Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менеджменттегі мотивация

Автор:   •  Июнь 20, 2021  •  Контрольная работа  •  262 Слов (2 Страниц)  •  298 Просмотры

Страница 1 из 2

ОРЫНДАҒАН:Избасова Гүлдана БК-201

КЕЙС 9 апта МЕНЕДЖМЕНТ

Тақырып: Менеджменттегі мотивация

КЕЙС

Ет комбинатының жұмыскерлерін мотивациялау

  1. Романовтың мотивациялық саясаты қалайша және қандай дәрежеде Маслоу иерархиясының қажеттіліктерін қанағаттандырады?

Менің ойымша Романов өзінің қызметкерлерінің жұмысқа байланысты шешім қабылдауға қатыстыру арқылы ол, Маслоу иерархиясының «Сый-құрмет қажеттілігі» бөлімін негізге алды деп ойлаймын.

  1. Күту теориясын пайдалану саясатының табысын түсіндіріңіз.

Күту теориясының негізі Виктор Врумның еңбектері арқылы пайда болған деп айтсақ болады.Мотивациялық талдау кезінде,соның ішінде еңбекке деген мотивацияның 3 түрі бар.Олар:еңбек шығындары-нәтижелер,нәтижелер-марапаттау,валенттілік-марапаттауға қанағаттану. Ситуация бойынша Романов өзінің қызметкерлерін басшылық қызметке араластыру арқылы ол еңбек нәтижелігін күтуді жоспарлаған.Бұның соңы қандай табыс әкелетінін күту теориясын пайдалана отырып,бақылағысы келді.

  1. Сіз «Подмосковный» ет комбинатында жұмыс жасағыңыз келе ме? Өз жауабыңызды негіздеңіз.

 Егер мүмкіндік болса жұмыс жасауға келісімімді беретін едім.Себебі басшы қызметкерлерге жеткілікті мотивация беріп жүр.Тіпті басқару саласына дейін қызметкерлерге еркіндік берді.Онымен қоса,жақсы жұмыс жасағандардың арасында сыйақы тағайындап жатыр.Жұмыс жасауға ыңғайлы жер деп айтуға болады.

  1. Романов «денсаулық» факторларына ма әлде Герцбергтің мотивациялық факторларына көңіл бөлді ме?

Менің ойымша, Романов Герцбергтің мотивациялық факторларына көңіл бөлді.Себебі,ол қызметкерлерді жұмыс жасауға барынша мотивация берді.Яғни, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін ынталандыруды жүзеге асырды.

  1. Мұндай мотивациялық бағдарламаның басқа сала кәсіпорындарында, оның ішінде материалдық емес өндіріс саласында табысқа жетуі мүмкін бе?

Әрине, басқа салада да жұмыс жасайтын қызметкерлерді ынталандырып,жұмысқа деген құлшынысын жоғалтпай тұрақты ұстап тұрса,табысқа жету әбден мүмкін.Жұмыстың табысты болуы тікелей жұмыс жасайтын қызметкерлерге байланысты.

...

Скачать:   txt (4.3 Kb)   pdf (79.6 Kb)   docx (8.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club