Алматының демографиялық жағдайы
Автор: AAAaruzhan • Октябрь 17, 2018 • Реферат • 1,289 Слов (6 Страниц) • 904 Просмотры
Аты-жөні:Рахимова Аружан Мамандығы: Экономика Курсы: 1 Тобы: 141 Күні: 28.04.18 Сөз саны: 754 Аға оқытушы: Үсембаева Ғ.Т
Алматының демографиялық жағдайы
Кіріспе:
Алматы қаласы демографиялық жағдайы бағдарламасы "Қазақстан-2030" стратегияның демография саясаты саласында көрсетiлген негiзгi басымдықтарды жүзеге асыруға негізделген.Алматы қаласы демографиялық бағдарламасының басты бағыттары Алматы қаласы халқының тұрақты өсуiн оның сапалық өсуiмен орайластыру болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшiн қала органдары мына мiндеттердi шешетiн болады: - "оңтайлы демографиялық өсу" негізінде ұрпақтардың табиғи жүзеге асу формасы қамтамасыз ету үшiн туу процесiнiң санының артуын қамтамасыз ету ; - тұрғындардың денсаулығының жағдайын толық қалпына келтіру ; - қала халқының өлiм-жiтiлсiн барынша ең төменгі сатыға көтеру, өмiр сүру жасын бәсендету ; - көшi-қон үдерісін бағдарлау; - отбасы неке қатынастарын нығайту мен дамыту және оны жалпы әлемдiк үрдiске сәйкес үйлесімділігін қарастыру; - қала тұрғындарының өмiрiн сапалы сатыларын бағыттау [ 1].
Әдебиеттерге шолу:
« Алматы сияқты ірі-ірі мегаполистердің табиғи өсімінен сыртқы көші-қон есебінен өсуі ол табиғи құбылыс, дегенмен бұл көші-қон ауылдан келген қазақ жастарынан гөрі басқа республикалардан келген-келімсектер, яғни орыс, украин, беларус және т.б. ұлт өкілдері толқындарынан болғандығы Алматы үшін, қазақ ұлты үшін көптеген қиыншылықтар туғызды!»,-дейді Г.Омарова [3].
Алматы халқының өсіп-дамуында ерекшелік туындайды. Ол – қала тұрғындары табиғи өсімнен гөрі сыртқы көші-қон есебінен өскендігі, Алматы сияқты ірі мегаполистің табиғи өсуінен сыртқы көші-қон есебінен өсуі ол табиғи құбылыс, дегенмен бұл көші-қон ауылдан келген қазақ жастарынан гөрі басқа республикалардан келген-келімсектер, яғни орыс, украин, беларус және т.б. ұлт өкілдері толқындарынан болғандығы Алматы үшін, қазақ ұлты үшін көптеген қиыншылықтар туғызды. Ең негізгісі – қазақ тілінің дәрежесі мен мүмкіндігі күрт төмендеп кетті, бар болғаны 3-4 қазақ орта мектебі, 3-4 бала бақшасы ғана болды. Жоғарғы және арнайы орта оқу орындарында білім беру басым көпшілігінде, әсіресе, техникалық, дәрігерлік, экономика саласында орыс тілінде асты. Мәселен, 1989 ж. санақ бойынша 10721 Алматы қазақтары орыс тілін өз ана тілі деп санаған, ал 252 072 қазақтың 217547-і, яғни 86,3% орыс тілін емін-еркін игерген екен, ал қазақтардың тек 1828-і ғана, яғни 0,7% ғана қазақ тілін емін-еркін игерген екен. Сонымен бірге қазақтардың үлесі өнеркәсіпте де, құрылыста да, транспорта да өте төмен болған[2].
Гипотеза:
Егер Алматы қаласының демографиялық жағдайы жақсарса,онда ол Қазақстанның экономикасына әсерін тигізеді.
Зерттеу әдістері:
Жобаның негізгі мақсаты Нархоз студенттері арасындағы Алматы қаласы демографиялық саясатының негізгі бағыттарынын формасын қарастыру бағдарламасы бойынша интернет сауалнама жүргізілді сауалнаманын барысы талданылды. Сауалнама Нархоз студенттерінен алынып нақты 18-21 жас аралығындағы жастардан алынды.Жастардын көпшілігі Демографиялық жағдайдын қазіргі және бүгінгі күндегі басты даму бағыттарын сараптау қарастырылды.Жастардың көпшілігі йә және жоқ жауаптары арқылы сқрақтардын жауаптарын алды.Жастардын 50 пайызы нақты демография көрсеткішінін қалыпты екенін ал қалған бөлігі төменгі дәрежеде екендіктерін анықтады.Сауалнама барысы зерттеліп отырған тақырыптын орташа жауабын бере алады.Алдағы уақыттарда осы зерттеу сауалнамаларын студентердін арасында ғана емес мүғалімдер арасында да қамтуды қарастыру көзделуде.
...