Кәсіпкерлік қызметіндегі бәсекенің рөлі
Автор: aifara07 • Декабрь 9, 2019 • Курсовая работа • 7,059 Слов (29 Страниц) • 978 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Кафедра: Экономика және менеджмент
«Бизнес негіздері» пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызметіндегі бәсекенің рөлі
Тексерген: Ахметжанова Назым Атабековна
Орындаған:Айғалиева Айфара Байжанқызы
Орал қаласы, 2018жыл
ЖОСПАР
Кіріспе
I бөлім Бәсекелестік түсінігі және экономикада алатын рөлі
- Бәсекелестік ұғымы және оның түрлері
- Бәсекеге қабілеттілікті бағалау әдістері
II бөлім «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ-нің экономикалық әлеуетін бағалау
2.1 «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ-на қысқаша сипаттама
2.2 Кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.3 «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ-нің бәсекеге қабілеттілігін бағалау және рөлін анықтау
III бөлім Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
3.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер етуші факторлар
3.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін дамыту жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан өз алдында егемендігін алып, тәуелсіз, зайырлы аспанында көк туы желбіреген ел болып қалыптасқаннан кейін, кең байтақ әлемде өз орнымызды табу мақсатында нарықтық жүйеге көшіп - әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде орныға бастадық. Өндіріс - елдің экономикалық потенциялының негізі, бәсекеге қабілетті өндіріс қана экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алады. Қазақстан Республикасының өндірістік саясаты, осы салада жасалатын барлық нормативтік құқықтық актілер, мемлекетті басқару процедуралары және әр түрлі даму бағдарламаларының ең басты басыңқы мақсаты - Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, яғни соның нәтижесінде жалпы әкономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату. Қазақстанның өндірістік бәсекеге қабілеттілігі – адамдарды оның саяси шеніне, қоғамдағы жағдайына тәуелсіз біріктіру. Бәсекеге қабілеттілігі жоғары өндірісті қалыптастырудың нәтижелері төмендегідей:
- Ішкі нарықтың дамуы және ЖІӨ - нің өсуі
- Халықаралық шикізат нарығының жағдайына қарамастан валютаның түсуі және экспорттың өсуі
- Бюджетке салықтың тұрақты түсуі
- Шикізатты терең өңдеуді қамтамасыз ету үшін табиғат ресурстарын тиімді қолдану
- Елдің ғылыми техникалық потенциялын сақтау және дамыту
- Халықты жұмыспен қамту
- Саяси және әлеуметтік тұрақтылық
Нарық кәсіпорынды шаруашылық жүргізудің жаңа әдістерін, өз қызметін қайта құруда шешімді әрекет жасауға ынталандырады. Нарық жағдайында кәсіпорын тауар өндірушілерге тәуелсіз шаруашылық жүргізудің негізгі объектісі болып табылады және өзгермелі экономикалық ортаның жағдайына бейімделу, залал шекпей жұмыс істей білу қабілетіне байланысты. Нарықтық экономиканың негізгі принциптері:
- Кәсіпорынның экономикалық және заңды дербестігі
- Еркін бәсекенің қалыптасуы
- Баға қалыптасудың еркіндігі
- Мемлекеттің кәсіпорын жұмыстарына әкімшілік араласуын болдыртпау
- Тың қаржы – нарық жүйесі
- Нарықтық экономиканың негізгі принциптерін мемлекеттік қорғау.
Қаржылай көрсеткіштердің нәтижесі кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі абсолютті тиімділігін сипаттайды. Олардың ішінде кәсіпорынның экономикалық дамуының негізі болып табылатын нарықтық экономика жағдайындағы ең маңызды корсеткіш - табыс және бәсеке қабілеттілік. Табыстың өсуі өзін-өзі қаржыландыру үшін қаржылық база құрады.
...