Морфологиялық атипизмормелік және торшалық атипизм түрлерінде көрінеді
Автор: terlik • Март 6, 2018 • Реферат • 2,977 Слов (12 Страниц) • 842 Просмотры
Кіріспе
Ісік (латын. tumor), бластома (грек. blastoma –өскін) гендік аппаратыозгеріп,өсіп жетілуге деген қабілеті бұзылған торшалардың тоқтаусыз, шексіз көбеюімен сипатталатын сырқаттық процесс. Ол адамда, жануарларда, тіптіосімдіктерде де кездеседі, мүшелердің табиғи құрылымын және қызметін бұзып организмге зарар тигізеді. Тауықта, итте, ірі қара малда, жылқыда ісіктер жануарлардың басқа түрлеріне қарағанда, жиірек кездеседі. Ісіктердің бір түрі – лейкоздар (қан жүйесінің ісіктері) кейбір елдерде құс шаруашылығы мен мал шаруашылығына үлкен экономикалық нұқсан келтіреді. Ісіктерді зерттейтін ғылым онкология (грек. onсos - ісік, logos-ілім) деп аталады.
Ісік торшасының қасиеттері. Жаратылысы әлі толық ашыла қоймаған факторлардың әсерінен кәдімгі торша ісік торшасына айналады. Торшалардың ісікке тән қасиеттерге ие болуын анаплазия (грек. ana - кері, plasis - құрамын) немесе катаплазия (грек. kata - төмен, plasis-құрамын) деп атайды. ″Анаплазия″ - термині торшалардыңосіп-жетілу, мамандану қасиетінен айрылып, эмбрион торшаларынануқсайды деген, ал ″катаплазия″ - ісік торшалары ерекше қасиеттерге ие болады деген мағынада қолданыдлады. Ісік торшаларының құрылымы да, зат алмасуы да, функциясы да, антигендік құрылымы да, көбеюі де, мамандануы да әдеттегі торшалардан басқаша. Бұл ерекшеліктерді ісік атипизімі дейді. Ісікке морфологиялық, биохимиялық және антигендік атипизмдер тән.
Морфологиялық атипизмормелік және торшалық атипизм түрлерінде көрінеді.
Өрмелікқ атипизм сипаты:осіп-жетілуі біршама жоғары деңгейге көтерілетін торшалар көбейіп топтасуы нәтижесінде белгілі бір мүшеге (өрмеге) тән емес құрылымдардың пайда болуы. Мысалы, шеміршекормеден туындайтын ісікте – хондромада шеміршек торшалары көлемі әртүрлі топтар құрып ретсіз орналасады, бірыңғай салалы етормесінен туындайтын ісік – лейомиома ешқандай ретсіз әржаққа бағыттталған ет талшықтары шоғырларынан тұрады, без эпителий қатерсіз ісіктері - аденомалар көлемі де, пішіні де әртүрлі түтікшелер мен көпіршіктерден тұрады, паренхима мен строманың арақатысында да заңдылық жоқ. ормелік атипизм қатерсіз, кемелденген ісіктерге тән.
Торшалық атипизм кемелденбеген қатерлі ісіктерге (карциномаға, саркомаға) тән. Торшалардыңосіп – жетілуінде, құрылымында, көбеюінде, ультрақұрылымында ақау - кемістіктер болады. Ісік торшалары қалыпты торшаларданозінің полиморфтығымен (көп кескінділігімен) ерекшеленеді. Оларда ядро мен ядрошық көлемі мен пішіні жағынан әрқилы, хроматин шамадан тыс көп болады, ядро мен цитоплазманың ара қатысында ядроның үлесі басым, митоз көп. Кейде торшалар морфологиясыныңозгергендігі соншалық тіпті ісіктің қандай мүшеден (өрмеден) пайда болғанын анықтау қиынға түседі. Митоз әсіресе тезосетін, торшаларының кемелдену деңгейіоте төмен ісіктерде жиі кездеседі және ол бұрмаланған: хромосомалар саны көбейген, табиғи емес митоз құрылымдары пайда болады. Ісік торшаларының ультрақұрылымы да ерекше: рибосомалар көбейіп, эндоплазмалық тор жарғақтарымен байланыспай бос жатады, митохондриялардың саны, пішіні, көлеміозгерген, көлеміулғайған, ядрода хроматин шеткей орналасады. Бұл жерде айта кеткен жөн, белгілі цитологтардың, патологтардың тұжырымдауларына қарағанда, қазіргі кездегі тәсілдермен жүргізілген көптеген зерттеулер тек ісік торшаларына ғана тән морфологиялық ерекше белгілер таба алмаған. Алайда, жеке торшаны зерттеу арқылы ісікке диагноз қою қаншама қиын болсада мүмкін нәрсе (Серов В.В.).
Әдетте ісікке диагноз цитологиялық және гистологиялық зерттеулер қорытындысы бойынша, барлық морфологиялық белгілер жиынтығын ескеріп отырып, тұжырымдалады.
Ісіктің биохимиялық атипизімі:ормеде холестерин, гликоген және нуклеин қышқылдары мол, көмірсу сүт қышқылына дейін оттегінің қатынасынсыз ыдырайды. Анаэробтық гликолизге байланысты зат алмасу барысындаормеде аяғына дейін ыдырап бітпеген заттар жиналып, қанға енеді. Ісіктің гистохимиялық атипизімі: ісік торшаларында нәруыз алмасуы бұзылады, нәруыз көп болып, гликоген, липидтер, гликозамингликандар жиналады, тотығу-орын толтыру процесі бұзылады. ормеде әрбір ісікке тән гистохимиялық көріністер болады. Ісік түрлерін ажыратуда, олардағы гистогенез заңдылықтарын анықтауда гистохимиялық зерттеулердің үлкен мәні бар.
...