Католик шіркеуіндегі барлық дін қызметкерлерінің құрметті аты
Автор: KaldybaevaLZ • Сентябрь 10, 2021 • Лекция • 306 Слов (2 Страниц) • 288 Просмотры
ббат - 1. Католик шіркеуіндегі барлық дін қызметкерлерінің құрметті аты. 2. Еркектер монастырының басшысы.
Абсолютизм - бір адамның (император, король, патша) шексіз билігі. Жоғарғы өкімет билігі толық бір адамның ғана қолында болған басқару түрі.
Альморавид - Солтүстік Африкадағы берберлік тайпалар қозғалысы кезіндегі (XI—XII ғғ.) әулет пен мемлекеттің аты.
Анабаптистер - басқаша шоқынушылар.
Аңқау Жак - ортағасырлық Францияда дворяндардың шаруаларға қойған келемеж аты.
Аутодафе -1. Күпірлерді жазалау үкімін жиналған көпшілік алдында салтанатты түрде жариялау. 2. Испанияда күпірлерді көпшілік алдында өртеу.
Барон - Батыс Еуропадағы феодалдың атағы. VI-VII ғасырларда ауқатты адамдардың бәрі осылай аталды, ал XI—XII ғасырларда корольдің тікелей вассалы - ірі феодалдар ғана осылай аталды.
Барщина - орыстың "еңбекпен өтеу салығы" деген сөзі, шаруаның феодал иелігінде тегін істелетін еңбегі.
Басқаң - моңғол хандарының жаулап алынған жерлердегі салық жинау және халық санын есепке алумен шұғылданатын өкілі.
Бас штаттар - феодалдық Франция мен Нидерланддағы сословиелік өкілдіктің жоғарғы органы. Қалалардың өсуіне, әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуіне және таптық күрестің күшеюіне байланысты пайда болды. Францияда 1302 жылы Жүз жылдық соғыс қарсаңында шақырылды.
Бей - Таяу және Орта Шығыс елдерінде ру-тайпалық, кейінірек ақсүйектерге ғана берілетін феодалдық атақ.
Бенефиций - уақытша сыйлыққа берілген жер үлесі.
Билль - конституциялық актілердің аты (мысалы, құқ
...