Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазiргi жаfдайдаfы және болашактаfы менеджмент iлiмiнiн дамуынын басымдылыктары және yрдiстерi

Автор:   •  Февраль 25, 2023  •  Статья  •  631 Слов (3 Страниц)  •  144 Просмотры

Страница 1 из 3

Балтабай А.Н., 2 курс ( академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ)

Ғылыми жетекші – Тусупбаева Ботакоз

ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҚТАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ ІЛІМІНІҢ ДАМУЫНЫҢ БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ҮРДІСТЕРІ

Менеджмент – заманауи бірліктер негізінде құралған әдістердің, принциптердің, сондай-ақ, құралдар мен формалардың жиынтығы негізінде кез келген ұйымның тиімділігі арттыруға бағытталған жүйе болып табылады. Қазіргі таңда менеджмент саласында болып жатқан түрлі өзгерістер мен теориялық ұғымдардың орнауы оның дамуы жағдайына септігін тигізуде. Мәселен, қазіргі кезде адамның түрлі мінез-құлқын анықтауға арналған технологиялық жаңалықтарды енгізу көзделуде. Біз білетіндей, осы уақытқа дейін менеджмент саласында теорияның негіздері арқылы практикалық жұмыстар жүргізілді.

Қазіргі таңда менеджмент ілімінің дамуы басымдықтарын анықтауда келесідей белгілерді атап өтуге болады. Олар:

  • жоспарлау және ұйымдастырушылық мәдениеті дамуда;
  • ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлаулар мен басқару кезінде арнайы қосымша бағыттар бойынша көптеген жұмыстар жүргізілуде;
  • жаңа бағыттар негізінде жұмыс жасайтын менеджменттің құралдары қазіргі таңда тек қана коммерциялық салаларда ғана емес, сонымен қатар, мемлекет секторларда да маңыздылыққа ие болуда;
  • салаларды дамыту және басқару бойынша менеджменттің жаңа құралдары мен әдістерін дайындау бойынша дамыту жұмыстары жүріп жатыр.

Қазіргі таңда еліміздегі барлық кәсіпорындар бойынша ұйымның табысы, бәсекеге қабілеттілік қасиеті, табыс факторын әсер етуші көздерді анықтау, қызметтің тиімділігі мен пайдалылығын арттыру маңызды процесс болып табылады. Кәсіпорын осы аталған маңызды факторларға қол жеткізу мақсатында менеджменттің қазіргі заманға сай әдістерін қарастыруы қажет болады. Осы тұста, заманауи деңгейде менеджменттік басқару тәсілін пайдалану ұйым табыстылығын арттыруы сөзсіз. Себебі, кез келген кәсіпорынның басты мақсаты пайда табу мақсатына құрылады. Кәсіпорының мәдени нормативтерін, қағидаларын, құндылықтарын сақтай отырып, ұйымның арнайы ерекшеліктері мен образын жинақтау өте маңызды.

 Қазіргі жағдайдағы және болашақ уақытта осы менеджмент саласы үшін күтілетін жаңа басымдықтар мен үрдістерді анықтап көрейік. Дәстүрлі сипатта қалыптасқан басқару, үйлестіру, орнату, дамыту, жоспарлау және бақылау процесстерінің интеграцияланған, бір орталыққа бағытталған жүйесін құру менеджменттің даму мүмкіндіктерінің бірінші сатысын анықтайды. Екіншіден, менеджментті маркетинг, бюджеттік басқару және инновациялық даму мүмкіндіктерін жасау арқылы модельдік құрылым дайындау керек. Менеджмент ілімінің дамуы үшін және оның ерекше басымдығын анықтауда, ешқашан трендтен жоғалмайтын және өзінің маңыз-дылығын барған сайын арттыратын адамның интелектуалды шығармашылық дамыту мәселесін айта аламыз. Біз интелектуалды шығармашылық бейіміміз-ді арттыру арқылы инновацияны жаңа мүмкіндіктерін иеленуімізге мүмкін-дік өте жоғары. Төртіншіден, менеджмент – адами ресурстар мен капиталдар-дың біріктірілген ортасы болғандықтан, оларды дамыту арқылы жаңа жобаларды жасау, интеллектуалды көшбасшы дайындау, ұйымның жаңа имиджін қалыптастыру және оны ұзақ уақыт бойы ұстап тұру мүмкіндіктерін иеленеміз. Менеджменттің дамуы ісіндегі тағы бір жағдай – ішкі жағдай-ларды әрқашан тұрақты әрі тең дәрежелі динамиканы қалыптастыру үшін қажет болатын маңызды ресурстарды дамыту мәселелерін шешеді. Қазіргі таңда заманауи деңгейде менеджментті дамыту басымдықтары мен үрдістері: адам, ұйым және мемлекеттік факторларды ескеру арқылы жаңашалан-дырылған идеяны дайындау арқылы қол жеткізіледі. Дәстүрлі жүйе бойынша менеджменттің жұмыс жасау процессі бір айналымды циклді құраса, қазіргі таңда күн сайын емес, секунд сайын дамып жатырған заманауи менеджмент саласындағы ерекшеліктер бойынша жұмыс жасау өте маңызды.

...

Скачать:   txt (9.3 Kb)   pdf (91.1 Kb)   docx (200.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club