Контрольная работа по "Менеджменту"
Автор: aida.kakimova17 • Апрель 17, 2022 • Контрольная работа • 568 Слов (3 Страниц) • 199 Просмотры
1. British Petroleum компаниясының Deepwater Horizon апатына жауап беруге
дәрменсіздігін компания басшыларының басқару деңгейі ретінде қалай бағалар
едіңіз?
Менің ойымша, әрбір компания жұмысшыларын алған кезде, құжаттарға қол қойған кезде олардың қауіпсіздігіне жауап береді деп ойлаймын. Бірақ, бұл жағдайда біз көріп тұрғанымыздай қауіпсіздік толығымен қамтамасыз етілмеген. British Petroleum компаниясының бас атқарушы директоры Тони Хейворд: «Біз бұл жағдайдытүзетпейінше, дамыл таппаймыз. ...Бұрынғы беделге ғана сүйеніп абырой сақтап қала алмаймыз, қалай болғанда да жұрт бізге әрекетіміздің сапасы, қарқыны, ұшқырлығы ментиімділігіне қарап баға береді»-деген сөздері сенерліктей болды. Бірақ, іс жүзінде компания барлық жауапкершілікті өз серіктестеріне жабуға тырысты. Жай ғана айыппұл төледі. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Себебі, мұндай жағдайлар болмауына тырысуымыз қажет. Осындай апаттардың кесірінен елдің экономокасына, экологиясына зиян келтіреді. Маңдай мен терімізді төгіп, қауіпсіздігімізді сақтау керек.
2. Ірі америкалық корпорацияның бұрынғы бас директоры British Petroleum мен Deepwater Horizon апаты туралы айтқаны: «Осы оқиғадан кейін, әлем British Petroleum және оның бас атқарушы директоры Тони Хейвардтың, шикі мұнай жайылып бара жатқан кезде, қателіктен кейін қателік жасағанына куәгер болды. ...British Petroleum-нің қоршаған ортаны қорғау туралы сөздері түкке де тұрмады, өйткені олардың іс-әрекеттері мәлімдемелеріне сәйкес болмады. ...Жуырда, British Petroleum демеушілік еткен Шығанақ жағажайындағы туризм жөніндегі телевизиялық науқан «барлығы өз қалпына келді», – деп хабарлады. Қалпына келтіру жұмыстарында елеулі прогресс жасалғанына еш күмән жоқ. Бірақ кішкентай ғана хабарлама қылмыскер туралы сіздің пікіріңізді өзгерте ме?». British Petroleum жинаған кездейсоқ таңдалған америкалық клиенттердің жиналысына шақырылдыңыз деп елестетейік. Компания сияқты адамдар да оның Deepwater Horizon апатының аясындағы әрекеттері туралы не ойлайтынын білгісі келеді. Жоғарыда келтірілген дәйексөздің соңындағы сұраққа қалай жауап бересіз? Өз пікіріңізді қалай түсіндірер едіңіз?
Осы апаттан кейін бірнеше сот істері жүргізілгені бізге белгілі, 2011 жылдың 20 сәуірінде BP компаниясы Transocean Ltd компаниясына жаңа Орлеан федералды сотына талап
...