Инфляция және оны реттеудің қаржылық құралдар
Автор: Abiii01 • Ноябрь 18, 2019 • Курсовая работа • 6,041 Слов (25 Страниц) • 588 Просмотры
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Инфляция және оны реттеудің қаржылық құралдар»
Орындады: ЕжА-21 тобының студенті
Беркинова Акнур Нурболовна
Ғылыми жетекшісі:
э.ғ.к., доценті Кожахметов З.К
Астана – 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Курстық жұмыс жөнінде
П І К І Р
Пән атауы:«Қаржыға кіріспе»
Студенттің аты-жөні:Беркинова Акнур
Курс, группа:2 курс, ЕжА-21
Курстық жұмыс тақырыбы:«Инфляция және оны реттеудің қаржылық құралдар»
Тақырыптың өзектілігі:жаһандану жағдайында экономиканың тұрақсыздануына себеп болатын инфляция үдерісі, инфляцияның пайда болу және даму заңдылықтары болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның мәні және дамушы елдермен салыстыруі, оның есеплелу жолдарына сипаттама беріп, жалпы қарсы іс-шаралар жолдарын қарастыру
Студенттің өз бетімен орындау деңгейі:
Жұмыс өз бетімен орындалды, мәселелерді талдау барысында өзіндік пікірі мен көзқарасы нақты анықталған, Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығының экономикалық мәні, нарық жағдайындағы тиімділігін қарастырылған
Жұмыстың жағымды жақтары: Инфляцияны шетелдерде реттеп отыру және экономиканы қаржылық тұрақтандыру мақсатында әлемдік тәжірибені Қазақстанда қолдану. шетелдік және отандық ғалымдардың инфляция теориясы саласындағы, макроэкономикалық теория мен антиинфляциялық реттеудегі, сонымен қатар қаржылық тұрақтылық және қаржылық менеджменттегі іргелі еңбектері, ғылыми көзқарастары және тұжырымдамалары ретінде қызмет атқарды.Курстық жұмыс кіріспе бөлім, негізгі бөлімнен, бірнеше тараудан, қорытынды бөлімнен, қосымшадан, сонымен қатар бірнеше қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Алға қойылған мақсаттар жүзеге асты, міндеттер орындалды. Курстық жұмыстың стилі ғылыми деңгейде орындалған. Барлық қорытынды аргументтелген, дәледенген, ресми статистикалық мәліметтер берілген. Студент үлкен жұмыс орындаған, тек теориялық емес практикалық мағынасы да бар
Жұмыстың жеткіліксіз жақтары:
Курстық жұмысты бағалау:
Курстық жұмыс оқу-әдістемелік нұсқаулардағы талаптарға сай орындалған, қорғауға жіберіледі
Ғылыми жетекші:
Экономика ғылымдарының кандидаты,
«Қаржы» кафедрасының доценті: Кожахметов З.К.
Қорғауға жіберілді:
10 мамыр 2018 жыл
Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................................................4
1.Инфляция мәні, пайда болу себебі, салдары
1.1 Инфляцияның мәні мен факторы..............................................................5
1.2 Инфляцияның экономикалық салдары...................................................13
2. ҚР инфляция және оны реттеудегіқаржылық құралдар
2.1 Қазақстандығы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері............................................................................................................17
2.2 Инфляцияны реттеудің қаржылық құралдары.....................................22
Қорытынды.............................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................27
Кіріспе
Нарықтық экономиканың өнідірісті ұйымдастырудың болып өткен түрлерімен салыстырғандағы артықшылығы, ол жедел экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қауқарлы. Алайда нарықтық экономика бұрын болмаған апаттармен де байланысты. Сөз ең алдымен инфляция және жұмыссыздық туралы болып отыр.
Инфляция тауарлар мен қызметтерге қатысты ақшаның құнсыздануы болып есептеледі және бағалардың өсуі түрінде көрініс табады.
...