Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жұмсақтіс қағы, құрамы және оныжоюәдістері

Автор:   •  Апрель 6, 2023  •  Реферат  •  12,875 Слов (52 Страниц)  •  178 Просмотры

Страница 1 из 52

1,1,1 Жұмсақтіс қағы, құрамы және оныжоюәдістері

Тіс қағы(сурет -) (зубной налет) немесе тіс тоғасы (зубная бляшка) ақ түсті жұмсақ зат, қалыңдығы 5-тен 200 мкм дейін, көбінесе тістің мойын аймағын немесе барлық беттерін жауып жатады. Тіс қағының құрамына белгілі құрылымсыз органикалық заттар және бактериялар колонияларының шоғыры кіреді.[pic 1]

        Тіс тоғасының құрылуы белгілі бір реттілікпен жүзеге асады:

  • бактериялардың тіс пелликуласына бекуі;
  • клеткадан тыс құрылымның (матрикстің) пайда болуы.
  • бактериялардың өсіп көбеюі және тіс тоғасының (қағының) пайда болуы.

        Silvestone бактериялардың тіс пелликуласына бекуінің төменгі кезеңдерін ажыратады.

  • микромолекулалардың адсорбциялануы;
  • мобильді (елгезек) бактериялардың химиялық бекуі;
  • беткей аймақта бактериялардың қайтымды тұрақтануы;
  • қайтымсыз тұрақтануы;
  • екіншілік микрофлораның дамуы.

Клеткадан тыс құрылымның (матрикс) пайда болуы микроорганизмдердің қызметіне байланысты және екі құрамнан (компоненттен) тұрады: белоктардан (сілекейдің гликопротеиндері туындылары) және бактериялық экстрацеллюларлық (клеткасырттық) полисахаридтерден.

Белокты компонент микроорганизмдер бөлетін ферменттердің көмегімен сілекейден сиал қышқылдарының шөгуі нәтижесінде құрылады және тіс қағының 10-40% көлемін құрайды. Тіс қағының матрицасы ылғалды гель түрінде құрылады, бактериялардың өсіп көбеюіне қолайлы орта болып табылады және бактериялардағы зат алмасу өнімдерін сыртқа шығармайтын кедергі болып, оларды бактерияларға қарсы агенттерден қорғайды. Тіс тоғасының көмірсулы құрамын зерттегенде анықталғаны: қақтың құрғақ бөлігінің еритін фракциясында 6,9%, ал ерімейтін фракциясында 11,3% көмірсулар бар.

Тіс қағы сахарозаға бай жұмсақ тағам жеген кезде жылдамырақ құрылады.

Тіс қағында бактериялардың 325 типі орын тепкен, 1 мм3 (1 мг) тіс қағында 200 млн.жуық бактериялар анықталған. Олардың ішінде басым көпшілігі – стрептококтар және олардың әр түрлері: Str.mutans, Str.sanguis және Str.salivarius. оларға анаэробты ашу (іру) үрдісі тән.

Тіс қағындағы ашу үрдісінің белсенділігі тағамдық заттың құрамындағы көмірсулардың мөлшеріне байланысты. Ортаның Рн-ы қанттар ашыған кезде бірнеше минөттің ішінде тез төмендейді (6-дан 4-ке дейін) және бастапқы деңгейіне (Стефан қисықтығы) баяу көтеріледі. Тіс қағында сүт қышқылынан басқа құмырсқа, май, пропион және басқа органикалық қышқылдар құрылады. Бактериялар (микроорганизмдер) сілекейде ұйымдаспаған жағдайда орын тепкен. Егер тістерді тазаламаса, 1-2 тәуліктен кейін беттерінде тіс қағы (өңез) деп аталатын биологиялық жарғақ пайда болады. Тазаланған тіс бетінде бактериялардың бірнеше түрлері ғана колониялар құра алады және бұл үрдіс олардың пелликуламен жабылған тіс бетімен ара қатынасына байланысты. Бактериялардың алғашқы түрлерін колонизациялау пионерлері деп атайды (Axelsson P. 2000).

Тіс бетіне жабыса орын тепкен бактериялар көбейе бастайды және колониялар саны өседі, микробты ортаның ішінде олар бір-бірімен физикалық және физиологиялық қатынасқа түседі.

Осыдан кейін тіс қағының (микробты қақтың немесе микробты тоғаның) құрылу кезеңі басталады және ол бірнеше кезеңнен тұрады:

Бірінші кезеңі: 1-2 тәулік ішінде қызылиекпен жанасқан тіс бетін бактериялар жабады және бұрынғы колонияларға жабысады.

Екінші кезеңі (3-4 тәулік): қақтың сыртқы беті грамоң таяқшалар қабатымен жабылып, қалыңдай түседі;

Үшінші кезеңі (4-7 тәулік): қақ қызылиек астына қарай өтеді, бактериялар мено лардың өміршеңдігінен туындаған заттар қызылиек сайында айналымға түседі.

Төртінші кезең (7-11 тәулік): жаңа бактериялар тобы (спирохеталар және б.) қосылып, қызылиек сайы қаққа толады.

Бұл жетілген қақ, оның консистенциясы тығыздау, бактериялармен шамадан тыс қаныққандықтан, жаңа бактерияларға орын табылмай қалады. Уақыт оза келе бактериялар қызылиек астына (қызылиек сайына) көптеп ауысады және бұл үрдіс арандатушы қасиетке ие болады.

...

Скачать:   txt (185.1 Kb)   pdf (892.8 Kb)   docx (583.8 Kb)  
Продолжить читать еще 51 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club