Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отбасылық дау-жанжалдады шешудегі медиацияның рөлі

Автор:   •  Апрель 21, 2019  •  Статья  •  1,759 Слов (8 Страниц)  •  545 Просмотры

Страница 1 из 8

ОТБАСЫЛЫҚ ДАУ-ЖАНЖАЛДАРДЫ ШЕШУДЕГІ МЕДИАЦИЯНЫҢ РӨЛІ

 «Отан – отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Демек Отанға деген махаббат пен ұлтжандылықты қалыптастыруды көздеген бастамашыл әрі өміршең идеялардың негіздері отбасынан басталады деп айтуға толық негіз бар. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі» қанатты сөзі де мәселенің маңыздылығын көрсетеді. Тек өзара тиімді әрі сыйластыққа негізделген қарым-қатынастар ғана қоғамды алға жылжытушы фактор болып табылады. Алайда бұл заңдылықтың маңыздылығын білсек те күнделікті өмір бірқалыпта жүрмейді. Бүгінгі таңда адамдар арасындағы қарым-қатынастар өзара сыйластықпен қатар, дау-жанжалдардан да құралатыны шындық. Әсіресе жастар және олардың құрған отбасылық қарым-қатынастары, отбасылық дау-жанжал мен оның соңы ажырасуға әкеліп соқтырып жатқандығы өкінішті. Сол себепті отбасылық қарым-қатынастар мен дау-жанжалдарды зерттеу нысаны етіп алып, оны шешудегі медиацияның орнын айқындау өзекті мәселе болып табылады.

Жалпы алғанда ақпарттық әдебиеттерге сүйенсек медиация дегеніміз - латынның  «mediare», делдалдық ету деген сөзінен шыққан, яғни үшінші бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Аталған  үшінші тарап ретінде медиаторды танимыз, ол даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.  Бүгінгі таңдағы біздің қоғамда өзекті болып тұрған мәселе – екі адамның отбасы болып, жанұяда тіл табысуы мен өмірдің барлық қиындығына төзіп отбасыны сақтап қалу болып отыр. Қазіргі уақытта отбасыдағы жанжал мәселесінің өршуі – зерттеу жұмыстарының белсенді жүргізілуіне түрткі болып отыр. Мысалы Қазақстанда соңғы статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, 10 жылда неке құрушылар азайып, ерлі-зайыптылардың ажырасуы көбейіп кеткен. Ресми деректер бойынша, Қазақстанда үшінші жыл қатарынан некелер саны азайып, жеті жылдан бері ажырасу саны көбейіп келеді. Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, 2013 жылы – 168 417 неке, 2014 жылы – 159 328 неке, 2015 жылы 148 769 неке қиылған. Ал ажырасу саны 2014 жылы - 52 673 болса, 2015 жылы – 53 293-ке жеткен. Ұлыбританиялық The Economist журналы шығарған 2015 жылдың Pocket World in Figures статистикалық жинағындағы ақпарат бойынша, Қазақстан дүние жүзіндегі жан басына шаққанда ерлі-зайыптылар ең көп ажырасатын 10 елдің қатарына кіріп тұр [1, 60-65 бб.]. Отандық зерттеушілер жүргізген сауалнаманың нәтижесіне сүйенетін болсақ, бірінші рет некеде болып ажырасқан жастар екінші рет некеге тұрудан гөрі азаматтық некеде болуды қалайды. Бұл дегеніміз демографиялық және қоғамдағы құндылықтар жүйесінің дағдарысын білдірсе керек. Сондықтан аталмыш мәселе тек азаматтық хал актілерін жазу бөлімдері ғана емес, әлеуметтану, демограф, психолог, педагог мамандардың да қызығушылығын тудырып отыр.

Адамзат тарихында отбасындағы дау-жанжалдар адамдар арасындағы кең таралған жанжалдың бірі болып табылады. Мамандар дау-жанжалдың 80-85%  жанұяда болатындығын ескертеді. Ал 20 % жанжалдар әртүрлі себептермен байланысты адамдар арасында кезеседі делінген. Жанұядағы дау-жанжал ерлі-зайыптылардың қарым-қатынастарына ғана емес, түгел отбасы мүшелерінің әлеуметтік-психологиялық кері әсерін тигізеді [2, сс. 35-38].

Отбасы жағдайында кездесетін жанжалдар – жанұя мүшелері арасындағы келіспеушілік және әртүрлі қарама-қайшы көзқарастар мен қызығушылықтардан туындайды.  Сондықтан алдымен отбасыда кездесетін дау-жанжалдардың шығу себептерін анықтап алған дұрыс. Н.В. Гаврилова өзінің «Проблемная семья как объект социологического исследования» атты еңбегінде оларды төмендегідей себептерін көрсетеді:

...

Скачать:   txt (25.6 Kb)   pdf (147.2 Kb)   docx (14.3 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club