Отчет по практике в «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ
Автор: esk_nesip • Март 24, 2021 • Отчет по практике • 2,675 Слов (11 Страниц) • 1,211 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………………...3
І. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы туралы жалпы мәлімет және басқару құрылымы……..............................................................................................…5
1.1 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының құрылу тарихы.......................5
1.2 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жалпы және басқару құрылымы.........................................................................................................7
ІІ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету жөніндегі Жаңаарқа аудандық бөлімінің жұмысын талдау..............................................................................................11
2.1 Акционерлік қоғамның шаруашылық қызметі және қаржылық жағдайын талдау...............................................................................................................11
2.2. Акционерлік қоғамның қаржылық көрсеткіштері және даму стратегиясын талдау.....................................................................................................................17
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мен, Нұршат Жұмажан 2019 жылдың 11 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 30 наурызы аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету жөніндегі Жаңаарқа аудандық бөлімінде өндірістік іс – тәжірибе өттім.
Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасына сәйкес жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді.
Өндірістік тәжірибенің барысында қойлған негізгі міндеттер:
- университетте алған теориялық білімдерді практикалық тұрғыдан бекіту;
- кәсіпорынның әрекетінің технологиясы мен ұйымдастырылуын меңгеру;
- кәсіпорынның әрекетінің негізгі бағыттары бойынша практикалық біліктіліктер мен машықтарды дамыту;
- кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін талдауға қажетті мәліметтерді жинау машықтарын қолданып үйрену, оларды жүйелі түрге келтіріп кәсіпорынның шаруашылық, өндірістік, қаржылық әрекеттеріне сипаттама беру.
Өндірістік тәжірибе барысында келесі сұрақтарға назар аударылды:
- практика базасы туралы жалпы мәліметтер жинау;
- кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны мен жарғылық құжаттарымен танысу;
- кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымын және ол бойынша басқару тетіктерінің ұйымдастырылуын анықтау;
- кәсіпорынның өндірістік әрекетінің негізгі көрсеткіштерімен танысу;
- кәсіпорынның қосымша және қамтамасыз ету негізгі емес қызметпен айналысатын бөлімшелерінің жұмысымен танысу;
- кәсіпорынның экономикалық бөлімдерінің жұмысымен, оларды атқаратын лауазымдардың міндеттерімен, қызметтерімен танысу;
− кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау нәтижесі бойынша жалпы қортынды жасау, анықталған кемшіліктерді және жұмыстың оң сәттерін санамалау, кәсіпорын қызметін жетілдіру бойынша іс – шаралар ұсыну көзделеді.
Іс-тәжірибені өту бағдарламасына сәйкес келесі құжаттармен танысып, жұмыс жасадық:
1 Кәсіпорын жарғысы
2 Кәсіпорынның бухгалтерлік балансы
3 Штаттық кесте
4 Ақылы қызметтер туралы ереже;
5 Негізгі құралдар жайлы есеп;
6 Еңбек бойынша есеп;
7 Шоттар талдауы;
Берілген жұмыстың басты мақсаты кәсіпорынның жұмысы, оның жарғысы, өндірістік процесс пен технологиялары, басқару жүйесі және ішкі бөлім қызметтері, бәсекелестік стратегиясы туралы ақпаратты көрсету; қаржы көздері мен ақша ағымдары туралы есеп арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және де кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын, кәсіпорынның қызметтерінің артықшылықтарын бейнелеу.
...