Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мотивация

Автор:   •  Сентябрь 14, 2023  •  Сочинение  •  463 Слов (2 Страниц)  •  139 Просмотры

Страница 1 из 2

Қазіргі кезде кейбір адамдарға еңбек ету үшін мотивация қажет. Мотивация(ниет)-психология ғылымы бойынша адамға  іс бастатқызған, мақсатқа бағыттаған, талпыныс жігерін күшейткен, мақсатқа жетуге құлшындырған ішкі ынталылықтың ықпалдылығы. Енді сұрақ туындайды мотивация еңбек етудегі мақсақты мен маңызы қандай?

Жалпы бұл сұраққа жауап беруге тырысамын. Біріншіден мотивация деген не? Мотивация жаңа айтқандай талпындарғыш, ниет, мақсатқа жеткізу талпындырғыш. Мотивацияны әрекетіміздің, ниетіміздің, қалауымыздың себепті ішкі түрткісі депте атасақ қате болмайды. Жалпы тілмен айтқанда, мотивация әр адамға күш беріп, қанаттандыратын сөз. Және ол сан түрлі болуы мүмкін. Себебі, әр адам мотивацияны әр жерден алады. Кей біреулер өзінің үлгі тұтатын адамынан шабыт алып, жігерленсе, енді бірі әке-шешесінен, бауырларынан алады. Әрине, бәріміз білетін әлеуметтік желіден, кітаптан оқитын қанатты сөздеріміз тағы бар. Туған-туысқаның, жақындарың, достарың көрсеткен қолдаудыда мотивация десек артық айтқанымыз болмас. Тіпті, өмір сүруге күш беретін әуендерде осы қатарға жатады. Жалпы айтқанда, мотивацияны адам кез-келген жерден,кез-келген заттан ала алады. Мотивация не екенін білдік. Екіншіден, оның еңбек етудегі маңызы қандай? Әр адамда мақсат, өмірге деген құлшыныс болу қажет. Ол мақсатқа жету үшін еңбек ету қажет. Ал еңбектену үшін мотивация қажет.Мысалға сен жүзуден әлем чемпионы болғын келеді. Оған сен күнде жаттығып,дұрыс тамақтанып,жүзуден өз нәтижелерінді жақсартып, мықты болуға тырысасың. Оның бәрі еңбек,сенің маңдай терін. Ал осы еңбектің бәрі сенің нәтижене барады. Ал сол нәтиже сол еңбегінің мотивациясы. Әне мотивация еңбек іс-әрекетінің жасалуына үлкен әсер тигізеді. Ал оны қайдан алуға, қалай табуға болады? Жалпы, мотивацияның қайнары көп. Ол сыртқы фактор немесе ішкі фактор болуы да мүмкін. Оны әркім өзінің ішкі күйіне, өз ерекшеліктеріне, мақсатына қарай тауып алуына болады дейді психологтар. Әркімнің мотивациясы түрлі-түрлі. Есте ұстаңыз, сіздің мотивацияңыз көршіңіздікіндей, әпкеңіздікіндей немесе досыңыздыкіне ұқсас болмауы мүмкін. Сондықтан өз мотивацияңызды іздеп тапқаныңыз жөн. Өйткені мотивация белгілі бір жетістікке жету, іс тындыру үшін ғана емес, өмір сүруге құштар болу үшін де қажет . Кейбір кезде сіз өзіңіз басқа біреуге мотивация туындыратын адам болуыныз мүмкінсіз. Сол кезде сұрақ туындайды басқа адамдарды қалай шабыттандыруға болады?Мотивациялау қабілеті тек басшылық қызметте ғана пайдалы емес. Бұл дағды отбасында, балаларды тәрбиелеуде, іс-шараларды ұйымдастыруда – өмірдің кез келген саласында пайдалы болуы мүмкін.Басқаларды ұлы істерге шабыттандыруды үйрену үшін мотивацияның әртүрлі түрлері бар екендігін есте сақтау маңызды.Алдымен адамды не жетелейтінін анықтау керек: ақша, амбиция, арманды жүзеге асыруға деген ұмтылыс. Әрі қарай, сіз оның құндылықтары мен орындалатын әрекеттер арасындағы байланысты көрсетуіңіз қажет. Ең қарапайым мысал, қызметкер жақсы жұмыс істеген жағдайда алатын сыйақы. Осылай адамға мотивация беруге болады.

...

Скачать:   txt (6.5 Kb)   pdf (40.2 Kb)   docx (8.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club