Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жалпы тепе – теңдіктің неоклассикалық үлгісінің алғышарттары

Автор:   •  Октябрь 28, 2021  •  Лекция  •  1,146 Слов (5 Страниц)  •  304 Просмотры

Страница 1 из 5

1. Жалпы тепе – теңдіктің неоклассикалық үлгісінің алғышарттары.

Mainstream – экономикалық ойлардың негізгі ағымы. Бірақ mainstream белгілі бір ағымның сипаттамасы емес. Mainstream – оның жетілуінің анықталған этапын сипаттайтын ғылым теориясы мен тарих категориясы.

Біріншіден, ғылыми қауымдастықта метатілдің біртұтас жүйесі қалыптасқан. Белгілі бір ұлттар сөйлейтін ұлттық тілдер болады (орыс, ағылшын, қазақ және т.б.). Олар белгілі бір сигналдар жүйесін көрсетеді. Сонымен бірге, қоғам арасында метатіл (тіл үсті) – анықталған мамандықтың ғалымдарына ғана түсінікті категориялық тілдер жүйесі. Ол ұлттық тілдер негізінде құралып, өзіне жаңа сөздер мен сөздер мағыналарын қосып алады. Мысалы, «тауар» сөзінің мағынасын экономист пен жай адам әртүрлі талқылайды. «Тауар» сөзі – экономист үшін метатілдің сөзі болады. Метатіл бір теория шеңберінде құрылады. Барлық экономисттер экономикалық теорияның категориялық параметрлері жалпыланған деп есептейді. Мұндай тұжырым болмаса, олар бір – бірімен қарым – қатынас орната алмаушы еді.

Екіншіден, ғылыми қауымдастықта еңбектің білікті бөлінуі қалыптасады. Әрбір ғылымда өзінің тығыз қалыптасқан ғылыми ядросы – алғышарттар жиынтығы мен бөлек секторлары болып табылады. Ғалым алғышарттарды дайын ретінде қабылдайды, олар оны қайтадан тұжырымдамайды. Ал кері ситуация туындаса, барлық ғалымдар тек бір философиялық сұрақпен айналысады: «Мысалға: материя немесе сана ма?». «Еңбектің білікті бөлінуі» түсінігі бар. Бұл мәселе әрине экономисттермен, оның ішінде институционалисттермен қарастырылады.

Үшіншіден, ғылыми қауымдастықта білікті білім беру жүйесі қалыптасады. Оның негізгі мақсаты – оқушыларда алғышарттар жиынтығы туралы түсінікті қалыптастыру. Бұл мақсат оқулықтарда имплицитті, сыни емес қабылдау түрінде жүзеге асырылады. Оқыту процесінде оқушы белгілі бір кезеңде өзіне оқып жатқан мәселесі туралы пікір білдіріп, біраз уақыттан кейін оған қайта оралмайды (мысалы, ол жалпы тепе – теңдік идеясына қайта оралмайды). Сол кезде мұндай мәселелерді көтеретін білікті мектептер, арнайы құрылған Mainstream болған жоқ.

Экономисттердің Mainstream немесе неоклассикалық моделі маржиналисттер кезеңінде қалыптасқан. Оның негізінде имплицитті (айтылатын) және эксплицитті (айтылмайтын) алғышарттар жатыр. Стандартталған неоклассикалық жалпы тепе – теңдік моделі өткен ғасырдың соңында Леон Вальраспен жасалған. Оның мағынасы мынадай: жай және А. Смит бойынша «экономикалық адам» бар. Олар өздерінің қызығушылықтарынан шығады. Вальрас үшін нарықтағы барлық тауарлар біртекті, олар сапа жағынан айрықшаланбайды. Мұндай түсініктер осы модельді құруға алып келді. Вальраста нарық кеңістіктегі бір нүкте шеңберінде шоғарыланған, өйткені онда бір тауар Найроби қаласында, екінші тауар Красноярск қаласында орналасқан туралы мәселе туындамайды. Айтылған модель қиындатылғандарға жатпайды, бірақ модельді принципалды ауыстырмайтындарға да жатқызады. Айырбас тез жүріп жатады. Барлық адамдар өздерінің қажеттіліктеріне есеп бере отырып, бір уақытта өздерінің арасында тауарлар мен ақшаларды айырбас жүргізеді. Индивидтер айырбасталатын тауарлар, айырбас шарттары туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етілген. Толық ақпараттың бар болуы оларға нақты сенім береді, ал егер оларды алдаса, қорғанысты сотта табады. Сонымен бірге, Дуглас Норт айтқандай, айырбасты жүргізу ешқандай күш жұмсауға итермелемейді, оның орнына ақшаның белгілі бір шығындарын шығаруға әкеп соғады. Бағалар ресурстарды оптималды орналастырудың негізгі құралы болса, нарықта бағалық индикаторлар да барын білдіреді. Бұл модельдің тәртіптік алғышарттары қандай? Олардың бір бөлігін Вальрас дәлелдеген, екінші бөлігін ол жай тұжырымдамайды.

Жалпы тепе – теңдіктің неоклассикалық моделінің тәртіптік алғышарттары:

1. Ұтымдылық. Адамдардың

...

Скачать:   txt (16.6 Kb)   pdf (58.5 Kb)   docx (11.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club