Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Пішен дайындайтын ауылшаруашылық машиналар

Автор:   •  Сентябрь 9, 2020  •  Лекция  •  325 Слов (2 Страниц)  •  1,147 Просмотры

Страница 1 из 2

№ 1. Практикалық сабақ.

Тақырыбы: Пішен дайындайтын ауылшаруашылық машиналар

  1. Шөптен пішен және көк балауса жинауға арналған машиналар;
  2. Пішен жинауды механикаландыруға қойылатын талаптар;
  3. Машиналарға қойылатын агротехникалық талаптар;  
  4. Шөпшапқыштар;  тырнауыштар; шөмеле итергіштер;
  5. Пресс- жинағыштар.Тюкқойғыштар;
  6. CLAAS фирмасының азық дайындау машиналарын қолдану

Негізгі мәліметтер:

[pic 1]

Сур. 7.1. CLAAS фирмасының азық дайындау машиналарын қолдану

[pic 2]

Сур. 7.2. Прес-жинақтаушы Quadrant 3200 FC

Шөбі көгорай шалғын, шағын, жер бедері ойлы-қырлы, сондай-ақ шөп шабу кезеңінде жаңбыр көп жауатын (әсіресе, еліміздің солтүстік-батыс аудандарында), температурасы төмен болып келетін орманды-шалғынды аймақта КНФ-1,6, КС-2,1 бір брусты шөп шапқышты т.б. пайдаланады.

Шабылған шөпті аударыстыру үшін ГВК-6 доңғалақты-саусақты тырманы қолданады. Ылғалдылығы 40-45% -ке дейін құрғатылған шөпті осындай тырмамен немесе ГТП-6 көлденең тырмамен дестелерге салады. Қажет болған жағдайда дестелерді доңғалақты-саусақты тырмамен жартылай аударыстырады. Дестедегі пішенді (ылғалдылығы 25-30% болса) ПК-1,6 жинап шөмелеуішпен жинайды.

Шөп сулы болған жағдайда УВС-10, УДС-300 арнайы қондырғылармен кептіреді. Алыс-жақынына қарай пішенді маялайтын жерге ВНШ-3 ысырмасымен, КУН-10 шөмеле тасығышымен немесе трактор тіркемелерімен және автомашиналармен тасиды. Ал тиеу-түсіру жұмыстарын ПФ-05 тиеуіш-маялағыштар атқарады. Бұл маялағышты пішенді маяға салу үшін де пайдаланады.

Шөптің кебуін жылдамдату үшін жаныштайды, ал ірі сабақты шөпті жинаған кезде КПВ-3, КПРН-3 шөп шапқыш-жаныштауыштарды қолданады.

Дестелердегі пішенді ПС-1,6, ПРП-1,6 т.б. пресс-жинағыштармен престеу кеңінен қолданылады. Бұл тәсіл аса сапалы пішен алуға және оның көлемдік салмағын арттыруға, шығынның мөлшерін мейлінше кемітуге, пішенді тасымалдауға, маялауға және малға таратып беруге қолайлы жағдай туғызады. Пресс-жинауыш жұмыс істеуі үшін пішеннің ылғалдылығы мүмкіндігінше біркелкі әрі 30%-тен аспауы тиіс.

...

Скачать:   txt (4.8 Kb)   pdf (205 Kb)   docx (714.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club