Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Асықата кентінің өркендеуі

Автор:   •  Март 1, 2019  •  Реферат  •  7,852 Слов (32 Страниц)  •  1,086 Просмотры

Страница 1 из 32

Жұмыстың тақырыбы:

«Асықата кентінің өркендеуі»

Авторы:

Жетекшісі:

Мазмұны

1.Кіріспе

2.Географиялық орны,халқы

3. Негізгі бөлім

3.1.Ауыл шаруашылығы және оның дамуы

3.2.Қазіргі таңдағы ауылдағы ақсап жатқан мәселелер

4. Қорытынды

5. Пайдаланған әдебиеттер.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Өлкенің тарихын біліп өскен азамат әрқашан өз отанын сүйетін елін, жерін қадірлейтін ұлт жанды азамат болмақ. Әр оқушы туып өскен жерінің қадірлі, қасиеті тарихы бар екенін естен ешқан шығармауы тиіс. Өлкеміздің тарихын және оның дамуына әсер етуші жалпы заңдылықтарын тани білу қажет.

Зерттеудің мақсат-міндеттері:

1.Аумағымның тарихы, халқы, тыныс-тіршілігі мен шаруашылығын зерттеп ғана қоймай, ауылдың дамуын жүзеге асыру үшін қажетті шараларды талқылау

2.Қазіргі кездегі аумақтағы ақсап жатқан мәселелерді көтеру менің басты мақсатым болып табылады

Зерттеудің болжамы: Зерттеу жұмысы ұрпағын қарапайымдылық пен еңбекқорлыққа, адамдарды табиғатты сүюге шақырады

Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.

1.Кіріспе

Қазақ жерінің қай аймағын алып қарасаң да ұшқан құс қанаты талатын,жүгірген аң жете алмайтын кең аймақ. Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан осынау атамекеніміздің даласы мен таулары тұнып тұрған тарих, шежіре, ән мен жыр мекені екені әлемге аян. Асқақтап аспанды тіреген Алатау –Қазақстанның айбыны мен айбары, Ұлытау ұлылығы , Сұлу Көкше күмбірлеген күй көңілі, ал Қаратау - қазыналы аймақ болса, гүлге оралған сұлу Сыр - киелі орынның қара шаңырағындай. Сыр бойын киелі қара шаңырақ деуге негіз бар. Бұл сөз - сан ұрпағын өрбіткен қасиетті ұя, өркенді орда, ата-бабаның киелі Отаны деген мағынаны береді. Сол керемет Сыр өңірінің аумағына Мырзакент кенттері және Минералды сулар, Алғабас, Жалын, Бескетік, Қызылқұм, Сәтбаев тағы басқа ауылдары , Асықата, Атакент т.б елді-мекендер кіреді. Бүгінгі менің қорғайтын мәселем,менің туған жерім-Асықата кенті жайлы болмақ. Ең алдымен ауылымның Асық Ата аталу себебін зерттедім. Тарихқа көз жүгіртсек, ауыл жергілікті халықтың айтуы бойынша Асық ата деген көріпкел әулие кісінің атымен аталынған.

Асық Атаның шын аты - Сәдір болған. Ол асық ойнағанды аса ұнататындықтан жергілікті халық оны осылай атап кеткен деседі. Көне көз қариялар Асық ата қайтыс болғанда Ақсақ Темір осы кісінің басына бейітіне кесене салдырған деп те әңгіме шертеді. Сырдария тасығанда оны су басқан көрінеді. Сол кезеңде Сырдың орта ағысының жағалауын мекендеген халық пір тұтатын қасиетті орындардың бірі - Асық Ата кесенесі болып саналды. Біздің халқымыз қашанда асылды асыл деп танып, бағалай білген. Осындай киелі орындардың бірі - Асық Ата әулиеге арнап салынған ескерткіш кесене болады. Оның неше жыл, қай ғасырда өмір сүргенін болжай алмаса да, жұртшылық Асық Ата әулиені аузынан тастамайды, есінен шығармайды.Әулие атамыздың басына тұрғызылған кесене бірде-бір шеге қағылмай салынған, сыртқы көрінісі киіз үйге ұқсайтын. Қазір оны Сырдария өзенінің толқындары, Шардара су қоймасының қуатты күші шайып кетті, кесене су астында қалды. Мырзашөл мен Қызылқұмдағы көзге түсетін әсем ғимараттардың бірі сол еді. Сыр бойын жайлаған халық Асық Ата кесенесіне түнеп, түстеніп, құран бағыштап,дұғасын жасап аттанатын. Бертін келе діннен ат тонын ала қашқан дүмшелер тарихы бар кесенеге қырын

...

Скачать:   txt (110.7 Kb)   pdf (165.1 Kb)   docx (49.6 Kb)  
Продолжить читать еще 31 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club