Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сусабынның шығу тарихы

Автор:   •  Май 6, 2019  •  Реферат  •  2,748 Слов (11 Страниц)  •  1,994 Просмотры

Страница 1 из 11

Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Сусабынның шығу тарихы
  2. Сусабынның классификациясы
  3. Сусабынның химиялық құрамы
  4. Оқушылар арасында сауалнама жүргізу
  5. Зерттеу бөлімі
  1. Сусабынның органолептикалық көрсеткіштерін зерттеу;
  2. Сусабынның рН көрсеткішін анықтау
  3. Сусабынның көбіктенуін анықтау
  4. Сусабындар құрамындағы хлорды анықтау
  5. Сусабын құрамындағы судың мөлшерін анықтау
  1. Үй жағдайында сусабын жасау

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі уақытта нарықта шығарылатын сусабындардың бәрі бірдей талаптарға сай келе бермейді: басты құрғатып, тітіркендіреді, жағымсыз әсер туғызуы мүмкін. Себебі неде? Барлық тұтынушылар сусабын алар уақытта оның құрамына, денсаулыққа қауіпсіздігіне назар аударады ма? Сол себепті барлық адам тұтынатын сусабынның құрамын, сапасын және адам денсаулығына әсерін зерттеу өзекті деп ойлаймын.

Зерттеудің мақсаты: Физикалық көрсеткіштері мен химиялық құрамына қарай ең тиімді сусабынды анықтау

Зерттеудің міндеттері:

1. Сусабынның шығу тарихы, оның қасиеттері және қолданылуы жөнінде ақпарат жинау

2. Сусабынның химиялық құрамын анықтап, құрамындағы қосылыстардың қасиеттеріне талдау жасау;

3. Оқушылар арасында сауалнама жүргізу;

4. Зертханалық эксперимент өткізу;

5. Деректерді талдау және қорытынды жасау.

6. Үй жағдайында зиянды қоспаларсыз сусабын дайындау.

Жұмыс барысында зерттеудің төмендегідей әдіс – тәсілдері қолданылды:

- қажетті мәліметтерді оқулық, журналдардан, интернеттен іздеу, талдау жасау;

- оқушылардан сауалнама алу,

- химиялық тәжірибе;

- қорытындысын талдау

Негізгі бөлім

Сусабын – бұл шаш күтімінің негізі. Ол үнемі шаштың түріне сәйкес болуы тиіс. Сусабын шашты кірден, жағымсыз иістен және шаш қою үшін қолданылатын мусс, спрей немесе гель сияқты құралдардың қалдығынан тазартады. Әр жуған сайын шаш бастапқы күйіне келеді және күтім жасау құралдарын жағуға дайын болады. Сусабындардың құрамына шашты тиімді тазартатын беттік белсенді заттар кіреді. Олар шаш құрылымын зақымдамайтын жұмсақ жууды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сусабындар нәрлендіргіш және ылғалдандырғыш заттарға бай. Олар шашқа жуу кезінде сіңеді және олардың сау құрылымын сақтайды. Сусабындар тағы не үшін жақсы? Дұрыс таңдалған сусабын бас терісіне күтім жасайды. Ол май бездерінің жұмысын реттейді, соның арқасында шаш тез майланбайды. Сондай-ақ, шаш күтіміне арналған біздің құралдар бас терісіне өте жұмсақ әсер етеді, оны тітіркендірмейді және кептірмейді, және сондықтан өте сезімтал теріге де жарамды.  

[pic 1] [pic 2]

Сусабынның шығу тарихы

Сусабын – кең тараған шашқа күтім жасауға арналған құралдардың бірі.  Сусабын сөзі хинди тілінің «чампа»  - шашқа жағуға арналған май алынатын Үндістанда өсетін гүлдің атауынан шыққан.

Сусабынды 1903 жылы ойлап тапты. Ең алғаш неміс химигі Ханс Шварцкопф шегіргүлден(фиалка)жасалған  сусабынды жасады. Шварцкопфтың сусабыны шашқа күтім жасауға арналған өнімдердің алғашқысы болды.Кейін оны дамыта келе сусабынның 8 түрін шығарды: сары уыздан, түймедақтан, оттектен, аққайыңнан және т.б шығарды.

[pic 3]

1919 жылы өнім жаңа сатыға көтеріліп, Schaumpoon атауымен шығарыла бастады. 8 жылдан кейін Шварцкопф компаниясы сұйық сусабын шығара бастады. Ал 1931 жылы күтім жасайтын компоненттері бар сусабын шығарылды. 1993 жылы қазіргі көптеген сусабындардың негізі болып табылатын формула жасалынды.

Сусабын өндірісі кең етек алып, соның нәтижесінде қазіргі күні шаш күтіміне арналған көптеген сусабындар, бальзамдар, маскалар (әртүрлі шаш типтеріне арналған) бар.

Ғасырлар бойы адамдар шашқа күтім жасау мәселесін көп зерттеді. Ежелгі грек және мысырлықтар осы мақсатта саз балшық пен судан жасалынған қоспаны пайдаланған. Ортағасырларда Еуропа елдері  ұн, арпаны сумен араластырып пайдаланған.кейбір халықтар тәжірибені басқа жануар немесе балықтың майын жағып жүргізіп көрген. Содан келе қазіргі сусабындардың формуласы бірнеше он жылдықтар арасында тексеріліп жасалды

...

Скачать:   txt (37.1 Kb)   pdf (889.6 Kb)   docx (639.5 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club