Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Балалардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы мейірбикенін рөлі

Автор:   •  Январь 27, 2021  •  Курсовая работа  •  23,552 Слов (95 Страниц)  •  534 Просмотры

Страница 1 из 95

БАЛАЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕЙІРБИКЕНІҢ РӨЛІ

1 тарау.

ҚАЗІРГІ ӘДЕБИЕТТЕГІ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА ҚАЖЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Денсаулық, салауатты өмір салты ұғымдарының сипаттамасы.

Балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері

1.2. Балалардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы мейірбикелік персоналдың рөлі

2 ТАРАУ. №124 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МЫСАЛЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫ ТАЛДАУ

2.1. №124 орта мектебінің мысалында балалардағы салауатты өмір салты туралы қалыптасқан түсінік деңгейін зерттеу

2.2. №124 орта мектебінің мысалында балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мейірбикелік персонал жұмысының тиімділігін талдау мен ұсыныстар


ҚОРЫТЫНДЫ

Қосымша А

Қосымша Б

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі: Болашақта  ел тұтқасын ұстар  азаматтардың өнегелі  тәрбиесі бүгінгі  күн тәртібінде  тұрған маңызды  мәселелердің бірі: олардың отан сүйгіштік сезімін,  білім мен  біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылдық пен адамгершілік қадір – қасиеттерін,  жаңа дүниетанымдық көзқарастарын,  салауатты дағдыларын -ұнамды мінез -құлық нормалары мен  рухани адамгершілік  құндылықтар арқылы  қалыптастыру қажет  екені,  Ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазақстан – 2030»  жолдауында жан -жақты  негізделген.

Бұл мәселе Қазақстан Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында білім  беру жүйесінің  басты міндеттерінің  бірі ретінде  көрініс тапқан.

Атап айтқанда,  Қазақстан Республикасының  бұл заңында ұлттық  және  адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика  жетістіктері негізінде  және адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және   кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім алу  үшін қажетті  жағдайлар жасау  жолдары белгіленген.

Ал, «Қазақстан  Республикасы жалпы білім беретін  мектептері  білім мазмұнын  ізгілендіру  тұжырымдамасында»... жеке адамның рухани  және күш қуат  мүмкіндіктерін ашу,  адамгершілік пен  салауаттылықтың  берік негіздерін  қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін  жағдайлар жасау» -міндеті  ерекше  аталуы біз  көтерген  мәселенің қоғам  талабынан  туындап отырғандығы, тақырыбымыздың  өзетілігін  дәлелдейді.

Қазіргі кезеңде  қоғамды ізгілікке, руханилыққа  бетбұрыс  оқу -тәрбие  жұмысында  оқушыларда салауатты  өмір салтын  қалыптастыру  қажеттілігін  айқындап отыр.

Бұл міндетті шешудің  алғы шарттары  соңғы кездері  дайындалған кейбір  зерттеулерде қарастырылған.  Ол зерттеулердің  мынандай  бағыттарда  дамып келе  жатқанын  атап көрсетуге болады:

Салауаттылықтың  мәні, тәрбиелік маңызы туралы қазақ  ғұламалары, қоғам қайраткерлері мен  ағартушы -педагогтар ой -пікірлері  мен көзқарастары  (Әл – Фараби, Ж. Баласағұн, Өтеубойдақ Тілеуқабылұлы, Қ.А. Ясауи, А. Құнанбаев, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов,  Х. Досмұхамедов,  Н.Құлжанова  және т.б.)

- Оқу тәрбие процесінде  оқушылар мен  студент жастардың салауатты өмір салтын  қалыптастыру  мәселелері   (Ж. Ембергенова,  Б.Қ.  Мұхаммеджанов,  Қ.М.  Рахымғали,  Ю.В.  Салов,  Г.Ж. Нұрышиева, Б.Қ.  Игенбаева,  Ж.З.  Торыбаева,  Е.Ю. Шуберт және т.б.)

- Валеология  ғылымының теориялық  және әдіснамалық  мәселелері (А.С. Иманғалиев,  А.Ақанов,  Ж.Ж.  Нұржанова және т.б.)

- Білім беру жүйесінде  салауатты өмір салтын  қалыптастыру  тұжырымдамасын  әзірлеу.  (Х.К.  Сатпаева, А.С.  Әділханов, Л.З.  Тель, Е.Д. Дәленов, А.А.  Ақанов, К.Ә.  Жанабердиева, З.Г. Брусенко, С.Р.  Рахметова және т.б.).

Қарастырылған  жұмыстар бүгінгі  таңда оқушыларды салауатты  өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің  біркелкі зерттелгенін  айқындайды.  Дей тұрғанымен, мектеп қабырғасында оқушылардың салауатты  өмір салтын қалыптастыру  қажеттілігі мен  бұл мәселенің  теориялық тұрғыда  зерттеліп және ғылыми әдістемелік  жағынан қажетті  деңгейде қамтамасыз  етілмегендігі  арасында қолбалылық орын алып  отырғандығы  байқалады.  Сондықтан,  біздің зерттеу  мәселеміз оқушылардың салауатты  өмір салтын қалыптастыру үрдісін теориялық  тұрғыдан негіздеу  болып табылады.  Бұл мәселе  біздің зерттеуіміздің өзектілігін  анықтап тақырыбын  «Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру  мәселелері» деп таңдауға  мүмкіндік берді

...

Скачать:   txt (162.8 Kb)   pdf (685.4 Kb)   docx (145.5 Kb)  
Продолжить читать еще 94 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club