Оқиғалы туризм және ивент-менеджмент
Автор: Gulnar16 • Март 26, 2018 • Реферат • 685 Слов (3 Страниц) • 1,674 Просмотры
Оқиғалы туризм және ивент-менеджмент
Аннотация
Мақала оқиғалы туризм мен ивент-менеджменттің өзара байланысын зерттеуге арналған. Оқиғалы туризмнің мәні қарастырылып, анықтама берілген. Ивенттің тәсілдері мен классификациясы ұсынылған. Ивенттің туризм дамуының әсеріне негізделген.
Кілтті сөздері: оқиғалы туризм, оқиғалы менеджмент, туризм менеджменті, ивент.
Ивент ( ағылшын тілінен аударғанда event – іс-әрекетғ оқиға) – ойын-сауық немесе жарнамалық ұсыным негізіндегі, театрлық қойылымның жүзеге асырылуы, кино немесе телеэкран, спорттық немесе цирктік алаңдағы әр түрлі сюжеттік қойылымдардың орындалуы, компьютерлік графика және т.б. Арнайы іс-шараның жоспарлануы, дайындалуы, жүзеге асырылуы болатын процесс. Басқа кез-келген ұйымдастыру формасы сияқты бағаны, анықтамасын, мәліметтер жинауды, басқаруды, уақытты талдауды, қаржыны, персоналды, қызметтерді, және басқа да ресурстар мен объектілерді қамтиды. «Ивент» сөзі қазақ тілі этимологиясында кездеспейтін жаңа сөз болып табылады. Советтік кезде «мәдени көпшілік іс-шара» сөзі жиі қолданған.
Оқиғалы туризм – ивент ұғымы оқиға, іс-шара, шоу, рәсім деген ұғымдарды білдіреді [1].
Оқиға – туризм саласындағы маңызды мотивациялық фактор болып табылады. Ивенттер туризм дамуы мен туризмдегі көптеген маркетингтік іс-шараларға үлкен әсерін тигізеді. Оқиғаның ерте жоспарланған әсері мен рөлі туризм сфересында құжатпен бекітіледі, әсересе үлкен ивенттік іс-әрекеттер туристік ортада үлкен бәсекеге ие. Оқиғалы туризм ғылыми орта мен туризм индустриясында жиырма жыл бұрын пайда болды. Оқиғалы туризмді қарастыратын болсақ, тұтынушының көзқарасы бойынша кім және неліктен әр түрлі ивенттер үшін саяхаттайды, қандай туристер өз саяхаттарын ивентке арнайды деген сұрақтарды анықтайық. Және де атап өтетін бір жайт, саяхат кезінде «ивент-туристер» немен айналысады және қанда шығын жұмсайды. Ұсыныс жағы бойынша, дамуы бойынша, әр түрлі ивенттің нарықта жылжуы келесі функцияларды орындауға арналған: туристердің қызығушылығы, қалалардың жылдам жаңаруы, туристік сыйымдылықтың жоғарылауы мен туризм инфрақұрылымының дамуы, жоғары дәрежелі имидждің қалыптасуы мен дамытылып отырған аймаққа жақсартылған жағдай үшін салымдар аудару, жұмыс күші және қаржыландыру.
Ивенттер мен ивент-менеджмент
Оқиғалы немесе ивент-менеджмент те,оқиғалы туризм сияқты қазіргі таңда қарқынды түрде дамып келе жатқан сала, және бұл салада
туристер – жоспарланған іс-шаралар нарығындағы әлеуетті тұтынушылар. Туризм индустриясы мемлекеттің тартымды болуын талап етеді. Бірақ, барлық оқиғалар тек туризмге ғана бағытталмауы керек. Себебі, маркетингтік бағдарды қабылдау кейде жағымсыз әсер тудырады. Сонымен қатар, ивенттердің басқа да мақсаттары мен міндеттері бар, оның ішінде қоғымның қалыптасуы, қалалардың жандануы, мәдени дамуы, ұлттық ерекшеліктерді қолдау, т.б.
Жоспарланған оқиғалар немесе ивенттер – бұл кеңістік пен уақыт феномені, олардың әрқайсысы қоршаған ортаға, аудиторияға, басқару жүйесіне, т.б. байланысты ерекше болады. Ивенттердің ең басты тартымдылығы ол – әр ивенттің ешқашан қайталанбай, ерекше әсер қалдыруында. Яғни сіз белгілі бір уақытта, белгілі бір жерге тек сол әсерлерді сезіну үшін ғана барасыз. Одан бөлек, туризм индустриясының тұтынушылары «виртуалды ивенттерге» де қызығушылық танытады. Ондағы коммуникация әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылады.
...