда үлгі етеді. Ол адам ержүрек батыр, не ел басшысы, «қара қылды қақ жарған» шешен би немесе әділеттік іздеуші, халық мұңын жырлаушы күрескер болуы мүмкін. Ол халық арасында ауыздан ауызға таралғандықтан, кішігірім өзгерістерге ұшырауы ғажап емес. Әйтсе де, олардың барлығы бір идеяны дәріптейді. Аңыз әңгімелердің негізгі мақсаты - жақсылықтың жамандықтан әрдайым үстемдік танытатынын жеткізу

...

Скачать:   txt (18.7 Kb)   pdf (160.1 Kb)   docx (15.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club