Менеджмент тарихы
Автор: Нуршат Жунус • Февраль 7, 2022 • Лекция • 1,446 Слов (6 Страниц) • 248 Просмотры
Менеджмент тарихы бірнеше мың жылдықтардан құралған. Осынау ұзақ жылдық тарихы қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік экономикалық қатынастар жүйесіндегі үзіліссіз тәжірибелердің жинақталуына байланысты болды. Басқару өте ежелгі тәжірибе болып саналады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп, өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болды. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның барлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асырылып келді.
Менеджменттің бастауы болып ерте замандағы Шумерде жазудың пайда болуымен байланыстырады.
Мысырлықтар пирамада салу жүмысы жоспарланудағы, үйымдастырудағы нактылыкты, көп адамды, олардың қызметтерін бақылауды, ішер тамақ пен жұмысшыларды орналастыруды ұйымдастыруды қажет ететін сол уақыттың басқару өнерінің керемет ескерткіші болды.
Басқару жаңалықтарының айтарлықтай бөлігі Ежелгі Римде орын алған, Мемлекетті басқарудың сызықтық құрылымы Рим империясын басқару жүйесінде көрініс алды. Оның негізгі проблемасы бір-бірінен едәуір алыстатылған барлық бөліктерінен салықтарды жинау болды. Римнен тікелей басқару өте қиын болды. Басқару құрылымын өзгерту Рим империясының күшін нығайтуға мүмкіндік берді.
Басқару тәжірибесінде ежелгі заманда пайда болған және табысты жұмыс істейтін және қазіргі уақытта басқарудың ұтымды құрылымын құру арқасында ұйымдардың мысалдары бар. Олардың қатарына ең қарапайым басқару құрылымы бар Рим Католик шіркеуі жатады.
Басқаруға қызметтің маңызды саласы ретінде сипаттама бергендердің алғашқыларының бірі Сократ (б.э.д. 470-3 77ж.ж.) болды. Ол басқаруды әр түрлі салада зерттей отырып, «негізгі міндет қажетті адамды қажетті орынға коиып, өз тапсырмасын орындату» екешн атап көрсетті. Платон (б.э.д. 428-348 ж.ж.) - мемлекеттік басқару түрлерін жіктей отырып, басқару органдарының функцияларын шектеуге тырысты. Александр Македонский (б.э.д. 356-323 ж.ж.) - әскерді басқарудың теориясы мен практикасын дамытты.
Алғашқы басқарушылық революция шамамен жеті мың жыл бұрын көне Шумер мемлекетінде орын алды. Аталмыш кезең Көне Шумер мемлекетінде жазба өнерінің пайда болуымен сипатталады. Адамзат өміріндегі осындай үлкен жетістік көптеген өзгерістерге әкелді, оның ішінде сауда осаттықтың дамуы, іскерлік жазбаны және коммерциялық есеп-айырысуды жүргізген бизнесмен-абыздардың ерекше тобының құрылуына әкелді. Осылайша, алғашқы басқарушылық революция «діни-коммерциялық» революция ретінде сипатталады.
Бірлескен еңбекті реттеу және ұйымдастырудың алғашқы, ең қарапайым формалары алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде әрекет етті. Бұл кезеңде басқару рудың немесе қауымдастықтың барлық мүшелерімен бірлесіп жүзеге асырылды. Ру және тайпалардың ақсақалдары мен көсемдері сол кезеңдегі барлық іс-әрекет түрлерінің басқарушылық бастамасын сипаттады. Басқарудағы алғашқы революция нәтижесінде менеджмент коммерциялық және діни іс-әрекет құралы ретінде қалыптасып, біртіндеп айрықша әлеуметтік институт және жаңа кәсіптік іске айналды.
Екінші басқарушылық революция (ақсүйек-әкімшілік) Басқару саласындағы екінші революция біріншісінен кейін шамамен мың жылдан кейін орын алып, халықтың түрлі әлеуметтік топтары арасындағы алуан түрлі қоғамдық қатынастарды реттеу үшін мемлекетті басқару заңдарының жиынын өңдеген вавилондық патша Хаммурапидің (б.з.д. 1792-1750 жж.) есімімен байланысты болды. Осы заңдар бойынша басқарудың ақсүйектік стилі енгізіліп, бақылау күшейтіліп, жұмыстардың орындалуы үшін жауапкершілік арта түсті. Бұл басқарудың микро деңгейдегі емес, макродеңгейдегі, яғни тұтастай ел шеңберіндегі сапалы жаңа деңгейі еді. Сондықтан екінші басқарушылық революцияны әдетте «ақсүйек-әкімшілік» деп атайды. Менеджменттегі екінші революцияның мәні басқарудың таза ақсүйектік стилінің туындауынан, адамдар
...