Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде

Автор:   •  Февраль 14, 2019  •  Доклад  •  5,700 Слов (23 Страниц)  •  2,059 Просмотры

Страница 1 из 23

Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде

Ұйымдастыру қызметінің мазмұны

Кез келген компания құрылымды ұйымдастыру мәселесіне тап болады. Тек қайта ұйымдастыру ғана жаңа стратегияны қолдауға, өзгермелі нарықтық жағдайларға бейімдеуге, өндірістің инновациялық технологиясын енгізуге мүмкіндік береді. Мәселен, қайта құрылымдау процесінде Xerox корпорациясында тоғыз тәуелсіз өндірістік бөлімше құрылды. Жаңа құрылым әрбір стратегиялық бизнес-бірлік ішінде қызметкерлердің ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға, жаңа технологияларды игеруді жеделдетуге мүмкіндік берді.

Ұйымдастыру функциясы  менеджменттің негізгі функциясы болып табылады. Кең мағынада – бұл кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған басқару персоналының қызмет түрі. Ұйымдастыру функциясы жалпы мақсаттарға жету үшін адамдарға тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін кәсіпорынның құрылымын құру процесі ретінде анықталуы мүмкін.

Ұйымдастрыу функциясы барлық басқару жүйесін қамтиды. Басқа функциялармен салыстырғанда оның ерекшелігі барлық басқа функциялардың өзара байланысы мен іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз етеді. Ұйымдастыру арқылы адамдар мен бөлімшелер бірыңғай өндірістік ағзаға қосылады. Алайда бұл қосылыс кездейсоқ емес, басқару заңдары мен өндіріс міндеттеріне бағынады. Ұйымдастыру қызметі әрекетінің арқасында объект пен басқару субъектісі арасында өзара іс-қимыл орнатылады.

Ұйым деп ең алдымен бөлімшелердің, бөлімдердің және қызмет түрлерінің деңгейінде еңбекті бөлуден, билік құрылымын және әртүрлі жұмыс міндеттерін орындауды үйлестіру тетіктерін қалыптастырудан көрінетін компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін ұйымдастыру ресурстарын орналастыру және пайдалану түсініледі.

Ұйым басқару схемасы мен құрылымын, лауазымдық нұсқаулықтарды, ережелерді, басқа да нормативтік құжаттарды әзірлеуге және бекітуге бағытталған қызмет түрі ретінде әрекет етеді. Ол істің қазіргі жағдайын терең экономикалық талдауға, ғылыми есептеуге, қызметкердің мінез-құлқын және басқару процесін жан-жақты зерделеуге негізделеді. Қазіргі уақытта барлық шаруашылық механизмді қайта құру кезінде ұйымға жоғары талаптар қойылады. Бұл жағдайда ұйым сөздің ең кең мағынасында экономиканы басқаруды одан әрі жетілдірудің шешуші буыны болып табылады.

Ұйымдастырушылық құрылым-міндеттерді орындау процесінде ресурстарды басқару үшін қолданылатын менеджмент құралы.

Ұйымдастыру құрылымы кәсіпорынның, оның бөлімшелерінің мақсаттарымен және олардың функцияларымен айқындалатын бөлімшелер мен олардың өзара байланысыy құрайды.

Ұйым процесі жұмыс міндеттерін бөлуді және ресурстарды орналастыру мен пайдалануды айқындайтын Ұйымдық құрылым құруға әкеледі. Ұйымдық құрылым:

  1. қызметкерлер мен бөлімшелерге тағайындалатын ресми міндеттер кешені;
  2. билік өкілеттілігі желісін, қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілікті, иерархия деңгейлерінің санын және басқару нормасын қоса алғанда, ресми есеп берушіліктің өзара қарым-қатынастары;
  3. бөлім қызметкерлерінің қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ететін жүйелерді әзірлеу ретінде анықталады.

Құрылым белгіленген жоспарларды орындау үшін қажетті адами, материалдық және қаржылық ресурстардың белгілі бір үйлесімін қамтиды.

Бұл процесс келесі кезеңдерді қамтиды:

- кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттерін анықтау;

- қойылған міндеттерді шешу үшін орындалатын жұмыс түрлерін анықтау;

- қолда бар адами ресурстарды, жұмыс күшін бағалау;

- ұйымдастыру құрылымдарына функциялар мен адами ресурстарды топтастыру;

- әр түрлі деңгейдегі басқару қызметкерлерінің жауапкершілік дәрежесін және өкілеттік сипатын анықтау және бағалау;

- кәсіпорында қызметтің ерекше түрлерін анықтау;

- лауазымдық нұсқаулықтарды, нормативтер сызбаларын ресімдеу және бекіту.

...

Скачать:   txt (67.8 Kb)   pdf (296.1 Kb)   docx (48.2 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club