Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Баfа белгiлеу: тутынушы кундылыfын аныктау, баfа белгiлеу стратегиясы

Автор:   •  Апрель 26, 2024  •  Лекция  •  4,665 Слов (19 Страниц)  •  97 Просмотры

Страница 1 из 19

Тақырып 9.  БАҒА БЕЛГІЛЕУ: ТҰТЫНУШЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ, БАҒА БЕЛГІЛЕУ СТРАТЕГИЯСЫ

Лекцияның оқыту нәтижелері: жаңа ӛнімдерге баға белгілеудің негізгі стратегиясын сипаттайды, компаниялар жалпы ӛнім ассортиментінен алатын пайданы барынша арттыратын баға жинағын қалай анықтайтынын түсіндіреді, компаниялар әртүрлі тұтынушылар мен жағдайларды ескеру үшін белгіленген бағаны қалай түзететінін талқылайды, бағаны ӛзгерту не оларға реакция танытумен байланысты негізгі мәселелерді талқылайды.

1. Бағаның мәні және оның қызметтері

2.Бағаның түрлері және оның сипаттамалары        

3.Баға саясатына әсер етуші факторлар

4.Баға белгілеу үрдісінің сатылары

5.Бағалық стратегияның мәні және түрлері

6. Бағаның нарық жағдайына бейімделуі.

1. Бағаның мәні және оның қызметтері

Баға өзінің макpo-микроэкономикалық мағынасында объективті нарықтық факторлармен, өндірістің белгілі бір шарттарымен, нарықта тауарды өткізу жағдайларымен анықталады және мемлекеттің әлеуметтік-экономикальқ саясатын бейнелейді. Баға белгілеудің маңызды қызметі – барлық шыққан шығындарды жаба отырып, пайда табу.

Баға - нарық реттеушісі, ол тауарлардьң нақты түрлерін өндіруге мумкіндік береді немесе тежейді, сұранысты шектейді немесе ұлғайтады, осьлайша белгілі бір өнімнің өндірісі мен тұтынуына тікелей немесе жанама әсер етеді. Бағаға деген маркетингтік көзқарастың классикальқ теориядан айырмашылығы тұтынушының сұранысына, мұқтаждықтарына және талғамына, сонымен қатap, нарықтың құбылмалы жағдайына байланысты бағаның икемділігінен көрінеді. Тұтынушыны өндіріc шығыны емес, оның нәтижесі, тауардың пайдасы мен сапасы, қажеттілігін қанағаттандыру деңгейі қызықтырады.

Баға-шығындарды талап етпейтін, ерекше куш-жігерсіз кіpіc әкелетін маркетинг-микстің ең икемді элементі. Өндірістің бәсекеге қабілеттілігі, сату келемі, рентабельділік және тағы басқа экономикалық көрсеткіштер көбіне баға қою  бойынша дұрыс шешім қабылдауға байланысты. Кәсіпорынньң баға саясатын жасайтын маркетинг бөлімдерінің маңызды міндеті - өткізу бағасын белгілеу және өзгерту.

Баға жөніндегі маркетингтік шешімдерге мыналар жатады: бaғаның төменгі және жоғары деңгейін, олардың фирма мақсаттарына, тауар сапасына, сұранысқa, бәсекелестердің баға саясатына, ТӨЦ (тауардың өмірлік циклі) пен басқа факторларға байланысты өзгеруін анықтау, оңтайлы өткізу бағаларын белгілеу және жеңілдіктер жүйесін жасау. Осыған орай маркетингтің баға саясаты фирманың өз мақсаттарына нақты бағаларды белгілеу негізінде жету жолдарын межелейді.

Баға бұл қуатты экономикалық категория. Ол экономикалық, әлеуметтік, саяси  мәселелерінің кµпшілігін шешуде белсенді қатысуы мүмкін. Сондықтан мемлекетте нарыќтыњ себептеріне байланысты µздерініњ іс-әрекеттерінде бағаның барлық қасиеттерін ескеріп пайдаланады.

Бағаның міндетті қызметтері – бұл баға категориясына жєне бағаныњ қай түріне болса да тән ең жалпы қасиеттер. Бағаның рөлі оныњ макро жєне микро дењгейдегі орны міндетті   қызметтері арқылы кµрініс алады.

Бағаға келесі міндетті ќызметтер тән:  

  1. Өлшеу міндетті қызметі. Баға тауарды өткізу бойынша айналымға қызмет жасайды, сондыќтан тауар айналымына салыстырмалы түрде дербес қатысушылардың: өндіруші-делдал, сатып алушы-экономикалық мүдделеріне қызмет етеді. Бұл ќасиет арқылы баға тауармен  қызметтің бірлігіне төленетін ақша мөлшері өлшенеді.
  2. Өлшемдес міндетті  қызметі. Бағаның бұл міндеті қызметінің көмегімен әр түрлі тауарлардың құндылығы салыстырылады. Тауарларды қымбат және арзан түрлеріне және де пайдалылық дәрежесі бойынша бөлу қарастырылады.
  3. Есепке алу міндетті қызметі. Бағалар көмегімен єр түрлі жєне єр алуан құбылыстағы  әлем натуралды заттың формадан ақшалай бағалауға өткізіледі. Баға бұл салада қоғам мойындаған еңбек шығындардың жєне оныњ пайдалылығының ақшалай кµрінісі ретінде көрсетіледі. Өлшеу, өлшемдес жєне есепке алу міндеттеріне байланысты баѓа µте мањызды экономикалық  ақпаратты таратушы бола тұрып, нарығ субьектілерінің  (сатып алушылар мен сатушылар) мінез-құлықтарына қатты әсер етеді. Сондықтан Американы баға арқылы басқарылатын ел деп атайды. Еркін кєсіпкерліктіњ үш тірегі бар: 1. Жеке меншік 2. Баға  құру жүйесі 3. Бєсекелестік. Іс-тәжірбие баға көмегімен оның есепке алу қызетінде макро  жєне микро деңгейдегі барлық құндық кµрсеткіштер есептеледі. ЖІӨ, ұлттық табыс, бөлшек тауар айналымының көмегі, бөлек салалар және кәсіпорындар µндірген жєне өткізген өнімнің  көлемі. Баға келесі сапалық көрсеткіштерді есептеу құралы болып табылады: еңбек өнімділігі, бұйымдардың  жєне өндірістің рентабельділігі, қорлардың қайтарылымы.

Аќпаратты таратушы касиетіне байланысты баға ақшалай кµрсетілген барлық кµрсеткіштердіњ талдаудың, болжамдаудың,  жоспарлаудыњ ең маңызды құралы болып табылады жєне де кєсіпорынды, аймаќты, тұтас экономикалық басқарудың  шаруашылық мехнизмініњ жүйесінде өте маңызды орын алады.

  1. Реттеуші міндет қызметі. Баға сұраныс пен ұынысты өндірушінің және тұтынушының ақшалай төлеуге дайындылығымен байланыстырып теңестіреді, сондықтан экономикалық процестерді реттеуші құрал жұмысын  атқарады. Шектелмеген бєсекелестік нарықтарында тепе-теңдік бағасы ұсыныс пен сұраныс көштерінің стихиялы өзара  әрекеттері нєтижесінде  орнатылады.  ұсыныс пен сұраныстың жақтарына бейімделген монополияның әр түрлі дәрежесімен сипатталған  нарықтарда өндірушілер мен тұтынушылар бағаның қалыптасуы мен қозғалысына тікелей әсер етуі мүмкін. Мысалы, өндіруші монополист тауары өтпей қоймаларда  жиналған жағдайда  оны түсірмеуі мүмкін, керісінше бұрынғы бағаны сақтап тауарды ұсыну көлемін өзгертеді. Ақыр аяѓында баѓа  өзінің  сұраныс пен ұсыныстың  стихиялыќ күштерініњ єрекетініњ нєтижесі ретіндегі сапасын жоғалтады. Оныњ деңгейі монопольдік билікке ие өдірушінің немесе монополист – тұтынушы   немесе мемлекеттіњ жүргізетін реттеу  элементтерімен аныќталады.

Нарықтық экономика жағдайында өндіріс ресурстарының єрќайсысы  өзінің бағасына ие,  бұл баға тауарлар бағасындай сол ресурстыњ ұсынысы  мен сұранысының өзгерістеріне (сезінеді) жауап қайтарады.

Өндіріс ресустары бойынша єрекеттегі бағалар дењгейі өндірістің белгілі кµлеміне минималды шыѓындармен қол жеткізу мүмкіншілік беретін өндіріс ресурстарын тањдауѓа жағдай жасайды. Сондықтан өндіріс ресурстарының бағалары кєсіпкерлерді арзан ресурстарды пайдалануға, қымбаттарын үнемдеуге бағыттайды. Ал, тауарлар бағалары өндіріс ресурстарын қоғам деңгейінде тиімді үлестірулер єсер етуі мүмкін. Сонымен баѓа µндіріс ресурстарын үлестіруде реттеуші ролін атқарады.

...

Скачать:   txt (66.7 Kb)   pdf (243.1 Kb)   docx (213.5 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club