Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

СӨЖ бағалау критерийлері

Автор:   •  Декабрь 4, 2018  •  Реферат  •  2,061 Слов (9 Страниц)  •  1,338 Просмотры

Страница 1 из 9

СӨЖ бағалау критерийлері

Бағалау критерийі:

Барлық тапсырмалар талаптар толығымен орындалса 100 баллға бағаланады:

Есептеулердің дұрыстығы – 60,Қорытынды  – 20,

Формулалар, кестелер, графиктерді тиімді қолдануы – 10,

Өзіндік жұмысты рәсімдеу – 10.

СӨЖ бағалау критерийлері

Өте жақсы

жақсы

қанағат

Қанағат емес

- өзіндік жұмыстағы есептеулер толығымен талапқа сай орындалған;

- статистикалық әдістерді өте жақсы меңгергенін, талдау жасай білетінін, сондай-ақ қорытынды жасай ала білетінін көрсетті;

- есептеулерді компьютерлік қолданбалы программалардың пакетін тиімді қолданып жасаған;

-есептеу нәтижелері  қажетті формулалар, есептеулер, қысқаша түсіндірмелер, кестелер, графиктер тиімді қолданылып және талдау қорытындыларын келтіріп рәсімделген.

- өзіндік жұмыстағыесептеулерге қойылатын талаптар   толық емес орындалған;

- статистикалық әдістерді жақсы меңгергенін, талдау жасай білетінін, сондай-ақ қорытынды жасай ала білетінін көрсетті;

- есептеулерді компьютерлік қолданбалы программалардың пакетін тиімді қолданып жасаған;

- талдауда кестелер, схемалар, графиктер, диаграммалар қолдануда сәйкессіздіктер орын алған.

- өзіндік жұмыстағыесептеулер толық жасалмаған;

- статистикалық әдістерді нашар меңгергенін көрсетті;

-талдау жасалмаған,

- қорғау кезінде студент өз жазбаларынан оқып берді;

- кестелер, схемалар, графиктер, диаграммаларқұруда өресел қателер бар.

- өзіндік жұмыстағы есептеулерде өресел қателер бар;

-талдау жасалмаған,

- есептеу нәтижелері талапқа сай  рәсімделмеген.

Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар:

  1. Тапсырмадағы есептеулерді компьютерлік қолданбалы программалардың пакетін қолданып жасауға болады.
  2. Әрбір тапсырма вариант бойынша берілген деректерден және есептеу нәтижелері, қажетті түсініктемелерден құрылуы керек.
  3. Көрсеткіштерді есептеулер статистикада қабылдан   дәлдігі бойынша коэффициенттер  0,001-ге дейін, ал пайыздар 0,1-ге дейін болу керек.
  4. Есептеу нәтижелерін қажетті формулалар, есептеулер, қысқаша түсіндірмелер, кестелер, графиктер және талдау қорытындыларын келтіріп рәсімдеу керек.
  5. Студент тапсырмаларды мерзімінен бұрын өткізуі керек. Егер жұмыста түзетуді және толықтыруды қажет етсе, оларды орындап қайта тапсыру керек.
  6. Тапсырма бойынша барлық орындаған жұмыстарыңыздың электрондық нұсқасы бір файлда тұру керек. Тапсырма орындалған файлдың атында Студенттің фамилиясы, топ нөмірі, тапсырма нөмірі болу керек. Мысалы: Базарбаев_Асылбек_ Ст-441_ Тапсырма1.

СӨЖ 1 тапсырмалары

Тақырыбы: «Статистикалық мәліметтерді топтау»

№1 қосымшада берілген көрсеткіштер бойынша деңгей аралықтары бірдей бірнеше топ құрыңыздар және әр вариантты зауыттардың мына мәліметтері бойынша жеке топтастырыңыздар:

а) Негізгі капиталдың орташа жылдық құны бойынша

1-вариант – 3 топқа бөлу арқылы

2-вариант  - 4 топқа бөлу арқылы

3-вариант   - 5 топқа бөлу арқылы

б) Шығарылған өнім бойынша

4-вариант   - 3 топқа бөлу арқылы

5-вариант   - 4 топқа бөлу арқылы

6-вариант   - 5 топқа бөлу арқылы

в) Жұмысшылардың орташа саны бойынша

7-вариант   - 3 топқа бөлу арқылы

8-вариант   - 4 топқа бөлу арқылы

9-вариант   - 5 топқа бөлу арқылы

Әр топ және жалпы жиынтық бойынша төмендегі көрсеткіштерді есптеңіздер:

  1. Зауыттардың санын;
  2. Негізгі капиталдың орташа жалпы құнын - барлығы және орта есеппен бір заытқа шаққанда;
  3. Жылдық шығарылған өнімді - барлығы және бір зауытқа шаққанда;
  4. Әр топтағы жұмысшылардың орташа санын;
  5. Бір жұмысшының орташа шығарған өнімін;
  6. Қор қайтымдылығын.

Есептелінген көрсеткіштерді кесте арқылы көрсетіңіздер және қорытынды жасаңыздар.

...

Скачать:   txt (34.8 Kb)   pdf (343 Kb)   docx (47 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club