Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Маркетингтің негізгі мақсаттары

Автор:   •  Сентябрь 24, 2021  •  Реферат  •  1,538 Слов (7 Страниц)  •  423 Просмотры

Страница 1 из 7
  1. Маркетингтің негізгі мақсаттары.

Маркетингтік мақсаттар фирманың өз мақсатына жетуін қамтамасыз етеді. Бұл мақсаттар сан арқылы көрсетіледі және нақты, уақыты шектеулі, икемді болып келеді, әр түрлі жағдайларға қарай түзетуге келетін мақсаттар болуы мүмкін.

Мақсаттар сатысында, әрине, алғашқы орын фирманың табиғи мақсаты болып саналатын – үнемі пайда түсіру және оны көп шамалау болып табылады. Көптеген американдық, батыс еуропалық, ресейлік және қазақстандық фирмалар пайданы өзінің қызметінің негізгі мақсаты ретінде  қарастырады. Германия маркетинг ассоциясы мәліметтері бойынша, неміс компанияларының негізгі маркетингтік мақсаты жаңа тауар жасау немесе оны жаңғыртып, жетілдіру (модификациялау) болып табылады. Әйгілі жапондық фирмалардың стратегиялық мақсаты тауардың сапасын жоғарылату. «Sony» компаниясының бұрынғы президенті А. Морита «Жапонияда жасалған» атты кітабында «Біздің компанияның басты мақсаты -- сапа» деп жазған.

Қазіргі жағдайдағы маркетингтің басты мақсаты – адам факторы, бизнес әлемінде табысты дамып келе жатқан компаниялардың басшылары оны жандандыру мәселесі – фирма мен маркетингтің мұратына жету үшін керек маңыздылардың бірі деп санайды.

И. Ансофф, П. Друкердің ойынша, компанияның стратегиялық мәселелерін шешуде мақсаттардың бір ғана өлшемдеріне негізделуге болмайды, ол мақсаттарды жүзеге асыруға теориялық және тәжірибе жүзінде кедергі болады. Олардың айтуынша, пайда алушы ұйымның бір ғана мақсаты болмауы керек, оның бір бұтағы фирманың пайдасы болатындай мақсаттар «векторын» пайдалану керек. Мақсаттар баламасы ретінде олар компанияның таза ағымдық құнын, фирманың нарықтық құнын барынша көбейтуді (максимилизациялауды) ұсынады.

Пайда алу фирманың қысқа мерзімде табысқа жетудің өлшемі болып табылады және ол ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруда жарамсыз. Жаңа технологиялық шешімдердің пайда болуы, компания капиталындағы қажеттіліктердің өсуі, ұйымның бағдарлық құндылықтарын қайта бағалауы фирма мақсаттары тұжырымдамаларының кеңеюіне әкелетін ұзақ мерзімді негізгі проблемаларды алға шығарады. Сондықтан ұйымдағы әр түрлі топтардың (менеджерлер, жұмысшылар, акционерлер, жабдықтаушылар) бір – біріне сәйкес келмейтін мақсаттарды топтастыратын және олардың арасында тепе – теңдік құратын «мүдделі топтардың мақсаттары» атты теория пайда болды. Бұл жағдайда фирма әрбір топтың мүддесін ескеретін, өзара ықпалы бар мақсатын алға қоюы керек.

Әр түрлі компаниялардың мақсаттары бірдей бола бермейді, әйтсе де олардың арасынан ең негізгісін саралап, сонымен бірге арадағы (промежуточные) мақсат болып табылатын екінші деңгейдегі мақсаттардың бәрін бір тізімге біріктіруге болады. Кейіннен сыртқы ортаны маркетингтік талдау нәтижесінде және фирманың бәсекеге қабілетін, сондай – ақ ол қабілетті арттыру жолдарын анықтағанда, бұл мақсаттар түзетілуі мүмкін.

Нарықтық қатынастардың дамуының алғашқы кезеңінде қазақстандық кәсіпорындардың маркетингінің басты мақсаты – компанияны сақтау болды.  

Маркетингтің типтік мақсаттары

Саясатқа қатысты фирма мақсаттары

Маркетингтік мақсаттар

Тұтынушының сұранысын ең көп шамада қанағаттандыру;

Нарық үлесін ұлғайту;

Пайданы өсіру;

[pic 1][pic 2]

        

Өнім жөніндегі мақсаттар

Сапаны басқару жүйесін жасау;

Буып – түю, орау дизайнын жақсарту;

Жаңа тауарларды әзірлеу;

[pic 3]

Баға жөніндегі мақсаттар

Бағаны төмендету;

Бағаның өсуі;

Икемді бағаларды қолдану;

[pic 4][pic 5]

        

Өткізу бойынша мақсаттар

Сатуға тиімді жол іздеу;

Фирмалық дүкен ашу;

Делдалдар жүйесін кеңейту;

...

Скачать:   txt (24.4 Kb)   pdf (160.9 Kb)   docx (30.3 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club