Менеджмент тарихы
Автор: salta-6 • Апрель 30, 2018 • Лекция • 574 Слов (3 Страниц) • 1,193 Просмотры
Менеджмент тарихы
Жоспар:
1. Менеджмент және басқару: ұқсастықтар мен айырмашылықтар
2. Менеджменттің негізгі амалдары мен мектептері
«МЕНЕДЖМЕНТ» ұғымының тарихи мәні
Антикалық демагог. Адамдары басқару грекше «демагогия» деп аталды.
«Demagogia» «адамдары басқару », «елді басқару» (demos — халық, ago — алып жүремін) деп аударылады.
Деспотия — шексіз билік. Грек сөзі despoteia халықтың үстінен түрған бір адамның шексіз билігі. Деспотизм — биліктің түрі, жеке билікке негізделген, бір адамның шексіз билікке ұмтылуы.
Педагог және нұсқаушы. Ежелгі грек сөзі «paidagogeo» тек «тәрбиелеу» ғана ұғымды білдірмейді, с.қ. «басқару», «ұйымдастыру», «орналастыру», «үйрету» дегенді білдіреді. Алғашында педагог дегеніміз баланы мектепке апаратын құл не баланы қарайтын қызметшіні атаған. Кейіннен бұл сөздің қосымша мағынасы, «көсем», «басшы» пайда болды XIX ғ. 80-жылдарының аяғында Тейлор және XX ғ. 80-жылдарының басында Р.Уотермен бір нәрсені,яғни, бағыныштылар үлкен балалар, басшы— әке және нұсқаушы деп айтты.
Кәсіпкер және менеджер. Латын тілінде mancepts деген сөз — кәсіпкер, бөлуші дегенді білдіреді. Mancepts деген сөз «кәсіпкер» деп аударылады — капиталды өз күшімен, еңбегімен тапқан, тек ерік-жігерімен ғана емес, с.қ. қулығымен және айлакерлігімен тапқан адамды айтады.
Менеджер — жалданбалы жұмысшы. Менеджер — капиталистің компаньон емес, жалданбалы жұмысшы. Ол кәсіпкердің немен сәтті айналыса алмайтынына көп көңіл бөледі. Менеджердің кәсіпкерлік міндетіне адамдарды басқара алу өнері, оларды мотивациялау және қызықтыра білу кіреді.
«Менеджмент» ұғымының бірнеше мағынасы бар:
1) Менеджмент еңбек қызметінің бір түрі ретінде түсіндіріледі. Басқару – бұл ой еңбегі, ол арқылы басқару процесі жүзеге асады.
2) Менеджмент басқару процесінің өзін атайды, оған функциялар, әдістер мен құралдар кіреді
3) Менеджмент – басқару ұйымы, мысалы, менеджер басқару аппараты бөлімдерінің жиынтығы
4) Менеджмент кәсіпті түрде басқару ісімен айналысатын басқару аппаратына кіретін қызметте отырған адамдар категориясы.
5) Менеджмент – бұл адамдар адамдарды басқарған кезде пайда болатын мәселелерге арналған ғылыми пән.
6) Менеджмент ғылыми пән ретінде басқару тәжірибесіне сүйенеді. Сол себепті менеджмент деп нақты басқару тәжірибесін және оны тұжырымдау деп түсінеді.
7) Менеджмент – тек ғылым ғана емес, с.қ. басқару өнері. Басқарудың нақты қозғалысы үшін берілетін нақты бағыттардан гөрі, басқарушылық ғылымы жалпы бағдар береді.
...