Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Нарықтық экономикадағы бухгалтерлік есептің концепциялары

Автор:   •  Декабрь 21, 2018  •  Контрольная работа  •  1,186 Слов (5 Страниц)  •  959 Просмотры

Страница 1 из 5

Модуль 1.

Практикалық  сабақ 1.

Тақырып:    «Нарықтық экономикадағы бухгалтерлік есептің концепциялары»

Сұрақтар

1.Өлшемдер және  бухгалтерлік есептік ақпарат   қалыптастырудағы олардың орны.

2.Бухгалтерлік есеп – ақпаратты қортындылау жүйесі. Шаруашылық операциялар.

  1. Өлшемдер және  бухгалтерлік есептік ақпарат   қалыптастырудағы олардың орны.

Өлшемдер және есептік ақпарат қалыптастырудағы олардың орны. Шаруашылық операциялар мен процестері есеп жұмысында олардың сандық өлшемі арқылы көрініс табады. Қазіргі уақытта есеп жұмысында өлшемдердің:  натуральдық еңбектік және ақшалай түрлері қолданылады. Натуральдық өлшемдер натуральды түрдегі деректер алуға, Яғни санау арқылы (дана, сан өлшемі); салмақ (тонно, кг); ұзындық (метр, сантиметр); көлем (тікшеметр, литр және т.б.) арқылы өлшеуге қызмет етеді. Натуральдық өлшем материалдық игіліктің сақталуына бақылау жасауда, оларды өндірісте үнемді де тиімді пайдалануда маңызды рөл атқарады. Алайда олар біркелкі немесе бір топтағы заттардан сыртқарыға қолданылмайды.Еңбек өлшемдері жұмыс уақытын өлшеуге пайдаланылады. Олар уақыт өлшемі түрінде қолданылады: Жұмыс күні (адам–күн еседі), жұмыс сағаты, минуты. Еңбек өлшемдерін натуральдық өлшемдермен бірлестіре отырып өнім өндіруге жұмсалған еңбек, еңбек өнімділігі, өнім шығару нормасын орындау уақыты,  еңбекақы көлемі есептелініп шығарылады. Еңбек өлшемдері еңбек шығындарының тиімділігін белгілеуде, еңбек пен өндірісті ғылыми тұрғыда ұйымдастыруда, жұмысшылар мен еңбекшілерге еңбекақы төлеуге бөлінген қаржының пайдаланылуына бақылау жасауда аса маңызды рөл атқарады. Натуральдық өлшемдерге қарағанда бұлар кейбір әртекті ауқымдарды, мысалы еңбек шығынының ауқымы бойынша әртүрлі өнімдерді өзара салыстыруға мүмкіндік береді. Техникалық прогресс пен нарықтық экономикаға бетбұрыс кезіндегі еңбекті үнемдеу тұрғысынан алғанда еңбек өлшемдерінің маңызы арта түспек. Алайда тауар–ақша қатынасы жағдайында еңбек өлшемдері ақша өлшемдеріне бағыныштылық сипатта болады. Ақшалай өлшем шаруашылық процестер мен алуан шаруашылық ресурстардың (активтердің) жалпылама және қортындылаушы өлшемі болып табылады. Ақшалай бағалауда (теңгемен) субъектідегі барлық тауарлық – материалдық шаруашылық активтердің (қаржы, ресурстар) жиынтығы және олардың жалпы ауқымы, өнімнің өзіндік құны (жұмыстың, қызметтің), ондағы өндіріске жұмсалатын әр алуан шығындардың қорытындысы (жұмсалған шикізат пен материалдар, отын, электор қуаты, жалақы және т.б.) және шаруашылық қызметтің басқа да көрсеткіштері есептелінеді, сондай–ақ субъектілердің бір–бірімен несиелік және есеп айырысу байланыстары өлшенеді. Жалпылама және қортындылаушы (жинақтаушы) болып табылатын ақшалай өлшем шаруашылық қызметті есептеу мен басқаруда, субъектілерқызметтерін, шаруашылық жүргізудің, қаржылық ақпараттары көрсеткіштерінің объективтілік дәрежесін, салыстырмалылығын және дұрыстығын салыстырмалы бағалауда аса маңызды. Ақша құны бойынша (теңге) бүкіл тауар–ақша шаруашылық активтерінің жиынтығы (қаржы, ресурстар) мен олардың жалпы ауқымы, өндіріске жұмсалатын сан–алуан шығындардың (жұмсалатын шикізат пен материалдар, отын, эл. энергиясы, жалақы және т.б.) бәрі қортындыланатын өнімнің өзіндік құны және шаруашылық қызметтің басқа да көрсеткіштері есептелінеді, сондай–ақ осы арқылы субъектілердің бір–бірімен несиелік және есеп айырысу байланыстары өлшенеді. Ақшалай өлшем жалпылама және қорытындылаушы бола тұра шаруашылық қызметті есепке алу мен басқаруға, субъектілер қызметін салыстырмалы түрде бағалау үшін, шаруашылық жүргізудің қаржылық ақпарат көрсеткіштерінің объективтілік дәрежесін, саластырмалылығы мен дұрыстығын бағалау үшін өте маңызды. Ақшалай өлшем натуральдық және еңбек өлшемдермен қатар жиі қолданылады. Мысалы: тауарлар мен материалдақ қорының құнын олардың жалпы санын өлшемнің бір единицасының бағасына көбейту арқылы, жұмысшының уақыт бойынша төленетін жалақысын жұмыс істелінген күндерінің немесе сағаттарының санын тиісінше күндік немесе сағаттық тарафтік ставкаға көбейту арқылы; еңбек демалысы уақытындағы жалақысын–тиісті демалыс күндерінің санын күндік орташа жалақыға көбейту арқылы анықтайды. Өлшемдердің әрқайсысы да тиісті көлем мен көрсеткіштерді есептеп шығару үшін объективті түрде қажет. Бұлар бір–бірімен тығыз байланысты, әрі шаруашылық құбылыстар мен процестерінің жекелеген түрлері туралы неғұрлым толық есептік ақпарат алу үшін кей жағдайда бірге қолданылады.

...

Скачать:   txt (18.8 Kb)   pdf (282.6 Kb)   docx (15.1 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club