Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Спорттағы патология негіздері

Автор:   •  Июнь 4, 2023  •  Лекция  •  2,304 Слов (10 Страниц)  •  204 Просмотры

Страница 1 из 10

13-АПТА. 12-тақырып: Спорттағы патология негіздері

Сұрақтары: Шаршаудың сипаттамасы. Шаршаудың түрлері. Шаршаудың клиникалық көріністері. Асқын жүктеме және тиімсіз шұғылдану, олардың лдын алу шаралары және оңалту тәсілдері. Созылмалы инфекция ошақтары. Созылмалы инфекция ошақтарының ағзаға әсер ету жолдары. Созылмалы инфекция ошақтары және иммундық жүйе. Спорттағы кенеттен өлім-жітімнің себептері: дәрігер танылмаған және бағаламаған аурулар, спортпен ұтымсыз айналысудан болатын аурулар, ішкі мүшелер мен мидың жабық жарақаттары. ЖҚТБ (СПИД) ауруы, оның негізгі себептері мен таралу жолдары. Тәуекел топтары. Алдын алу іс-шаралар.

Бұлшықеттің қажуы.

Бұлшықеттің қажуы. Етті ұзақ уақыт белгілі бір ырғақпен тітіркендіріп отырса, ол қажиды, оның жиырылу қабілеті біртіндеп төмендеп, ақыры мүлде жауап бермей қояды. Бұл уақытша құбылыс. Біраз үзіліс жасап, тынықтырса, ет қайтадан жиырыла бастайды, біртіндеп жиырылу қасиеті бастапқы қалпына келеді. Бұлшықеттің қажуын жазып алуға болады, ол эргограмма деп аталады. Бұлшықеттің жиырылуы пессимум жиілігінен де тоқталады. Бірақ қажу мен пессимум жиілікте жиырылу тоқтағанмен бұл екі құбылыстың себебінде және физиологиялық қасиеттерінде ерекшелік бар. Бұлшықеттің қажуы ұзақ уақыт жиырылу қызметін атқару нәтижесі, дем алған соң бұлшықеттің жұмыскерлігі бұрынғы қалпына келеді. Пессимум жиілікте тітіркендіргіш жиілігін төмендетсе (өзгертсе) болғаны, ет дем алмайақ тітіркендіргіш күшіне сәйкес жиырылады және қажыған етте кездесетін химиялық өзгерістер мен контрактура мұнда болмайды. Қажи бастаған кезде бұлшықеттің латенттік кезеңі ұзарады, жиырылу күші (амплитудасы) біртіндеп төмендейді. Бұлшықеттің босауы көпке созылады, жұмысы тоқтағанмен ет толық босамайды. Мұны қалдық жиырылу (құрысу) немесе контрактура деп атайды. Контрактураның шамасы тітіркендіргіштің күшіне байланысты. Контрактура кейде басқа себептермен де - ауру сезімін тудыратын тітіркендіргіштің әсерінен, ацетилхолиннің немесе адреналиннің көбеюінен, симпатикалық жүйке қозуынан және еттегі ыдыраған заттар (АҮФ) бұрынғы деңгейіне келмесе, жұмыс кезінде зат алмасуы қарқынына байланысты бұлшықеттің температурасы 45-60°С дейін жоғарласа пайда болады.

Қаңқа еті бірыңғай салалы етке қарағанда тез қажиды. Бұлшықеттің қажу себебі толығынан зерттелмеген.

И. Шифф бұлшықеттің қажуы оның энергия қорының әсіресе гликогеннің азаюынан деп түсіндіреді ("әлсіреу" теориясы). Бірақ қажыған етте гликоген біржола жойылып кетпейді, оның деңгейі қажыған соң да әжептәуір болады. Е. Пфлюгердің ойынша бұлшықеттің қажуы ұзақ жұмыс істеу салдарынан, етте сүт, фосфор қышқылдарының және басқа да ыдырау өнімдерінің жиналуынан ("улану" теориясы). Осыған байланысты еттегі зат алмасу бұзылады. Фосфор қышқылы Са2+ иондарымен әрекеттесіп бұлшықеттің қозу және жиырылу қасиеттерін төмендетеді және әрекет потенциалының тууын кешіктіреді. Тәжірибе жүзінде денеден жекеленіп алынған ет қажыған соң, оның қоректі ерітіндісін (Рингер сүйықтығын) төгіп, қайта жаңартса бұлшықеттің жұмыскерлігі тез қалпына келеді.

Жекеленген етті оттегі жоқ тек азотқа толған ауада сақтап тітіркендірсе ондай ет тез қажиды ("тұншығу" теориясы).

Осы аталған пікірлер бұлшықеттің қажу сырын толық анықтамағанымен оның жеке себептерін көрсете алады. Ағзадан бөлінбеген ет қажыған кезде, оның химиялық құрамындағы гликогеннің, АҮФ қышқылының, креатинфосфаттың азаятыны және актиннің өзгеретіні анықталды. Актомиозиннің сульфогидрилдік тобы азаяды немесе ол басқа заттармен қосынды құрады. Сөйтіп, ет қажығанда оның тұншығу қасиеті төмендейді. Мұндай химиялық өзгерістердің дәрежесі жекеленген еттерде өте жоғары, ал ағзадан бөлінбеген еттерде өте темен болады. Өйткені етке қан арқылы оттегі, қоректік жаңа заттар жеткізіліп, ыдырау өнімдері уақытында шығарылып тұрады. Ағзадан бөлініп алынбаған етті жиырылуы тоқтағанша жүйке арқылы тітіркендіріп, одан соң бұлшықеттің өзін тітіркендірсе ет жиырылып кажымағанын көрсетеді. Мұнда еттен бұрын мионевралды түйіспе қажиды (Н.Е. Введенский). Ағзада ет жұмысының тоқтауы байланысты түйіспелердің, нейрондардың қажуынан да болуы мүмкін. Біртұтас ағзада бұлшықеттің қажуы көп себепті үрдіс.

...

Скачать:   txt (31 Kb)   pdf (123 Kb)   docx (16.5 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club