Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. IS-LM үлгісі

Автор:   •  Декабрь 5, 2019  •  Реферат  •  1,560 Слов (7 Страниц)  •  1,628 Просмотры

Страница 1 из 7

Орындаған Ержан Толғанай

№7 тақырып. Тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. IS-LM үлгісі

Мақсаты: AD-AS моделі мен ІS-LM моделі арасындағы байланысты заңдылықтарды  үйрену және меңгеру.

        Негізгі сұрақтар:

  1. IS-LM үлгісіндегі негізгі айнымалылар және оның теңдеуі.
  2.  Ақша және тауар нарықтарындағы тепе-теңдік.
  3. IS және LM қисықтарын шығару.
  4. IS және LM қисықтарының көлбеуі және ығысуылары. IS-LM үлгісіндегі тепе-теңдік.
  5. AD-AS және IS-LM үлгілерінің өзара байланысы.    
  6. ІS-LM моделіндегі тепе-теңдік.
  7. Салық-бюджет саясаты және оның ІS-LM моделіне ықпалы.
  8. Қаржы-несие  саясаты және оның ІS-LM  моделіне ықпалы.  

IS-LM үлгісіндегі негізгі айнымалылар және оның теңдеуі.Ақша нарығында пайыздық мөлшерлеменiң ауытқуы жиынтық шығындар шамасына әсер етедi. IS-LM үлгiсiн ең алғаш рет Дж. Хикс (Хикс “кресi”) 1937 жылы ұсынған. А. Хансеннiң 1949 жылы шыққан “Монетарлық теория және қазыналық саясат” атты кiтабы арқылы ол көпшiлiкке мәлiм болды, содан кейiн ол Хикс-Хансен үлгiсi деп аталып кеттi. IS-LM үлгiсi (инвестиция – қор жинағы, ұнамды өтiмдiлiк – ақша) – жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшiн қажеттi, экономикалық факторды айқындайтын тауар-ақша тепе-теңдiгiнiң үлгiсi. Тауар және ақша нарықтарында бiр мезгiлде тепе-теңдiк қалыптасу үшiн, қажеттi табыс көлемi Y пен нарықтық пайыз мөлшерлемесi R-дiң тiркемесiн табуға үлгi мүмкiндiк бередi. Төмендегi теңдеу классикалық үлгiдегi тауар нарығындағы тепе-теңдiктi көрсетедi. Бұл теңдеулердiң айырмашылығы қор жинағы функциясының аргументiнде. IS-LM үлгiсiнiң негiзгi теңдеулерi, мұндағы:

1) Y = C + I + G + Xn – негiзгi макроэкономикалық тепе-теңдiк.

2) C = a + b (Y-T) – тұтыну функциясы.

3) [pic 1]– инвестиция функциясы.

4) [pic 2] – таза экспорт функциясы.

5) [pic 3] – ақшаға сұраныс функциясы.

Yлгiнiң iшкi айнымалылары: Y (табыс), С (тұтыну), I (инвестиция), Xn (таза экспорт),
R (пайыздық мөлшерлеме).

Yлгiнiң сыртқы айнымалылары: G (мемлекеттiк шығындар), Ms (ақша ұсынысы),
t (салық мөлшерлемесi).

Эмпирикалық коэффициенттер: (а, b, е, d, g, m’, n, k, h) оң мәндер және салыстырмалы түрде қарағанда тұрақты.

Қысқа мерзiм кезеңiнде экономика ресурстардың толық қамтылмаған жағдайында болады. (Y≠Y*), баға деңгейi P тұрақты (анықталған), ал пайыз мөлшерлемесi R және жиынтық табыс Y өзгермелi. P = const тұрақты, өйткенi барлық айнымалылар атаулы және нақты мәндерi сәйкес келедi.

Ұзақ мерзiм кезеңiнде экономика ресурстардың толық қамтылған жағдайында болады. (Y = Y*), баға деңгейi P өзгермелi. Бұл жағдайда айнымалы Ms (ақша ұсынысы) атаулы шама болады, ал үлгiдегi басқа айнымалылар – нақты шама болады.

Ақша және тауар нарықтарының тепе-теңдік.Ақша рыногындағы тепе-теңдік – бұл ұсынылатын ақша көлемі және жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер қолдарында ұстағысы келетін ақша көлемінің теңесуі. Ақша рыногындағы тепе-теңдік Ұлттық банктің қызметіне байланысты. Ақша ұсынысының қисығы (Ms) тік сызық түрінде болады. Бұл Ұлттық банк ақша ұсынысын бақылау мақсатында пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне қарамастан оның көлемін тұрақты деңгейде сақтауға тырысуында. (24-сурет). Ақша рыногындағы тепе-теңдік А нүктесінде R0 М0 деңгейінде орнайды. Пайыз мөлшерлемесі төмендегенде облигациялардың құны төмендейді, ақшаға сұраныс өседі. Бұл жағдайда экономикалық субьектілер құнды қағаздарын сата бастайды, нәтижесінде облигацияларға сұраныс төмендейді. Ол өз кезегінде пайыз мөлшерлемесінің өсуіне әкеледі. Сөйтіп қайтадан тепе-теңдік орнайды

 Тауар және ақша нарықтарындағы Макроэкономикалық тепе-теңдік. IS-LM моделі

IS-LM моделі (Инвестициялар (I), жинақ (S), өтімділікті артықшылық (L), ақша (M)) – жиынтық сұраныстың функциясын анықтайтын экономикалық факторларды анықтауға мүмкіндік беретін тауар-ақша тепе-теңдігінің моделі (AD).

Модель пайыздың (r) және табыстың (Y) нарықтық ставкасының бір мезгілде тауар және ақша нарықтарында тепе-теңдікке қол жеткізілетін үйлесімін табуға мүмкіндік береді. Сондықтан IS-LM моделі AD-AS моделін нақтылау болып табылады.

...

Скачать:   txt (22 Kb)   pdf (168.8 Kb)   docx (59.6 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club