Контрольная работа по "Менеджменту"
Автор: Nazekaa00 • Октябрь 30, 2019 • Практическая работа • 346 Слов (2 Страниц) • 393 Просмотры
2. КЕЙС бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:
1. Сіздің ойыңызша Роза Райхман кәсіпкер ма, әлде менеджер ма?
Менің көз қарасым бойынша Роза Раймхан үздік менеджер.Неге? Себебі компанияның президенті Анри Мишель өз бөлімшесінің қызметкерлерінің жұмыстан қыскартуын талап етті. Роза Раймхан ұсыныспен келіспей, бөлімше қызметкерлерін толық құрамды қалдыруын ұсынды.
Роза Раймхан баспа бөлімін рекламалық агенттігіне айналдырып, жаңа клиенттерді ынталандыра бастады.Осының әсерінен компанияның қызмет саласы кеңейтіліп,көп табыс таба бастады.Роза РаймханҰйымның сырткы ортадағы стратегиясын,сонымен қатар сыртқы ортамен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуімен жұмыс жасады.
Роза Раймхан қызметкерлерді оның шешімінің дұрыстығы және одан әрі табысты дамуға сендіре алды, бұл командалық жұмысты және үйлесімді ұйымдастырушылықты талап етті.
Роза Раймхан бизнестін ішінде бизнесті жүргізді,яғни ол менеджер ретіндегі орнын жоғалтпай, жұмыс істеп тұрған кәсіпорын ішіндегі өз жұмысын жүргізетін жаңа бөлім уйымдастырды.Бұл жарнамалык бөлім Роза Раймханның бастамасымен ашылғандықтан және ол оның жұмысына жауап беретін болғандықтан, ол топ алдына міндеттер қойып, жетекшінің қабылдаған жұмысын орындауға мәжбүр болды.
2. Сіздің болжамыңызша, Анре Мишельдің жоғары звенодағы жетекші ретіндегі Роза Райхманның ұсынысын қабылдауы қаншалықты дұрыс? Неге?
Анри Мишельдің келісімімен және қарсы пікірлерін тұжырымдаймыз.
Келісілген пікірлер:
- Қызметкерлердің жұмыс орынының сақталуы,жұмыссыздықтың сақталуы;
- Жаңа бөлім жаңа клиенттерді көп ынталандырады,бұл кәсіпорынның қызметіне оң әсер етеді;
- Табыстың көбеюі.Бөлім қызметкерлері тынбай еңбек етіп,көп табыс табса , жалақылары көбейеді.
Қарсы пікірлер:
- Қаржылық тәуекел.Кәсіпорын жаңа бөлім ашуға ақша бөлгендіктен оны қайтарып алмауы мүмкін,керісінше қаржылық шығын келтіруі мүмкін;
- Маркетинг саласындағы бәсекелестік;
- Роза Раймхан жаңа бөлімшені қаржыландыру барысында,өз жұмысын дұрыс жаса алмау салдарынан компанияның беделін түсіруі мүмкін еді.
3. Аталған ситуацияларда аталған мәселелерден басқа Роза Райхман өз бөлімінің дербес бизнеске айналдыру барысында қандай басқа да қиындықтарға жолықты?
Менің ойым бойынша,бұл жаңадан ашылған бөлім болған соң, қаржыны және жаңа мамандарды керек етеді.Мамандардың жаңадан ашылған жұмысқа келуі киындық тудырады.
...