Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өндіріс ішінде сусымалы, сұйық және газ тәріздес материалдарды тасымалдау. Аппаратура

Автор:   •  Август 2, 2018  •  Реферат  •  3,439 Слов (14 Страниц)  •  2,242 Просмотры

Страница 1 из 14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК  ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Дәрілер технологиясы кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Өндіріс ішінде сусымалы, сұйық және газ тәріздес материалдарды тасымалдау. Аппаратура

Орындаған: Бейсенәлі Н.

                                                   Тобы: 403 «А» ФК

                                        Қабылдаған:Тобағабылова Г.

Шымкент 2017 ж

      Жоспар

І.Кіріспе:

Өндіріс ішінде тасымалдау операциялары.

ІІ.Негізгі бөлім:

А)Сұйықтықтарды тасымалдау. Сұйықтықтарды тасымалдауда қолданылатын машиналар мен аппараттар;

Ә)Газ тәріздес материалдарды тасымалдау. Газдарды тасымалдауда қолданылатын машиналар мен аппараттар;

Б) Сусымалы материалдарды тасымалдау. Машиналар мен аппараттар.

ІІІ.Қорытынды.

ІV. Пайдаланған әдебиеттер.

Өндіріс ішінде сусымалы, сұйық және газ тәріздес материалдарды тасымалдау.

Сұйықтықтарды тасымалдау.Фармацевтикалық өндірісте басқа химиялық өндірістер сияқты сұйықтықтарды тасымалдау күнделікті операциялардың бірі болып табылады. Ол бастапқы және соңғы пункттердің қысымдарынынң әртүрлі болуынан құбырлар көмегімен жүзеге асады. Егер сұйықтық жоғары төменге қарай жіберілсе, онда тасымалдану процессі өздігінен жүреді. Ал егер сұйық төменгі деңгейден жоғарыға не горизонтальды бағыт бойынша берілуі керек болса, онда сорғыштар мен басқа да механизмдердің көмегі қажет болады.

Құбыр өткізгіштер мен құбырлар.Құбыр өткізгіштер қолданылуына сәйкес әртүрлі материалдардан жасалған құбырлардан тұрады.

Шойын құбырлар. Шойын құбырлар жер астындағы құбыр өткізгіштер үшін қолданылады. Темір құбырлармен салыстырғанда олар коррозияға тұрақты болып келеді.

Темір құбырлар. Темір құбырлар өте кең қолданылады. Бірақ олардың химиялық тұрақтылығы төмен. Тұз ерітінділері суға қарағанда, тез коррозияға ұшырайды. Этил спирті ортасында су болмаған жерде тәжірибе жүзінде темір коррозияға түспейді. Бұл бірдей дәрежеде басқа да органикалық ерітінділерге де (эфир, хлороформ, дихлорэтан т.б) байланысты.

Тот баспайтын болат құбырлар. Бұл құбырлардың және конструкционді материалдардың коррозияға жоғары тұрақтылығын талап ететін өндіріс салаларында кеңінен қолданылады.

Теміркремнийлі құюлы құбырлар.Бұл құбырлардың кемшілігі жоғары морттылық және қыздыру кезіндегі кеңею коэффициенті.

Алюминийден жасалған құбырлар.Фармацевтикалық аппаратура үшін алюминийдің салмағының аз болуы және оның жақсы жылу өткізгіштігі бағалы болып келеді. Алюминийде оған ауа өттегі әсер ете бастағаннан-ақ тотығуға қарсы пленкамен қапталу мүмкіндігі бар. Бұл пленка алюминийді тотығудан қорғайды. Алюминий сұйытылған күкірт қышқылына және олеумға төтен бере алады.  Бірақ орта концентрациялы күкірт қышқылы алюминийді шірітіп жібереді. Дәл осылай алюминий азот қышқылында да өзін ұстайды. Хлорсүтекті қышқылы қорғаныс қабатын (пленканы) бүлдіреді. Алюминий сірке қышқылына төзімді. Алюминийдің коррозиялы өнімдері улы емес болып келеді. Неғұрылым алюминий таза болса, соғұрылым коррозияға аз түседі.

Мыс құбырлар.Бағасы қымбат болғандықтан мыс құбырлар арнайы жағдайларда ғана  қолданылды. Көбінесе арзан жез құбырлары қолданылады.  Жез 50 % мырыштан тұратын, мыспен мырыштың балқымасы. Өзінің қасиеті жағынан жез мысқа жақын.

Титан құбырлар. Соңғы кезде жаңа коррозияға төзімді конструктивті материал-титанды кеңірек қолданады. Механикалық қасиеттері бойынша титан көміртектік болатқа жол бермейді,ал химиялық төзімділігі жағынан олардан асып түседі.

Керамикалық құбырлар. Керамика қышқылдармен желінбейді, бірақ төзімділігі төмендеу болып келеді. Жоғары температурға шыдамсыз, температура аз ғана көтерілгенде жарыла бастайды. Көбінесе жер асты канализацияның жолдарына және қышқылтасымалдағыштар үшін қолданылады.

...

Скачать:   txt (50.7 Kb)   pdf (770.5 Kb)   docx (535.2 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club