Кәсіпкерлік венчурді бақылау
Автор: abilhanovau2109 • Декабрь 4, 2019 • Реферат • 884 Слов (4 Страниц) • 644 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
БАӨЖ
Тақырыбы:Кәсіпкерлік венчурді бақылау
Орындаған:Әбілханова Ұлдана
Тобы:ЭФ-18-5к1
Қабылдаған:Аширбаева Сауле
Шымкент 2019
Әр кәсіпкер өз бизнесінің құнын есептей алуға және бәсеке жұмысының құнын анықтауға қабілетті болуы керек.Мұндай бизнес бағалау алу қабілеті мына жағдайларда аса қажет:
-бизнесті сату немесе сатып алу,бөлу немесе негізгі активті саты мен сатып алу кезінде;
-қызметкерлер акцияларына опциондар жоспарын немесе қызметкерлермен пайда бөлісу жоспарын құрғанда;
-капитал өсуін акцияға берілген ордер арқылы немесе конверсияланатын кредит арқылы қамтамасыз еткенде;
-салық міндеттемелерді мұрагерлік арқылы анықтау кезінде;
-отбасы мүшелеріне акцияны сыйға бергенде;
-акционерлермен сату/сатып алу келісімшартын жасағанда;
-серіктесті сатып алуға талпынғанда;
-акцияны сатылымға жария немесе жариясыз шығарғанда;
Сонымен қатар кәсіпкер өз бизнесінің құнын білгісі келгенде де қолданылады.Бағалаудың бұл түрін жүргізгенде,бизнес бағасының белгілі бір уақыт аралығында өсуі мен төмендеуін көрсететін бағалау картасын жасауға мүмкіндік береді.
Венчурді бағалау шарттары:
Инвесторлар капитал құю үшін кәсіпорындарды қарастырған әр кезде кәсіпорын құнын анықтау мәселесі үнемі көтеріледі.Бұл процесс шарттар тізімі туралы сөз болады.Бұл құжатта венчурлік келісімдердегі негізгі шарттар баяндалады.Шарттар тізімі жасалып біткен соң,оны заңгерлерге жібереді,олар өз кезегінде келісімшарттың соңғы нұсқасын жасауда қолданады.Шарттар тізімі ниет туралы хаттарға ұқсас.Онда келісім-шартқа қол қоятын екі немесе одан да көп тараптың ниеттері мен шарттары келтіріледі,бірақ олардың заңды күші болмайды.Алайда көптеген LOI S –та міндетті күші бар жағдайлар келтіріледі.Мысалы,құпия сақтау,келіссөзді адал жүргізу.
Ниет туралы хаттардың міндеттері:
-тараптардың ыңғайлы болу мақсатында,күрделі транзакцияның негізгі мәселелерін анықтау;
-тараптар дәл сол уақытта келіссөз жүргізіп жатқанын ресми мәлімдеу;
-келіссөз кезінде келісімшарт жүзеге аспай қалса,кепілдік берілуі.
Шарт тізімі мен ниет хаттың арасындағы айырмашылық аз,ол көбінесе стильге байланысты.LOI‛S негізінен хат стилінде жазылып,онда ниет білдіріледі;ал шарт тізімінде барлық ресми тараптар мен негізгі мәселелерді тізу арқылы келісімшарттың талаптары нақты жазылады.Бағалау процесіндегі шарттар тізімі маңызының тұжырымдамасын кеңінен түсіндіру үшін төменде аталған құжаттарда жиі қолданылатын терминологияны ұсынамыз.
Баға/бағалау.Компания құны-оның қызметі үшін инвесторлар төлейтін баға.
Бірігіп сату.Құрылтайшылар инвесторлармен үнемісатып алу-сату келісімдерін жүргізеді.
Бірінші болып таңдау құқығы.Артықшылықты акция иелері компания жаңадан акция шығарса,оны сатып алуға құқығы бар әрі оны өз акциясы бөлігімен бірдей пайызбен есептейді.
Дауыс беру құқығы.Артықшылықты акциялар санына сай дауыс беру құқығы,ол артықшылықты акция конверсияланатын қарапайым акция жиынтығының дауыс санына тең.
Дивиденд артықшылықтары.Дивидендтер алдымен артықшылықты акцияларға,содан соң барып қарапайым акцияға төленеді.
Конверсия құқықтары.Артықшылықты акциялар белгілі бір конверсия бағасына қарай қарапайым акцияларға ауыстыра алады.
Қауіпсіздік типі.Әдетте инвесторлар жаңа кәсіпорынға инвестиция құйғанда ,артықшылықты акциялар беріледі.Артықшылықты акциялар үшін қарапайым акцияға қарағанда артық құн төленеді.Конверсияланатын дегені-оны қарапайым акцияның белгіленген санына айырбастауға болады деген сөз.
Құрылтайшылар қорын үлестіру.Құрылтайшының акция пайызы уақыт өте келе азая бастайды,құрылтайшы компаниядан кетсе,оның акцияларын компания белгілі бір бағаға сатып ала алады.
...