Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Пайда және өндіріс рентабельділігі

Автор:   •  Декабрь 8, 2018  •  Статья  •  1,600 Слов (7 Страниц)  •  1,632 Просмотры

Страница 1 из 7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

   

БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Пайда және өндіріс рентабельділігі»

                                                       

Орындаған: ПС-41 топ студенті

Султангалиева А.Ж.

Тексерген: а.о Ахметжанова Н.А.

Орал қаласы

2018 жыл

Мазмұны

Кіріспе................................................................................................................3

  1. Рентабельділік түрлері  және оларды анықтау тәсілдері....................4
  2. Өндіріс рентабельділігін анықтаудағы пайданың маңызы................7

Қорытынды........................................................................................................8

                                                         

Кіріспе

         Белгілі болғандай, кәсіпорынның коммерциялық қызметінің тікелей нәтижесі пайда болып табылады,бірақ ол жиі кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін көрсетеді. Ұйымдардың жұмыс істеуін неғұрлым дәл бағалау рентабельділік береді. Пайдадан айырмашылығы, ол экономикалық қызметтің мөлшері мен сипатына қарамастан, кез келген нақты экономикалық субъектінің барлық басқаларына (жеке кәсіпкерлерге, ұйымдарға, өңірлерге, жекелеген елдерге және тұтастай әлемге) қатысты қаржылық қызметінің тиімділігін сипаттайды. Кәсіпорын өз өнімін шығара отырып, ол үшін ақшалай түсім алып отырады. Бірақта бұл пайда табуды білдірмейді. Қаржылық нәтижелерді шығару шін түсімді өнімді өндіру мен оны әрі қарай сатуға кеткен шығындармен, яғни өнімнің өзіндік құнымен сәйкестендіріліп қою қажет. Кәсіпорын пайда табады: егер түсім өзіндік құннан жоғары болса; егер түсім өзіндік құнға тең болса, тек өнім өндіру мен оны әрі қарай сатуға кеткен шығындарды өтесе; ал, егер шығындар түсімнен жоғары болса, кәсіпорын шығынға ұшырайды, яғни қиын қаржылық жағдайға, банкротқа әкелетін жағымсыз қаржылық нәтижелерді көрсетеді. 

Пайда - дегеніміз кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің қорытынды қаржылық нәтижесі, жалпылай түрде, өнім бағасы мен өнімнің өзіндік құны арасындағы өзгешілікті көрсетсе, кәсіпорын тұрғысынан өнімді өткізуден түскен түсім мен өнімді өткізудің өзіндік құны арасындағы өзгешелікті көрсетті.

Өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпылаушы көрсеткіші рентабельділік көрсеткіші болып табылады. Рентабельділік кәсіпорынның табыстылығын білдіреді. Ол жалпы табысты немесе пайданы шығындармен немесе пайдаланылатын ресурстармен салыстыру жолымен есептеледі.

     Рентабельділіктің орташа деңгейлерін талдау негізінде өнімнің қандай түрлері және қандай шаруашылық бөлімшелері үлкен кірістілікті қамтамасыз ететінін анықтауға болады. Бұл кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы өндірістің мамандануы мен шоғырлануына байланысты қазіргі заманғы, нарықтық жағдайларда әсіресе маңызды болып отыр.

Рентабельділік түрлері  және оларды анықтау тәсілдері

Кәсіпорын шаруашылық қызметінің тиімділігімен қызмет атқаруға экономикалық бағытталуы тікелей оның рентабельділігімен байланысты.

Рентабельділіктің пайдадан айырмашылығы шаруашылық етудің нақты нәтижелерінен көрінеді, яғни тұтынылған ресурстардың тиімділік қатынасын көрсетеді. Пайданың абсолютті соммасының көрсеткіші кәсіпорынның жақсы немесе нашар жұмыс атқарды ма, яғни орындалған жұмыстардың көлемі белгісіз болып қалады. Пайданың орындалған жұмыстар көлеміне қатынасы тек есепті кезеңдегі нәтижелерді салыстыра отырып, есепті жылдағы кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметін бағалауға, рентабельділік деңгейін сипаттайды сонымен қатар басқа салалар кәсіпорынның ішінен талдау жасалынып жатқан кәсіпорын орнын анықтайды. Рентабельділік көрсеткішін кәсіпорын қызметін бағалау және инвестициялық саясаттағы және баға белгілеудегі құрал ретінде пайдаланады.

...

Скачать:   txt (24.3 Kb)   pdf (175.6 Kb)   docx (20.5 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club