Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кім кінәлі дағдарыста өмір сүруімізге?

Автор:   •  Март 15, 2020  •  Эссе  •  341 Слов (2 Страниц)  •  485 Просмотры

Страница 1 из 2

Кім кінәлі дағдарыста өмір сүруімізге?

     Дағдарыс сөзін естігенде адамдардың қуана қоймайтыны сөзсіз. Әсіресе кәсіпкерлер, билік өкілдері. Бірақ көп жағдайда зардап шегетін қарапайым халық. Біз не себепті зардап шегуіміз керек және оған кім кінәлі? Бірінші кезекте кінәлі билік деп ойлаймын. Сол дағдарыстын алдын ала алмаған. Бір жағынан қарасан дағдарыс дамыған немесе дамушы елдерде болады. Біз дамушы ел болғандықтан дағдарыс бізді де айналып өтпейді. Біз осы нәрсеге қуануымыз керекпе немесе жылауымыз керекпе. Дамыған елдерде дағдарыс болса ол дамушы елдерге де зиянын тигізеді. Әлемдік экономиканың құбылуы, Қытай экономикасының нашарлауы, Американың өзінің ішкі нарығын ойлаудағы протекционистік саясаты, сондай-ақ, Британияның Брексит арқылы Еуропалық Одақтан шығып отырғандығы, барлығы жинала келе Еуропалық аймақтың дамуын тежейді. Ал, Еуропалық Одақ бірінші кезекте, Қазақстанның бас серіктесі. Ол елдердің экономикасы әлсіресе, біздің тауарларымызға сұраныс азайып, экономикамызға кері әсер етеді. Тура сол сияқты Қытай да, АҚШ та, Ресей де біздің ірі серіктесіміз. Қазақстан экономикасы «микро» экономика болып табылады. Өйткені, Қазақстанда 18 миллион ғана халық тұрады. Тек 18 миллион адам тұтынатын тауар, азық-түлік, қаражат қажет. Бұл көп емес. Сондықтан, әлемде қандай да бір келеңсіз жағдайлар орын алса, біздің шағын экономикамызға кері әсері тиіп кетуі мүмкін. Ондай болжамды жоққа шығаруға болмайды.

     «Француз экономисі Давид Кайл егер әлемде дағдарыс орын алатын болса, оған кінәлі бір ғана адам бар деп есептейді. Ол – АҚШ президенті Дональд Трамп». Давид Кайлдың пікірінше, Трамптың жасап отырған әрекеті әлемдік экономиканы тығырыққа тіреуде. Өйткені, ол әлемдік экономиканы басқару жүйесін өрескел бұзып отыр. 2007-2009 жылдары болған дүниежүзілік қаржы дағдарысы кезінде мемлекетіміз «Бес батыл қадам» деп аталатын бағдарлама әзірлеген болатын. Соның негізінде ұлттық қордан 10 млрд АҚШ долларын бөліп, қаражатты сол қаржылық дағдарыстан шығу мақсатында пайдаланды. «Бес батыл қадам» оң нәтижесін берді. Ал бүгінгі күні Ұлттық қордан қаражат алуға мемлекет қаншалықты дайын? Бұл – өзекті мәселе. Өйткені, 2014 жылдан бері Ұлттық қордан қаражат алуды арттырдық. Ол жылдары Қазақстан экономикасы қиындықтарға тап болды. 2015-2016 жылдары экономикалық өсім 1% ғана болды. Сол кезде Ұлттық қордан трансферттік аударымдарды ұлғайттық. Қазір де Ұлттық қордан қаржы бөлуді жалғастырып келеміз. Дағдарысқа кінәлілерді емес дағдарыстан шығу жолын іздеген дұрыс деп ойлаймын.                                      

...

Скачать:   txt (4.5 Kb)   pdf (48.3 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club