1917 жылғы Қазан революциясы Қазақстанға
Автор: Di280803 • Октябрь 1, 2020 • Контрольная работа • 537 Слов (3 Страниц) • 719 Просмотры
Разаққызы Диана
1.1917 жылғы Қазан революциясы қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған мақсатына қол жеткізуге жол ашты ма?
Қазан революциясынан кейін , елде уақытша өкімет жойылды. Нәтижесінде Кеңестік социалистік мемлекет құрылды.Халыққа ендігі кезекте олардың тәуелсіз болатын,еркін өмір сүруге , әркімнің өз құқығын көрсетіп , оларды қорғайтынын айтып үндеу жасады. Сонымен, Қазан революциясы қазақ халқының адамзат тарихында отарлық езгіден азат болуға , тыныштықта , бостандықта өмір сүруге жол ашты.
2.1917 жылғы Қазан революциясы Қазақстанға қандай әсерін тигізді?
1917 ж. соңы мен 1918 ж. наурызы аралығында Кеңес өкіметі Қазақстанда негізінен қалалар мен басқа да ірі халық тығыз орналасқан жерлерде орнады. Кеңес өкіметін орнатумен бірге өлкенің шаруашылығы мен мәдениетін қайта құру шаралары қатар жүргізілді. Өнеркәсіп орындарында, мәселен Спасск заводында, Қарағанды шахтасында, Успен кенішінде, Ембі мұнай кәсіпорындарында бақылау қойылып, сондай-ақ банктер мемлекет меншігіне көшірілді. Кеңестердің 2-ші Бүкілресейлік съезінде қабылданған Жер туралы декрет бойынша алғашқы шаралар жүргізіле бастады.Яғни,жағдай жақсара бастады.
3.Қазақстанда Кеңес өкіметі қай уакытта қандай жолдармен орнатылып болды?
1917 жылы 24 қазаннан 25 қазанға қараған түні уақытша үкімет құлатқан Петроградта қарулы көтеріліс болды. Большевиктер партиясы билікке, В.И. Ленин Кеңестердің екінші Бүкілресейлік съезі екі маңызды қаулы қабылдады: бейбітшілік туралы декрет және жер туралы декрет, жерге жеке меншікті жою. Барлық жер жергілікті Кеңестерге берілді.Кең байтақ Қазақстан аумағында Кеңес өкіметін орнату процесі жүріп жатты.Бұл дәуір қазақ халқы үшін дамудың капиталистік кезеңін айналып өтіп, социализм мен коммунизмге өту кезеңі болды. 1918 жылы желтоқсанда Кеңес өкіметі Қостанайда, 1918 жылы қаңтарда Орынбор мен Ақтөбеде, 1918 жылдың басында Ырғыз және Торғай уездерінде орнады.
4.1920 жылы Қазақ АКСР-інің құрылуының негізгі маңызы неде?
1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қырғыз(Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы(КазАКСР) Кеңестерінің Құрылтай съезі болды.Бұл қазақ елі тарихындағы ұлы оқилардың бірі болды. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып С.Меңдешев, ал Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болып В.Радус-Зенькович сайланды Бұл қазақ халқы үшін зор тарихи маңызы болды. Қазақ халқы бұл актіні отаршылдыққа қарсы ғасырларға созылған күрестің нәтижесі,қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам деп қабылдады.
...