Стоматологиялық кабинеттің жұмысын ұйымдастыру,стоматологиядағы менеджмент және маркеттинг
Автор: Aristan4ik • Октябрь 27, 2022 • Реферат • 850 Слов (4 Страниц) • 236 Просмотры
[pic 1]
Реферат
Сабақтың тақырыбы:Стоматологиялық кабинеттің жұмысын ұйымдастыру,стоматологиядағы менеджмент және маркеттинг
Орындаған:Ашекей Арыстан
Группа:105А
Алматы 2022
Жоспар
1.Стоматологиялық кабинетi ұйымдастыру.
2. Стоматологиядық бөлменің құрал-жабдықтар.
3. Стоматологиялық кабинеттегі қондырғының орналасуы
4. Стоматологиялық қондырғының қосылуы
5.Стоматологиядағы менеджмент жане маркеттинг
Стоматологиялық бөлменің ауданы дәрігер жалғыз өзі жұмыс істегенде кем дегенде 14 м2 болуы керек (шамамен 4,3 х 3,3 м). Қосымша жайлы орындық қойылатын болса, тағы да 7 м2қа тең жұмыс орны қарастырылады. Бөлменің биіктігі 3,3 м-дең кем болмау керек, тереңдігі- 6м-дең аспау керек.Екі жайлы орындық қатартұрғанда аралығы 1,5 м болғаны жөн. Бөлменің қабырғалары тегіс болу керек, ақшыл түске боялған. Терезе мен есіктерді майлы бояумен немесе эмальмен ақ түске бояйды.Стоматологиялық бөлмеде табиғи жарық болу керек. Және бөлмеде ауаны залалсаздандыру үшін
арнайы кварц шамы болуы тиіс.
Стоматологиялық бөлменің аспаптары .
Дәрігер –стоматологтың жұмыс орны келесі заттардан тұрады: стоматолгиялық қондырғы , кресло, дәрідәрмектерді және материалдар тұратын стол, қозғалмалы орындық.Мейірбикенің жұмыс орнының жабдықталуы:құрал-жабдықтарды реттейтен стол, құрғақ ауа шкафы,
залалсыздандырылған үстелдер. Санитарканың жұмыс орнының жабдықталуы : қол жуатын және құрал –жабдықтарды жуатын орын. Материалдармен және құралжабдықтарды сақтайтын шкаф , улы заттарды сақтайтын шкаф (А) қатты әсері бар дәрілер (Б) шкафында
сақталады.
Стоматологиялық қондырғы автоматты түрде іске қосылады, шамы жанады, компрессор қосылады. Ауыз қуысын және қатты тіндерді егеу үшін, ауыз қуысын тазарту үшін . Қатты тіндерді егеу үшін қолданылатын
құрал әртүрлі жылдамдықта жұмыс істейді.
Кабинетте ауа алмасу жиілігі сору бойынша сағатына 3 рет және келу бойынша сағатына 2 рет жалпы алмасу механикалық желдету (сору-сыртқа тарату) жүйесі жабдықталады. Жалпы алмасу желдеткішінің болуына қарамастан кабинетте оңай ашылатын фрамугалар немесе желкөздер болуы тиіс.
Медициналық персонал жұмыс уақытының 50% - дан астам немесе үздіксіз жұмыстың 2 сағатынан астам болатын тұрақты жұмыс орындарында микроклиматтың мынадай параметрлері қамтамасыз етілуі тиіс: қыста – температура 18-230С (жазда – 21-25), ылғалдылық 40-60%, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,2-0,3 м/с.
Стоматологиялық кабинетте фотозертханалық өңдеуді талап етпейтін және жұмыс жүктемесі 40 (мА х мин) / аптаға дейін сандық кескін қабылдағышы бар нысаналы түсірілімдерге арналған рентген аппараты орналастырылуы мүмкін.
...