Патриотизм және қазіргі жастар
Автор: aidokamn • Февраль 28, 2024 • Эссе • 539 Слов (3 Страниц) • 96 Просмотры
«Патриотизм және қазіргі жастар»
Жүргізуші. Армысыздар, тәуелсіз елдің жадыраған жастары!Бүгінгі біздің «патротизм және қазіргі жастар» атты іс шарамызға қош келдіңіздер!. Еліміздің болашағы жастардың қолында, еліміздің арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады.Ендеше іс шарамызды бастау үшін барлығымыз орнымыздан тұрып Әнұранды бірге айтсақ
Әнұран
Жүргізуші.
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.Әнұранның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге деген шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен жан – дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан.Сөзін әнін жазған адамдарды еске түсірсек.Сөзін жазғандар Нұрсылтан Назарбаев,Жұмекен Нәжмеденов Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов бізге осындай кереметтей әнұран қалдырып рухты көтеретін сөздер жазған ұлы тұлғалар әрқашан жүрегімізде.
Іс шарамызды ашу үшін ортаға Төлегенова Арайлым қызымызды өз өлең шумақтарымен шақырсақ қошеметтеріңіз.
Жүргізуші.Бүгінгі болып жатқан іс шарамыз еркін форматта болғанын қалаймыз сол себептен сіздермен керемет ойын ойнасақ біздің жастар қаншалықты қазақи әндер тыңдайды соны қазір бірге білеміз.
Бұл ойынның шарты әннің атын және орындаушысын табу керек кім көп тапса кішігірім сыйлығымыз бар.
Әндер
1.Атамекен.Ескендір Хасанғалиев
2.Ана туралы жыр.Еркін Нұржан
3.Кешікпей келем деп ең.Мадина Сәдуақасова
4.Есіңе мені алғайсың.Жұбаныш Жексенұлы
5.Құстар қайтып барады.Айгүл Қосанова
6.Алатау.Нұрғиса Тілендиев
Расымен де, қай кезеңде болмасын болашақтың қожасы жастар. М. Жұмабаев атамыз жырлағандай:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн! Жігерлі қыз жігіттер, Елдің ертеңі, мемлекетіміздің тірегі.Дәл осы қарқынмен біз дәл қазір жастар арасында керемет пікір талас болатын Дебат ойынын ұйымдастырсақ ол үшін ортаға 2 топ керек айта кететін жайт жеңген топқа бізде сыйлық жәнеде мақтау қағаздарымызда бар.
1 топқа
Жеткер Ерасыл мен Жәми Мөлдірді
2 топқа
Мұратбек Марғұлан мен Базарбаева Аминаны шақырсақ
Бұл дебаттың түрлі ереже шарттары бар оны түсіндіру үшін ортаға 4 курс студенті Дулат Саяны шақырсақ.
Дебат біткен соң жеңімпазды анықтап сыйлықтар беріледі.
Жүргізуші.Дебатымыз өте тартысты өтті жастарымыз өте ақылды жан жақты ойлайтынын көрсете білді
Жүргізуші. Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін - өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан әрбір адам өзгеге көрсетпесе де өз ішінде мәңгі сақтай алады.
...