Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жаңылтпаштардың фонетикалық дағдыларды қалыптастудагы рөлі

Автор:   •  Май 14, 2021  •  Курсовая работа  •  5,692 Слов (23 Страниц)  •  352 Просмотры

Страница 1 из 23

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

1.1Қазақ тілінің төл дыбыстарының  жүйесі және зерттелуі..............................5

1.2 Орфоэпиялық дағдыларды қалыптастыруға қойылатын талаптар...............8 

2 ТӨЛ ДЫБЫСТАРДЫ ҮЙРЕНУДЕГІ ЖАҢЫЛТПАШТАРДЫҢ

 РӨЛІ

2.1 Жаңылтпаштар тұжырымдамасы...................................................................12

2.2 Жаңылтпаштар - тіл дамытудағы  басты құрал............................................13

2.3 Фонетикалық дағдыларды қалыптастырудағы жаңылтпаштарды

сабақта қолдану.....................................................................................................17

3 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

Сабақтың тақырыбы: Ң дыбысы мен әрпі .........................................................21

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................26

КІРІСПЕ

 Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі : «Жаңылтпаштарды фонетикалық дағдыларды қалыптастыру құралы ретінде пайдалану» атты зерттеу жұмысына қазақ тілінде жаңылтпаш дыбыстарының дұрыс айтылуы, құрылымы, жазылуы және жалпы қолданылуы туралы сабақ барысында да, сыныптан тыс уақытта да зерттеуі кіреді.

Қазіргі қазақ тілі білімінде көптеген лингвистикалық құбылыстаржан-жақты зерттелгенімен,одан әрі зерттеуді немесе зерттелетін құбылыстардың қырларын қажет ететін бірқатар құбылыстар бар. Осы құбылыстардың бірі - біздің төл дыбыстарымыздың дұрыс айтылуының, жазылуының, қолданылуының ерекшеліктері. Оқушылар көбінесе төл дыбыстарды ажыратпайды, көбіне оларды ауыстырады және шатастырады. Осыған байланысты зерттеу жұмысын жүргізудің өзі ғылыми жұмысының өзектілігін көрсетеді.

Бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тілі фонетика элементтерінен білім мен дағды беріледі. Бұл білім мен дағды басқа да тілдік фактілермен ұштасады. Оқушылар олардың ең негізгілерін тануға талпынады. Осындай білім негіздерін меңгеруде оқушылардың ой-пікірі, білім дәрежесі мен түсініктері сатылап өрлей береді. Оқушылар түсініктерінің күннен-күнге артуына орай, фонетика материалдарын қай көлемде оқыту мәселелері де келіп туады. Бастауыш мектеп оқушылары дыбыс жүйесі элементтерімен орта мектепте өтілетін фонетика материалдарына дайындық боларлықтай мөлшерде білім мен дағды алады. Бастауыш сыныптарда қазақ тілі фонетика элементтерінен оқушылар тек ең негізгі, практика жүзінде меңгеруге келетін жақтары ғана таныстырылады. Оқушылардың әрбір материалынан алған білімі сынып көтерілген сайын біртіндеп сатылап дәрежесі кеңейе береді. Бастауыш мектеп оқушыларына дыбыс пен әріп туралы білім мен дағды әліппе кезеңінен бастап меңгертіле бастайды. Мұғалім дыбыс пен әріпті оқушыларғы меңгерту процесінде жеке дыбыстардың айтылуы мен жазылуын таныстырумен бірге ол дыбыс пен әріптердің негізгі ерекшелігі, яғни дыбысталу қасиетін де меңгертеді. Дыбыстар мен әріптерге берілген таңбаларды естиміз және көреміз. Сонымен әріптерді көреміз және жазамыз деген анықтаманың мәні мен мағынасын мысалдар арқылы дәлелдеп, оны саналы түрде меңгеру үшін көмектеседі.

Оқушыларға дыбыс және әріпті таныту бағытында дыбыстан сөз құралатыны, сөздің белгілі бір мағынасы болатын сөзден сөйлем құралатыны және сөйлем арқылы адам өзінің ойын басқа біреуге түсіндіріп бере алатыны тәрізді білімдер меңгертіледі.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

 Курстық жұмыстың басты мақсаты - қазақ тілінің төл дыбыстарының айтылуы мен жазылу ерекшеліктерін оқып үйрену және оларды дұрыс қолдануға үйрету. Мақсатқа жету келесі сұрақтарды жүйелі түрде дәлелдеу міндет қойылды:

- фонетика жүйесін зерттеу;

...

Скачать:   txt (79.2 Kb)   pdf (255.1 Kb)   docx (43.5 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club