Бағаның функциялары
Автор: Молдир Апсан • Сентябрь 29, 2021 • Реферат • 1,576 Слов (7 Страниц) • 768 Просмотры
2-тақырып. Бағаның функциялары
- Өлшеуші, есептік функция
- Реттеуші функция
- Ынталандыру функция
- Қайта бөлуші функция
Оқытудың ұйымдастыру түрі: жалпылама дәріс
Дәріс мақсаты: бағаның қызметі туралы білім жүйесін алу.
Дәріс мазмұны
- Өлшеуші, есептік функция
Баға өлшеуші қызметті атқарады. Баға тауарды жүзеге асырудың айналымына қызмет етеді, сол себепті тауарлық айналымның жеке қатысушыларының экономикалық қызығушылықтарына қызмет көрсетеді: өндіруші-делдал-тұтынушы. Бұл жағдайда ол тауар немесе қызмет көрсету бірлігіге алынатын және төленетін ақша мөлшері (немесе басқа тауар мен қызмет) ретінде сипатталады. Бағаның арқасында сатып алушы төлейтін, ал сатушы сатылған тауар үшін алынатын ақшаның мөлшерін анықтап, өлшеуге болады. Әр түрлі тауарлардың бағасын салыстыру арқылы оларды қымбат және арзан деп бөлуге болады. Егер бағалар қажеттілікті ескерсе, онда бұндай бағалардың қатынасы арқылы әр түрлі тауарлардың қажеттілігі туралы сөз қозғауға болады.
Көрсетілген фактілер бағаның әр түрлі тауарлардың құнын салыстыруға болатын салыстырмалы қызметін атқаратындығын көрсетеді.
Баға есептік қызметті жүзеге асырады. Бағаның көмегімен оның есептік функциясында макро және микро деңгейдегі барлық құндық көрсеткіштер есептеледі: ішкі жалпы өнім, қлттық табыс, тауар айналымының көлемі, өнеркәсіптің, жеке саланың өндірілген және жүзеге асырылған өнімінің көлемі. Баға өндіріс және заттың рентабельділігі, еңбек өнімділігі сияқты сапалық көрсеткіштердің есептеу құралы ретінде де көрсетіледі.
- Реттеуші функция
Баға экономикалық процестердің реттеуші құралы ретінде сипатталады. Сұраныс пен ұсынысты өндіруші мен тұтынушының ақша-төлемдік қабілетімен байланыстыра теңестіріледі. Шектелмеген бәсекелестік нарығында теңестіру бағасы (сұраныс пен ұсыныс теңесуі болатын және сұраныс пен ұсыныс көлемі, баға мөлшері өзгермейтін баға) сұраныс пен ұсыныстың стихиялық әсерлесу нәтижесінде тағайындалады. Тауарландыру жағдайында өндіруші монополист бағаны түсірмей, байырғы бағасын сақтап, тауардың ұсынысын көтере алады. Нәтижесінде баға өзінің сапасын сұраныс пен ұсыныстың стихиялық күшінің нәтижесі ретінде жоғалтады. Оның деңгейі монополиялық тұтынушымен, әлде болмаса мемлекетпен жүргізілетін реттеу элементтерімен анықталады.
Өндіруші ресурс бағасы өндірушілерді қоғамдық масштабтағы арзан өндіріс ресурстарды қолдануға бағыттайды, яғни баға өндіруші ресурстарды бөлуде реттеуші рольді атқарады.
- Ынталандыру функция
Бағаның бұл қызметі оның құнының нарықтық факторлар әрекетінің шеңберінде кері қайтарылуымен байланысты. Баға ұлттық табысты аймақ, экономика салалары, оның секторлары, меншіктің әр түрлі формасы, жинау мен тұтыну қоры, әр түрлі халықтың әлеуметтік т оптары арасында бөлу және қайта бөлу құралы ретінде сипатталады. Бағаның бұл қызметі тауарлардың белгілі бір топтарына акциз, ҚҚС және бюджетке түсетін салықтық сипаттағы алымдардың басқа түрлері ретінде жүзеге асады. Бағаның көмегімен өндіруші мен тұтынушы арасындағы, қоғамның жеке топтары арасындағы құрылатын құн қайта бөлінеді. Ерекше түрде бұл қызмет мемлекетпен реттелетін бағада көрінеді.
СӨЖ сұрақтар мен тапсырмалар
- Баға қызметтері
- Жоспарлы экономика, экономикалық және олигополиялық жағдайлардағы қайта бөлінетін бағалық құрылым.
- Өндірістің рациональды орналастырылу құралы ретіндегі баға қызметі.
3-тақырып. Баға жүйесі
- Қызмет көрсетілетін айналым сипаты бойынша баға түрі
- Нарықтағы бәсекелестік деңгейіне, мемлекеттік әсер ету тәуекелділігі
- Бекіту, фискациялау әдісі бойынша
- Баға деңгейі туралы ақпарат алу әдісі бойынша
- Нарық түріне тәуелдігі
- Уақыт факторын есепке алу бойынша
- Фирмаішілік бағалар
- Жеткізу мен сату жағдайы бойынша
- Әлемдік баға
Оқытудың ұйымдастыру түрі: жалпылама дәріс
Дәріс мақсаты: бағаларды класификациялау бойынша білім жүйесін құру.
Дәріс мазмұны
- Қызмет көрсетілетін айналым сипаты бойынша баға түрі
Сату мен сатып алудың көтерме бағалары. Көтерме баға болып өнеркәсіп өндірілген өнімді басқа өнеркәсіпке ірі партиямен жүзеге асыратын баға саналады. Көтерме бағасының түріне ауыл шаруашылық өндірушілері өз өнімдерін қайта өңдеу үшін өндірістік өнеркәсіптерге, фирмаларға, ұйымдарға, өнеркәсіптерге сататын бағалары да жатады. Сатып алу бағасының басқа бағалардан ерекшелігі оның құрамына ҚҚС мен акциздердің қосылмауы болып табылады. ҚҚС ауыл шаруашылығына сатылатын материалды-техникалық ресурстардың құнына қосылмайды. Биржалық баға да көтерме баға болып саналады. Бөлшектік баға – бұл халыққа тән ұсақ немесе жеке тұтынушыға сатылатын баға. Қоғамдық тамақтану өнеркәсібіндегі жіберілетін баға – бөлшектік бағаның ерекше түрі. Халыққа қызмет көрсету бағасы да бағаның ерекше түрі болып саналады.
...