Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Этникалық бірегейліктің типтері мен түрлері

Автор:   •  Сентябрь 26, 2021  •  Реферат  •  1,073 Слов (5 Страниц)  •  1,225 Просмотры

Страница 1 из 5

3.3. Этникалық бірегейліктің типтері мен түрлері

Этникалық тиістілік индивидке туылғаннан, өзі тап келген мәдени қоршауынан, «ана» тілінде сөйлей алуынан «беріледі», өз кезегінде мінез-құлықтың жалпы қабылданған стандартын және өзін-өзі танытуын «көрсетеді». Миллиондаған адамдар үшін этникалық бірегейлік – бұл «Мен кіммін және мен кіммін?» деген сұраққа өзі жауап беруіне және өзін жете ұғынуына мүмкіндік беретін, рефлексияға жатпай түсінілетін болмыс, шындық. Дегенмен, индивдтің этникалық бірегейлігін (өзіндік сана-сезім) қалыптастыру кезеңдерінің басын мектепке дейінгі балалыққа жатқызу қабылданған, себебі балада отбасы және өзінің этникалық тиістілігі туралы алғашқы түсініктері пайда бола бастайды. Балада ұлттық (этникалық) топқа тиістілігін жете түсінудің дамуының алғашқы тұжырымдамасын Ж.Пиаже ұсынды. Ол бір үдерістің екі жағын – балада «Отан» ұғымын және «басқа ел» және «шетел» үлгісін қалыптастыруды талдады. Этникалық бірегейліктің дамуын «Отан» ұғымымен байланысты когнитивті үлгіде құру ретінде қарастырады, ал этникалық сезім Ж.Пиаженің пікірінше этникалық құбылыстар туралы білімге жауап болып табылады. Ж.Пиаже [11] этникалық бірегейліктің қалыптасуындағы үш кезеңді бөліп көрсетеді:

 - 6-7 жастағы бала өз этникалық тиістілігі бойынша (фрагментарлық және жүйесіз білімді) алғашқы білімді игереді. Осы кезеңде бала үшін ел мен ұлттық топ емес, отбасы мен тікелей әлеуметтік қоршауы өте маңызды болып табылады;

- 8-9 жастағы бала өзін этникалық тобына анық ұқсастырады, бірегейліктің негізін - ата-ананың ұлтын, мекен-жайын, ана тілін алға қояды, әрі этникалық сезімі оянады;

 - кіші жасөспірімдік жаста (10-11 жас) этникалық бірдейлік толық көлемде қалыптасады, әртүрлі халықтың ерекшеліктері ретінде тарихтың бірегейлігін, дәстүрлі тұрмыстық мәдениеттің өзгешелігін көрсетеді.

Жағымды және жағымсыз этникалық бірегейлікті бөліп көрсетуге болады. Жағымды этникалық бірегейлік жағымды этникалық сезім мен әлеуметтік ұстанымдардың адамның өзінің этникалық қауымға жататын мүшелігіне қанағаттануын, өз халқының жетістігін мақтан тұтуын көрсетеді. Жағымсыз этникалық бірегейлік – бұл өзінің этникалық қауымдастығына жағымсыз ұстанымы, өзінің этникалық бірегейлігін жоққа шығаруы, қорлануы, ұялуы, референттілік ретінде басқа топты қалауы.

Тұлғаның жағымды этникалық бірегейлігі өзінің және басқа этникалық топқа қатынасы бойынша оның балансын қамтамасыз етеді, ол бір жағынан, этникалық топтың дербес және тұрақты болуының шарты, екіншіден, көпэтникалық әлемде әлемдік мәдениетаралық өзара әрекеттістіктің шарты ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан жағымды этникалық бірегейлік мәртебе нормаларын игереді. Нормаларының типі бойынша жағымды этникалық бірегейлік жоғары толеранттылықты және этникааралық байланысқа дайындығын сипаттайды.

Қазіргі заманғы этнология [11]этникалық бірегейліктің негізгі фазаларын бөліп көрсетеді: Этнодифференциация фазасы. Бұл фазада индивидтің өз ұлтының белгілерінің бірін, «біз» бен «оларды» ажырату ерекшелігін жете ұғынуы өтеді. Мұнда энтоним (өзінше атауы), қауымдастың өткендегі мифологиясы, оның «топырағы» (территория, тіл, мәдениет, дін) туралы анықтау жайлы сөз болып отыр.

 Авто және гетеростереотиптерді жасау фазасы. Бұл фазаның шеңберінде қауым өкілдерінің ұлттық мінез-құлқы, психикалық ақыл-ой құрылымы, темперамент типі қалыптасады.

Ұлттық мұраттың/идеалдың қалыптасу фазасы. Бұл фаза алдыңғы екеуінің жиынтығы болып табылады, өз этносын бағалау ғана емес, оның әлеуметтіктарихи міндеттері, қызметтері, сонымен бірге сол қауымдастық үшін тән, басымды құндылық бағдар туралы түсініктерін енгізеді. Ұлттық идеалдардың негізгі қызметтері қауымның ықпалдасуы, қалған қызметтер қосымша сипатқа ие болып табылады.

Этнонигилизмі жоғары айқындалған адам (тағы этникалық бірегейліктің бір түрі) бейімсіздіктің жоғары көрсеткіштерімен ажыратылады. Бір жағынан, этнонигилистік тенденция өзінің этномәдени құндылықтарын қолдауға ықылассыздығын бейнелейді, ол этникалық олқылықты, қысым көргендікті, өз этносының өкілі үшін ұялуды, оларға қатынасы бойынша жағымсыздықты және қарым-қатынастағы қиыншылықты сезінуден көрінеді. Этнонигилисті өзінің тобынан шеттету жалпы агрессивтілікті белсендіруі мүмкін.

...

Скачать:   txt (16.7 Kb)   pdf (103.4 Kb)   docx (148.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club