Абай туралы
Автор: marzhanaim84 • Июнь 12, 2020 • Реферат • 833 Слов (4 Страниц) • 440 Просмотры
Кез келген ұлы ойшылдың шығармашылығы міндетті түрде тек өз заманында ғана емес, барлық заманның рухани-адамгершілік мәселелерін қамтиды. Сонымен қатар, шығармашылықта, қоғамдық қызметте ұлы тұлғаның моральдық қасиеттері, адамгершілік ұстанымдары айқын көрініс табады. Олар өз халқының үздік дәстүрлеріне, ежелгі ойшылдар мен олардың замандастарының алдыңғы қатарлы этикалық оқуларына негізделген.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы әдептілік турасындағы ой белгілі бір шамада Қазақстанның Ресейге қосылуының қоғамдық-саяси үдерісінің ықпалымен дамыды. Олардың сыни ой-пікірлері жалпыадамзаттық қоғамның мораль нормаларындағы әділетсіздікке қарсы бағытталды.
Ағартушылар адамгершіліктің идеалына қол жеткізу құралы - еңбек пен халық арасындағы ағартушылық жұмыстары деп санады, олар:
1. еңбекті адамның өмірлік қажеттілігі ретінде, оның адамгершілік негізі ретінде қарады. Еңбек еткен адам - "Адамның әулиесі" деп санады.
2.ғылым-барлық адамгершілік мәселелерді шешудің әмбебап құралы. Тек білім арқылы ғасыр дамиды. Жалпыадамзаттық мәдениетпен жақындасу арқылы өз халқын ағарту идеясын ұстанды.
3."Қанағат ету" – әр нәрсенің шегі мен орнын білу деді.
4.ар-ождан, ұят, намыс пен мінез-құлық - адамгершіліктің реттеушісі ретінде, адамдар алдындағы моральдық жауапкершілік деді.
5. өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі тәрбиелеудің үзіліссіздігінен тұратынын айтты.
6.халықтар арасындағы достық идеясы барлық адамдардың табиғи қажеттілігі ретінде: мәдениетке, тілге, басқа халықтардың ұлттық қадір-қасиетіне деген құрмет, бейбітшілік идеялары, жер бетінде тұратын барлық халықтар арасындағы өзара түсіністік пен келісімді ұстау идеясы екенін айтты.
"Басқа халықтың мәдениеті мен тілін білетін адам онымен бірге тең құқылы болады және ешнәрседен құр қалмайды" деп білген, қазіргі кезде де бұл ұстаным өте өзекті. Өйткені, еліміз үштілділік мәселесін мықтап қолға алып отыр.
Бұл рухани бағыт қазақтың көрнекті ағартушылары Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсаринның, Абай Құнанбаевтың шығармашылықтарында көрініс табады.
Бұл ағартушы-демократтардың этикалық ұстанымы –зұлымдықпен, әлеуметтік әділетсіздікпен күресіп, адамгершілікті жақтау жолындағы Қазақстандағы рухани-адамгершілік тәрбие теориясының қалыптасуы мен дамуында үлкен рөл атқарды.
Шоқан Уәлихановтың рухани-адамгершілік идеалдары- қоғамдық және адамгершілік зұлымдыққа қарсы күрес болды, атап айтқанда:
-жергілікті ақсүйектер мен патшалық шенеуніктердің өзімшілдік мақсаттарына қол жеткізу үшін "ар-ождан", "әділдік", "борыш" және т. б. адамгершілік ұғымдарын алға тартып, халықты қанаған, жалған және "жабайы" моралін сөккен;
- үн-түнсіз азап шегуге және төзуге арналған, адамды Құдайдың құлына айналдыратын діни моральға қарсы күрескен;
- қазақ халқының қоғамдық және адамгершілік дамуының "жалпы маңызды" мәселелерінің келешегін жасақтаған;
- отансүйгіш, өз елінің қамын ойлайтын, шынайы білімді, бойында "ақыл, ерік күші бай, адал, зиялы және адамгершілік қасиеттері жоғары" деген жастарды мойындап, сенім артқан.
Ал, Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық этикасы-бұл:
- адамгершіліктің, адам өмірі мен бақытының мәні, мінез-құлық пен қарым-қатынастың адамгершілік себептері туралы ой. Ыбырай Алтынсарин жоғары адамгершілік тұлғаны тәрбиелеу ойын ұстанған;
- өз ұстаздық қызметіне халқына адамгершілікпен қызмет ету ретінде қараған: ол өзінің өмір бойы біреуге пайда келтірмесе, зиян келтірмейтінін ойлаған, өшпенділікке жол бермеуге шақырған;
- Ы. Алтынсариннің педагогикалық этикасы-халық этикасы, өйткені ол халықтың өмірі мен тұрмыс-тіршілігін, қайғысы мен қуанышын, патриотизмді, салт - дәстүрін бейнелейтін халық ауыз әдебиетінің маңызын айқындаған, ол қазірдің өзінде өзектілігінен айырылмаған;
- Ы. Алтынсарин бақыт ұғымына көптеген компоненттермен қатар үш негізгі компонентті енгізген, олар: еңбекқорлық, ұстамдылық, жақсылық жасау қажеттілігі;
...