ХХ ғ. 90жж. дағдарыстық кезең тұсындағы экономикалық және қаржылық сектордың дамуы
Автор: Zhakan_Aida • Январь 27, 2019 • Реферат • 656 Слов (3 Страниц) • 886 Просмотры
ХХ ғ. 90жж. дағдарыстық кезең тұсындағы экономикалық және қаржылық сектордың дамуы
Экономиканы реформалаудың алғашқы кезеңі Қазақстанның егемендігін жариялаудан шамамен ұлттық валютаның енгізілуіне дейінгі кезеңді қамтиды.(1991-1993 жылдар).
Қазақстан экономикасын нарықтық түрлендіру әлеуметтік-экономикалық қатынастарды түбегейлі өзгерту ең алдымен басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесінен және орталықтандырылған жоспарлаудан бас тартуды талап етеді.Мемлекет жеке меншікке негізделген әлеуметтік-нарықтық шаруашылықты құру , шетелдік инвестицияларды тарту,экономиканы басқарудың халықаралық тәжірибесін жинау бағытын ұстанды.
Ресейден кейін экономика мен қаржыны басқарудың монетарлық үлгісін сынамай қабылдауына сәйкес нарықтық реформалар бағаны ырықтандырудан басталды.1992 жылдың 6 қаңтарында тауарлардың көтерме сауда бағасының 80%-ына жуығы және тұтыну бағасының 90%-ы мен көрсетілетін қызметтердің көп бөлігінің тарифтері еркін болды ,нарықтық сұраныс пен ұсыныс бойынша айқындалды.Қолма-қол ақшаның жетіспеуі жағдайында бағаны босату бағаның күрт өсуіне,өндіріс саласында да, тұтыну саласында да инфляцияның бұрын-соңды болмаған қарқынмен өршуіне әкеп соқтырды.Тұтыну бағасының индексі 1992 жылы-3060,1993 жылы -2265 көреткішін құрады.
Бағаны тежеу және оны бірте-бірте төмендету үшін бюджет тапшылығын жедел қысқартуға және бюджет шығысын тежеуге бағытталған қатал қаржы-бюджет және ақша-несие саяаты іске қосылды.1992-1993 жылдары күш-жігер көптеген жылдар бойына қордаланған және әсіресе 1990-1991 жылдары еселене өскен артық ақша жиынын жоюға бағытталды.Нәтижесінде ақша тапшы ресурсқа айналды,ақша айналысы едәуір дәрежеде тұрақтанды,баспа-бас айырбас қысқарды.Бұл уақытта баға ырықтандырылды (1992 жылдың қаңтары),ел Конституциясында баянды етілген жеке меншік заңдастырылды (1993 жылдың қаңтары),жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы қабылданды (1993 жылдың сәуірі),ол өнеркәсіп,ауыл шаруашылығы ,көлік және қызметтер көрсету салаларында бірте-бірте жүзеге асырылды,рубль аймағынан шықты және отандық ұлттық валюта-теңге енгізілді (1993 жылдың қарашасы).
Қазақстан 1993 жылы рубль аймағынан шыққаннан кейін де бұрынғы кеңес рублі пайдаланылған посткеңестік кеңестіктегі жалғыз ел болды.Осыған байланысты өздерінің ұлттық валюталарын бұрынырақ енгізген барлық бұрынғы одақтас республикалардың кеңестік ақша зор көлемде лап қойды.Алапат инфляция туындады,елден тауар жиыны көптеп әкетіле бастады,экономикалық бей-берекетсіздік жайлаған ахуал орнады.
Осы тұста президент Н.Ә.Назарбаевтің салқындылық пен ерлік көрсетуі қажет болды,ол жарты жылға жетпейтін уақыт ішінде жаңа ұлттық валютаны-теңгені басып шығарып,айналысқа енгізе білді,сөйтіп экономиканы қалпына келтіріп ,апаттан құтылудың,елдің экономикалық егемендігін қорғап қалудың сәті түсті.Шын мәнінде мұның өзі Н.Назарбаев әзірлеген және өсудің ішкі көздеріне негізделген «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы стратегиясынан» шегіну және меншікті қаражаттың жоқ болуы себепті шетелдік инвестицияны кең ауқымда тарту саясатына бет бұру дегенді білдірді.Мұндай кезең әлемдік эконмикалық практикада трансакциялық немесе ымыралық кезең ретінде айқындалды.
...